Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.

Сабақтың тақырыбы:  Шибұт,  Қылмойын, Қарынбас.

Сабақтың  мақсаты:   Оқушылардың  ертегі  түрлері  туралы  білімдерін  толықтыру.

                                 Танымдық білім, білік  дағдысын  дамыту.

                                 Достыққа ,еңбекті сүюге  тәрбиелеу.

Сабақтың   әдісі:  Сто, диалог, рольдік  ойын.

Сабақтың  көрнекілігі:  суреттер: суреттер, сызба, кеспе кағаздар, слайд

Сабақтын барысы:

I.Ұйымдастыру

1. Топқа бөлі

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оң жақтағы көршіге,

Сол жақтағы көршіге

Қайырлы таң дейміз

Содан кейін баршаға 

Сәттілік біз тілейміз!

3. Өткенді еске түсіру

Сақина ертегісінің кейіпкерлері кім?

Тауық шаруаға не деді?

Зергер қандай адам?

Сақина шаруа өміріне қандай өзгеріс әкелді?

Егер осы сақина сенің қолыңа түскен болса, не тілер едің?

Осы ертегі бойынша қандай сурет салар едің?

Оқыған ертегілерін жүйелеу

1 - топ - Жануарлар туралы ертегілер

2 - топ - Қиял - ғажайып ертегілер

3 - топ - Шыншыл ертегілер

3. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Оқулықтағы суретке қарап отырып келесі ертегіні білу.

II. Тұсаукесер

Диалогтік оқыту әдісі

-Тағы бір ертегі оқығыларың келе ме?

-Суретке бейнеленген кейіпкерлердің басынан өткен оқиғаны білгіміз келе ме?

-Олай болса, ертегіні мұқият тындайық.

III. Негізгі бөлім

1.Ертегіні алғашқы оқу 

2.Әр топтан 1 оқушыға бөлімге бөліп оқыту

3.Дәптермен жұмыс(сөздік жұмыс жүргізу)

Жан тапсыру-қайтыс болу,өлу.

Мүрдем кету-өлу,өліп кету.

4. Топтық жұмыс сурет бойынша кейіпкерді сипаттта

1-топ-Шибұт

2-топ-Қылмойын

3-топ-Қарынбас

5. Рольдік ойын

Ертегіні сахналау (3 - топ та ертегіні сахналайды)

6."Ой қозғау"

"Ұрлық түбі-қорлық" деген мақалдың ертегідегі оқиғаға қатысты екенін әңгімеле.

IV. Қорытынды бөлім

1.Сабақтың басты сәттеріне тоқтала отырып,"Бағдаршам көздері арқылы" оқушылармен кері байланыс орнату.

2.Бағалау парақшалары арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау

3.Үйге тапсырма "Шибұт,Қылмойын,Қарынбас" ертегісін мазмұндау


Пікірлер (1)

Жанар Жолдасбекова

Осы ертегинин матини бар ма

Пікір қалдырыңыз