Өлең, жыр, ақындар

Шәкәрім Құдайбердіұлы “Еңілік –Кебек” дастаны

12.03.2015                                                    Қазақ әдебиеті  пәнінен 10 «а» сыныпқа арналған сабақ жоспары

1

Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім  Құдайбердіұлы  “Еңілік –Кебек”  дастаны

2

Жалпы мақсаттар:

  1. Поэмадағы ең негізгі мәселелер мен ең негізгі тартыстарды қарастыра   отырып, феодалдық әдет-салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту;
  2.  Өз бетінше және топпен білім алу дағдысын қалыптастыру, талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына, өз пікірін жеткізіп айтуға үйрету;
  3.  Адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулу, махаббат сезімін қадірлей білуге үйрету, туған жерге, ана тілге деген сүйіспеншілікті қастерлеуге баулу;

3

Оқытудың нәтижесі:

-Шәкәрім   шығармашылығы  туралы жалпылама мәлімет біледі;

-«Еңілік-Кебек» дастанының  тақырыбын ,идеясын, кейіпкерін,толғаныс пен тебіренісін таниды;

-Оқушылардың шығармашылық ойы дамиды.

4

Негізгі дерек көздері:

АКТ, постер, маркер мен стикерлер, оқулық, жұлдызшалар , слайд

 

Кіріспе

Мұғалімнің іс- әрекеті 

Оқушының іс-әрекеті 

Оқытуды бағалау

Уақыт

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу,Түгелдеу

Оқушылар назарын сабаққа аудару

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушылардың көңіл –күйлерін байқау мақсатында аралға сапар шегу

 Екі топ болып бөліну  қима қағаздар арқылы бөлу (ақ, көк)

1-топ –тарихшылар
2-топ –әдебиеттанушылар

Мұғаліммен амандасып, топқа бөлініп, орындарына отырады. Өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.

Смайлик арқылы

1минут

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Алты ойшыл қалпақ әдісі»

 

1.Ақ қалпақ-цифрлар арқылы жаңа мәлімет береді

2.Сары қалпақ- позитивті жақсы жақтарын айту.

3.Қара қалпақ-осы тақырыптың жағымсыз қара жақтарын айту

4.Көк қалпақ- Қорытынды жасаңыз

Оқушылар өздерінше ойлап өзінің ғана пікірін айтып, үй тапсырмасын қорытындылайды.

Смайлик

 арқылы

2 минут

ІІІ. Топтық  тапсырма

 

 

Шәкірім Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастанына  байланысты  бейне  таспа  көрсету.

Екі топқа  осы бейнетаспаны  көріп  болған  соң  тапсырма беру арқылы постер  қорғау.

 Топтық  тапсырма:

     1-топ –тарихшылар: Тарихшылар поэманың қысқаша жазылу тарихы мен мазмұнына талдау жасап, поэманың кіріспе бөліміндегі тарихи кезеңді әңгімелейді.

2-топ –әдебиеттанушылар : Әдебиеттанушылар поэмаға жалпы талдау жасау үшін шығарманың композициялық құрылымына, кейіпкерлерге сатылай кешенді талдау жасайды, өлеңге, өлеңнің тіліне жалпы талдау жасайды, өлеңді ажарлайды, өлеңдегі құбылтуды талдап, айшықтауды табады.

 

•      1-топ –тарихшылар  жауабы:

          «Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранитцемент,құмалебастрәкжоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.

2-топ –әдебиеттанушылар  жауабы  :

1.Дастанның атауы

«Еңлік-Кебек»  дастаны.1891 жылы жазылған.

Авторы

Ш.Құдайдердіұлы  ШҚО,  Абай  ауданы, Шыңғыстауының  етегінде  1858  жылы  11  шілдеде  дүниеге келген.  Оның  «Жастарға», «Насихат», «Қулар», «Ғылымсыз адам хайуан», «Шын  сырым»  атты  шығармалары  бар.Ақын 1931жылы  2  қазанда  73  жасында  қастандық   құрбаны  болды.

Дастанның тақырыбы

Екі  жас  арасындағы  махаббат,  әйел   теңсіздігі.

Шығарманың 

негізгі   идеясы

Бұл  дастанның  идеясы  ─ескіліктің  бұлжымас заңын,  көрінісін  және  ру  арасындағы  кикілжіңін  суреттеп көрсете  білуі.Қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық.

Тәрбиелік  мәні.  

Адал  махаббатқа, сүйіспеншілікке  тәрбиелейді..

Жанр  түрі 

поэзия (дастан).  Дастан ─ (парсы  сөзі  тарихи әңгіме,  ертегі,   батырлар  жыры)  Таяу  және  орта  Шығыстың, Азияның  әдебиеті  мен  фольклорындағы  эпикалық  жанр,  өлең түріндегі  оқиғалы  шығарма.эпикалық-ғашықтық дастан.

Шумақ

3  шумақты.  (  Жалпы  131  шумақты)

Тармақ 

Тармақ ─ өлеңнің  әр  жолы.  4  тармақты, барлығы

Бунақ

белгілі  бір  дауыс  ырғағымен  бөлінуі. 3  бунақты.

Буын  саны 

сөздің  құрамындағы  дауысты  дыбыстардың санына  байланысты.  11-12  буынды.

Ұйқас  түрі

(-а- а- б- а)  қара  өлең  ұйқасы.

 

                           

 

 

 

Поэманың  композициялық – сюжеттік құрылысы

                              Поэманың  композициялық – сюжеттік құрылысы

Экпозиция

Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы

 

Оқиғаның басталуы

Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

 

Оқиғаның  дамуы

Кебек  пен Еңліктің байланысы 

 

Оқиғаның шиеленісуі

Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

 

Оқиғаның шарықтауы

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы

 

Оқиғаның шешімі

Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы

 

             Кейіпкерлерге сатылай талдау:

Кебек –бас кейіпкер, Тобықтының батыры, уәдеге берік, ержүрек батыр.

Еңлік –Матай руынан, бай Сыбанның ынжық баласына айттырылған,  батыл.

Нысан абыз –балгер.

Кеңгірбай –Тобықтының биі, ақылды, әділ би, дала

   заңына бағынып, қатал үкім шығарушы.

Көбей –Жүзбенбет деген таптан шық-  қан кісі, әрқашан Кеңгірбай бидің жұмбақ сөзін сол шешкен.

Тұлпары –Қозыкүрең

Жырдағы әдет-ғұрып, салттар: жақынынан қыз алмау, уәдеге беріктік, қалың-  Мал беру, қызды алып қашу, құда түсу, аңшылық, құсбегілік, қонақ күту, ұрын  Келу

Жер-су атаулары: Хан, Шыңғыс бөктері, Хақан өзені, Мұғажар, Орда, Ащысу, Таймақ пен Ералы

 Сабақты қорытындылау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы

Сабаққа  ең  жақсы  қатысқан  топтардың  ішінен үш оқушыны таңдап алып, соларға сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.       

Әр  топтан  бір  оқушыдан  шығып,  ыстық орындыққа отырып , оқушылардың  қойған  сұрақтарына жауап береді.

 

         

Жинақтау кезеңі
(жалпы топ)

«Нысана» әдісі арқылы білімдерін жинақтау

Оқушылар Бұл бөлімде нені білетінін, нені білгенін ,алдағы уақытта нені білгісі келетінін жазады.

 

 

Үйге тапсырма

 

«Біздің бойымыздан Еңлік пен Кебектегі асыл қасиеттер табыла ма?» тақырыбында ой толғап жазыңдар.

Балалар үй тапсырмасын  күнделіктерін ашып белгілеп алады 

 

 

                 

 

Сау  болыңыздар!

 

Батыс  Қазақстан  облысы

Теректі  ауданы

Шаған  жалпы  орта  білім  беретін  мектебі.

 

Сабақтың  тақырыбы:

Шәкәрім  Құдайбердіұлы  “Еңілік –Кебек”  дастаны

(10 “а” сынып)

 

Орындаған: Ханов  Ш.У

 

 

 

 

 

14.03.2015 оқу жылы

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз