Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Жекен Жұмақан «Ақ боран»

Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова Ұлтуар Жакановна

Жұмыс орны: Текелі қаласы «№ 5 орта мектеп» КММ

Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі

Санаты: жоғары 

Пән: Әдебиеттік оқу 4 сынып                                                                              

Сабақтың тақырыбы: Жекен Жұмақан «Ақ боран»

Бөлім

Тапсырма

Деңгейлік тапсырма

Білім: Оқушыларды Ж.Жұмақановтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру;

«Қар ұлпалары»арқылы шағын топқа бөлу.

Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.1топ-«Мұз», 2топ-«Аяз», 3 топ-«Боран», 4 топ-«Қар».

Әр топтан топ басшысы топтарға жылы лебіздер айтады

Шағын топтарға жұмбақтар беріледі.

Сұрақтар қою:

1.Дегелең өлеңінде Бекетай неге үй ішін әуреге салды?

2.Дәрігер Бекетайдың істеген қулығын білді ме?

3.Бекетайдың ісіне баға бер?

Түсінік: Ж.Жұмаханов туралы түсінік беру.Әңгіменің мазмұнын алу. Негізгі кейіпкерлерді айқындай отырып,идея-ның мазмұнын түсіну.

Боранның ысқырып соққан үнін интербелсенді тақта арқылы оқушыларға тыңдату. Жұмбақты шешу арқылы аттарын қою.

1.Суда қалқиды,

Жылыда балқиды.(Мұз)

2. Таусылмайтын ақ мақта,

Қысы — жазы тау жақта. (Қар)

3. Тоңғақты таниды,

Беті — қолын қариды. (Аяз)

4. Көрінбейді өзі,

Айтатын жоқ сөзі.

Ысқырып тұрады,

Серуен құрады. (Боран)

Ауызша сұрақтар:

1.Қандай дыбыс естідіңдер?

2.Ненің дыбысы деп ойлайсың?

3.Қай мезгіл елестеді?

Қолдану: бағыт -бағдар бере отырып, өзіндік жұмыс істеу,ой өрісін дамыту,білім, іскерлік дағдыларын дамыту,қалып-тастыру

 

 Мәтінмен жұмыс:

1.Мәтінді оқып шығу.

2.Түртіп алу «+», «-»

3.Сөздікпен жұмыс жасау.

4.Бөлікке бөлу.

5.Әрбір бөлікке ат қою.

6.Бөліктерді төрт топқа бөліп беру.

Сөздік жұмыс:

Ышқынады- қатты соғады.

Екіліне- желдің екпінді соғуы.

Бүлкек – аттың желіп жүруі

Талдау:Өзіндік талдау жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру

«Бәйге» әдісі бойынша жұбына әңгімелеу.Топта талдау,топтарға сұрақ дайындау.Басқа топқа барып әңгімелеу.Қысқаша мазмұнын айту

Бөлінген бөліктер бойынша тапсырмаларды орындау

Постер жасау

1-топ:Өз бөлігі бойынша графикалық сурет салу,түсіндіру.Қысқа тән болжамдар айту.

2-топ: Қыс бейнесін салу.Мақал айту.

3-топ: Кесте толтыру.Қасымға мінездеме беру.

4-топ: Мәтінге композиция құру

(Сұрақтарға жауап бере отырып)

Жинақтау:сабақтан алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету.

Сұрақтар:

1.Қасым неге қыста үйіне бара алмады?

2.Мәтіннен  қыс бейнесін ата.

3.Қасым қалай өз бағытын анықтады?

4.Алыстан бір қараның көрінуі.

5.Табиғат бейнесін адам кейіпте суреттесе оны қалай атайды

1-топ: Түнде жапалақ-жапалақ қар жауса,ертемен жел көтеріліп, ақ түтек, ақ боран ышқынады.

2-топ: Кеше ғана күн ашық еді, даланы жапқан ақ көрпе күмістей жылтылдап, көзге шағылысып,шығармақ болып тұрған.

3-топ: Аяғын жылыту үшін аттан түсті, жиренді жетелеп,домалана аяңдап,біраз жаяулады, үйіріле соққан жел мұны бірнеше рет құлатып кете жаздады.

4-топ: Тебініп қалып,желе жөнелді,жирен басын төмен салып,ызғырық боранды сүзе,қайта-қайта пысқыра береді.

Бағалау:

Оқушының кері байланысы Оқушы бүгінгі сабақта не ұнады, не ұнамады кері байланыс жазады.

Үйге тапсырма:

155-157 бет оқу. Тақырып бойынша сурет салу.

 


Пікірлер (1)

Жанерке

Рахмет көп көп

Пікір қалдырыңыз