Эссе және өлең-жыр байқауы

Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу

Алматы қаласы Жетісу ауданы №3 ЖББ мектептің
физика пәні мұғалімі Мамбеталина Айгерим Тулеуовна 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: №3 ЖББ мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Мамбеталина А.Т

 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

            7.2.1.4. – қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу.

Сабақ мақсаттары

Жылдамдық пен орташа жылдамдықты есептеуді үйрену;

Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіру;

Бағалау критерийлері

Жылдамдық және орташа жылдамдықтың формулаларын қолданып есептер шығара алады;

Скалярлық және векторлық шамаларды ажырата алады;

Тілдік  мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

Орын ауыстыру, жүрілген жол, арақашықтық, жылдамдық, орташа жылдамдық, уақыт

Ағылшынша

Қазақша

Орысша

Mechanical movement

Механикалық қозғалыс

Механическое движение

distance

қашықтық

расстояние

displacement

Орын ауыстыру

перемещение

time

уақыт

время

velocity

Жылдамдық

Скорость

Average velocity

Орташа жылдамдық

Средняя скорость

 

Құндылықтарды дарыту

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету, деңгейлік есептер шығару арқылы математикалық дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Интер белсенді тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Ұйымдастыру кезеңі. Жылдамдық, орын ауыстыру, уақыт атты топтарға бөліну.

      «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу

  http://st.gde-fon.com/wallpapers_original/576980_skorost_tsvet_gonka_velosport_velosiped_vektor_1920x1200_www.Gde-Fon.com.jpg  https://img.fonwall.ru/o/73/lambordjini-doroga-skorost-spoyler.jpg

 

  Жылдамдыққа мысалдар келтіру.

 

  Сыныппен жұмыс. Жаңа сабақты түсіндіру.

Денелердің қозғалыстарын бақылай отырып, белгілі бір қашықтықты әртүрлі денелер әртүрлі уақытта жүріп өтетінін білеміз. Екінші сөзбен айтқанда, белгілі бір уақыт ішінде әртүрлі дене әртүрлі жол жүреді. Расында да, 1 минутта адам 100 метрдей жол жүрсе, Жер серігі осы уақыт ішінде 500км, ал жарық сәулесі 18 миллион км қашықтыққа самғайды.  Міне, сондықтан денелердің қозғалыстарын салыстыру үшін қозғалыс жылдамдығы деген ұғым енгізіледі. Бір өлшем уақытта жүрілген жолды жылдамдық деп атайды.

 

V= s/t (жылдамдық)

 s=vt   (орын ауыстыру)

t=s/v   (уақыт)

 

Презентация

Суреттер

 

 

 

 

 

 

Физика оқулығы, 7 сынып, Атамұра, 2017 жыл

Сабақтың ортасы  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту.

    «Кім жылдам?»

Есептер шығару

  1. Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен есептеп табыңдар.

  2. 750 км/сағжылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?

  3. Күннен Жерге дейінгі қашықтық шамамен 150 млн км. Жарық жылдамдығы 300 000 км/с. Жарық Күннен жерге қанша уақытта жетеді?

  4. Дене t1=20c уақыт ішінде v1=20 м/с жылдамдықпен және t2=20с уақыт ішінде v2=30 м/с жылдамдықпен қозғалды. Орташа жылдамдықты табу керек.

Сәйкестендіру

Оқушылар кестеде берілген формулалар мен анықтамаларды сәйкестендіреді.

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

«Ойлан- жұптас – бөліс»  әдісі арқылы жаңа сабақты бекіту. Тақырыпқа қатысты сұрақ қойылады. Оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап  жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп ең үздік деген  жауаптарын біріктіреді. Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі.

 

Физика оқулығы, 7 сынып, Атамұра, 2017 жыл

 

 

 

 

 

 

 

Видеожазба

 

 

Сабақтың соңы Үйге тапсырма:

10 параграфтарды оқу.

Жаттығу 2.1

Практикалық тапсырма

 7-сынып оқулығы «Атамұра»  2017

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

Барлық  оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін  барлық оқушыда қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі: Материальдық нүкте, санақ жүйесі, нүктенің координаталары, траектория, жол және орын ауыстыру, дененің жылдамдығы ұғымдарын біліп бір-бірінен ажырата алады.

(1) Алдағы тақырыптың түсінуін.

(2) Үй жұмысының орындалуын.

(3) Жаңа тақырыпты меңгеруде пікірталастарға қатысып отыруын.

(5) Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған есептерде ойлау операцияларын қолдануы.

 

 

 

Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.

Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс  жасауы, мұғаліммен біріге отырып  жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара , және мұғаліммен қарым қатынасын нығайтады,Олар өз пікірін айтуға дағдыланады.Тілдік дағдылары қалыптасады.

Сабақ бойынша рефлексия

 

C:\Users\User\Desktop\img100.jpg

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Пікірлер (1)

данагул

Куннен жерге дейнги кашыктык шамамен 150 млн. жарык жылдамдыгы 300000 км с. жарык куннен жерге канша уакытта жетеди?

Пікір қалдырыңыз