Өлең, жыр, ақындар

Ағылшын тілін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі

Биназарова Сауле Ташкенбековна

Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта

мектеп коммуналдық мекемесі

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

 «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен  байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н. Ә. Назарбаев    

 

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Ал, білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірбиелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы керек.                 

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Соныдықтан мен  проблемалық тақырыбымды «оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және білім сапасын көтеру.» деп алдым.

        Негізгі көздейтін мақсатым:

  • Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру
  • Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету
  • Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту

Міндеттері:

  •   Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
  •  Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру
  •  Оқушылардың өз бетімен білім алуына көмектесу

Күтілетін нәтиже:

  1. Қызығушылықты оятады
  2. Сабақ беру әдісі өзгереді
  3. Оқушылар ізденуге үйренеді
  4. Уақыт тиімді пайдаланылады
  5. Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз
  6. Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу біліктіліктері артады.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің  іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар,  суреттер. Күрделі құралдар: аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық  кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық  жүйе.Бұл технологияларды әсіресе шет тілін үйренуде  пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың  мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни, өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы әбден мүмкін.Қазіргі таңда жаңа ақпараттық  технологияларды  оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр.                                            

Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады.  Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген.  Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.   Компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын  қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде тереңқолдану.
Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.
Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.  АКТ-ның  керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Сонымен қатар АКТ-ны  қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Ал, электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

  Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген мұғалімдер видеофильм, мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр, бірақ шетелде болмай сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Ағылшын тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео - көріністер, презентациялар және т. б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

-Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

-Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

-Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

-Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

-Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін тәжірбиемен ұштастырады;

-Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

   Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Мысалыға  алатын болсақ 5-сыныпта «The time» (Кембридж), 6-сыныпта «Will people live on the Moon?» (Аяпова) тақырыптарында өтілген сабақтарымда слайд жасап, жаңа сөздерді, сағатты, дұрыс жауаптарын, сонымен қатар сергіту сәттерінде, т.б электронды оқулықтардан, интернет жүйелерінен оқулыққа қосымша ретінде материалдар алсам, 5-6 сыныптармен бірлесе,сабақтан тыс«Cinderella» тақырыбындағы қойылымда  оқушыларымның қойылымды жақсы түсінулері үшін  өздеріне интернеттен, DVD дискілерденқарап, ізденіп келулеріне, сонымен бірге әр бөлімнің музыкаларын тауып келулеріне тапсырма бердім. Нәтижесінде оқушыларым берілген өз рөлдерін жақсы сомдап шыға алды деп ойлаймын.  5-сыныпта Кембридж оқулығы бойынша extra reading «Kazakhstan» тақырыбында тек тест берілгендіктен қосымша интернет жүйелерінен, электронды оқулықтардан іздене жүріп “My Motherlandis Kazakhstan”тақырыбында сабақ өттім.

 

Theme:      “My Motherlandis Kazakhstan”

The aim:    to develop pupils’ intellect, to practice hearing, speaking, to memorize and retain in memory the language material they have learnt. 

Visual aids:  slides, placards, markers, a computer, an interactive board, pictures. 

Epigraph:“I’m a part of the world,

                   And the world is a part of me”

Teacher: Good morning, dear pupils, teachers and guests! Welcome to our intellectual show game! We are glad to see you and we hope that you’ll enjoy today’s game.

Organization moment

Before beginning of our game let me introduce with the members of the juries. They are

1.

2.

3.

Well, we begin our game and let’s meet our participants. There two teams

  • 1team___________________
  • 2team___________________

 

  • Where do you live?
  • Where do you live?
  • No tell me, please
  • Where do you live?
  • I live in Kazakhstan
  • I live in Kazakhstan
  • I live in Kazakhstan
  • That’ s where I live

I. Well let’s continue our game the first tour is “Spelling Bee”. I’ll give you some words; you should spell the word and translate it into native language.

The words for the first team:

1. Capital 2.village 3.independens Day 4.democratic 5.mountain 6.an anthem       7. Theflag  8.education

The words for the second team:

1. Independent 2.city 3.river 4.population 5.republic   6. An emblem 7.History 8. Compulsory

II. “Believe or not believe” Please listen the questions attentively and answer for this questions

 “Yes/No” question

                   I team:

1. The primer-minister is the head of Kazakhstan. (No. it’s president)
2. The colour of Great Britain’s flag is white. (No. It’s blue and red)
3. Christmas is celebrated on the December 25. (Yes)
4. The dombyra is the Kazakh national instrument. (Yes)
5. The capital of England is Paris. (No. It’s London)
6. Double Decker is the name of the London bus. (Yes)
7. “BAD” is the antonym to the word “GOOD”. (Yes)
8. Friday comes after Sunday. (No. Monday comes after Sunday)
9. William Shakespeare is the author of “Romeo and Juliet”. (Yes)
10. “C” is the third letter of the Alphabet. (Yes)

II team:
1. The head of Kazakhstan is President. (yes)
2. The colour of our state flag is white. (no. it’s blue)
3. The book is the source of knowledge. (yes)
4. Halloween is celebrated on the night of October 31. (yes)
5. Hockey is the most popular British sport (no, it’s football)
6. The capital of USA is London. (no, it’s Washington)
7. Great Britain consists of 4 parts. (yes)
8. Paris is the capital of GB. (no. Paris is the capital of France)
9. Big Ben is the clock. (yes)
10. “B” is the second letter of the Alphabet. (yes)

III.Our 3rd tour is called “Answer the question”. Here you should answer the questions about history of Kazakhstan

Questions in History:

I team:
1. What holiday we celebrate on the 16th of December?
We celebrate the Independence Day on the 16th of December.
2. Who is the president of our Republic?
The president of our republic is N.A.Nazarbaev.
3. What can you say about the population of the Republic?
The population of Kazakhstan is about 16 million.
4. What kind of Republic of Kazakhstan?
Kazakhstan is a democratic and independent republic.
 

II team:

1. What do you think about education?
Education is compulsory for all children in Kazakhstan.
2. What symbols of Kazakhstan do you know?
The main symbols of Kazakhstan are the State Flag, the State Emblem, the State Anthem. 
3. What’s the capital of Kazakhstan?
The capital of Kazakhstan is Astana.
 4. Named the main rivers of Kazakhstan.
The main rivers are -4. They are Irtysh, Syr-Darya, Ile and Ural.
IV. “Who is quicker?” Here you should translate, make true words as more as you can.

Make the sentences complete, using the words below.

  1. Kazakhstan is situated in _______________________________________..
    2. Our republic is ______________________ state.
    3. The President of Kazakhstan is ____________________________.
    4. There are __________________ regions in the territory of Kazakhstan.
    5. The largest river in Kazakhstan is ____________________________.
    6. Astana is a ______________________ of Kazakhstan.
    7. The state languages of our republic is _________________________..
    8. Almaty is a _____________________________ center in our republic.

Cultural, Asia, independent, Kazakh, capital, fourteen,  Nazarbayev, Irtysh

V. To work with test

 

Our game is over. Thanks for your attention.  Now, please our juries count the scores of the teams.

The winner is the team______________________

 

 

Қорытынды

 

Алдын-ала слайд түрінде жасалған сабақтың мүмкіндіктері де молшылық екенін байқағандаймыз. Мұның барлығы да мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты деп есептеймін. Мысалы, деңгейлік үлестірмелі тапсырмаларды оқушыларға ұсынатын болсақ, бірінен екіншісіне ауысқанша біраз уақытты қажет етеді. Ал оларды интерактивті тақтаға алдын ала енгізген жағдайда оқушылардың көз алдында үлкен көлемде көрсетіліп тұрады.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқытушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады деп сенемін.

Алдағы уақыттарда әрдайым ақпараттық технологияларды  сабақтарыма кіріктіре отырып өтуде оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін қалыптастырамын деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.www.cpm.kz

2.Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты  республикалық  ғылыми  конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №33.  С. Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс  жасау. Әдістемелік құрал.-Алматы,2008ж.

4. Г. Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6

5.С. Шолпанбай Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану заман талабы. Мектептегі шет тілі,  2010ж. №3

6. Интернет жүйелері

7. 5-6 сынып оқулықтары

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар