Өлең, жыр, ақындар

Абдулхамид екіншінің жарлығы

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1785
Туды-өлді
Туды-өлді ұл тағы.
Түнек тірлік.
Атпай қойды құл таңы.
Өзі түгіл,
Сөзін қамап халықтың
Жарлық берді Түркияның сұлтаны.
— Сақ болмасам патшамын мен несіне?!
Тақ болмаса,
Бақ болмайды несібе!
Демокрит аталмасын,
Аталса
Демократия түседі елдің есіне!
Мен сенбеймін адам түгіл қойыңа!
Құлақ керек әрбір көше бойына.
Динамо деп айтпаңыздар,
Айтсаңдар,
Динамитті салады елдің ойына!
Ұнатпаймын әңгіменің бұлтаңын!
Атырмаймын!
Атырмаймын құл таңын!
Өлтірсеңдер сахнада
Өмірде
Көбейеді өлтіруші сұлтанын!
Кеш айтқанша ерте айтыңдар ойбайды!
Ойбай! Ойбай!
Кім өліммен ойнайды?!
Сөз соңына қойылмасын көп нүкте,
Көп нүктені бостан-босқа қоймайды!
Осы арада талай ойлар үзілген.
Бағып келем,
Бағып келем ізіңнен.
Көп нүкте деп бекер оны ойлайсың,
Көп нүкте емес —
Бытыра ғой тізілген!—
Ажыратып сөзді ойдың тінінен.
Аяр сұлтан тынған емес мұнымен.
Әрбір сұрақ қылыш болып салбырап,
Қаламгерлер көз ілмеген түнімен.
Шетсіз-шексіз оған деген кек тіпте.
Қарғыс жаусын сұлтандыққа,
Бектікке!
Ол туралы елдің не деп айтқанын
Жаза алмаймын,
Қоямын тек көп нүкте!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хайроллаға

  • 0
  • 0

Өмірдегі не бір жайсаң,
Қасқаның,
Қарап тұрсаң,
Ғұмырлары қас қағым.

Толық

Бірте-бірте айқындалып әжімім

  • 0
  • 0

Бірте-бірте айқындалып әжімім,
Қажыдым-ау,
Қажыдым-ау,
Қажыдым.

Толық

Қызығамын ғашық болған қос гүлге

  • 0
  • 0

Қызығамын ғашық болған қос гүлге.
Ғашықтарда болмас кейде ес мүлде!
Елу жылды сыйғызады махаббат
Бес-ақ жылға, –

Толық

Қарап көріңіз