Өлең, жыр, ақындар

Революция семсері

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1395
Революция бұлбұлдары сайраған
«Марсельеза»— менің пірім,
Байрақ ән.
Қиындықтың шар қайрағы от шашқан
Феликсті алдаспандай қайраған.
Жалын жұтқан,
Алау кешкен замандас,
Ескерткіштің тұр алдында жалаң бас.
Сөзі де өткір,
Өзі де өткір Феликс
Болатұғын барып тұрған ақ алмас.
Аман болса ар-ожданның бесігі,
Ұмытылмас ұлы перзент есімі.
Ойылатын
Көзі түссе Феликстің
Темір торлы түрмелердің есігі.
Қос өкімет,
Екі тамыр,
Екі ұрық
ВЧКада алды қатар отырып.
Феликстің бірақ отты көзінен
Өртеніп-ақ кететін-ді өтірік.
Өтер уақыт
Миллион күн,
Мың апта.
Мәңгі қалар қыран үні құлақта.
Өлген соң да
Революция семсері —
Табытта емес —
Жатты қызыл қынапта!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Саулық берсін жасыңа

  • 0
  • 0

Саулық берсін жасыңа,
Кәріңе де.
Жазылмайтын дертім бар дәріңе де.
Сыртым бүтін болғанмен,

Толық

Керегі жоқ алтынның

  • 0
  • 0

Керегі жоқ алтынның,
Күмістің де.
Өніп жатса болғаны жұмыс күнде.
Бірақ кейде

Толық

Ақылды Тоқылдақ

  • 0
  • 0

— Көк-ек,
Кө-кек,
Кө-кек!— деп,
Күні бойы секектеп,

Толық

Қарап көріңіз