Өлең, жыр, ақындар

Жақсылық жасай білеміз

Қызылорда қаласы 

№212 мектеп-гимназиясының

өзін-өзі тану пән мұғалімі

Садықова Шаттық Жанділдақызы

 

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Тақырып: Жақсылық жасай білеміз

Сыныбы: мектепалды даярлық тобы

Құндылық: қиянат жасамау Қасиеттер: бауырмалдылық, сыйластық

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:кітап,дәптер, түрлі-түсті қалам (құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
  2. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Өздеріңнің тыныстарыңды бақылап, бақытқа махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.ал енді көздеріңді ашыңдар.
  3. Үй тапсырмасын тексеру.

 

  1. Дәйексөз.

«Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі»

 

  1. Әңгімелесу (сұхбат)

Сабақ тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.

 • Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
• Жақсылық жасау деген не?
• Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
• Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

 

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жақсылық пен жамандық әңгімесі

 

  1. Топпен ән айту.

Ө. Ақыпбековтың «Өзін тану» өлеңін бірлесе айтайық.
Жақсы болу - өзіңнен, “
Жаман болу - өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын?” деп ойла
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
“Өзіңді тану” пайдасы.

 

  1. Үй тапсырмасы.

Жақсылық пен жамандық туралы әңгіме

 

  1. Соңғы тыныштық сәті.
  2. Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар. Өздеріңнің тыныстарыңды бақылап, бақытқа махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.ал енді көздеріңді ашыңдар.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз