Өлең, жыр, ақындар

Қазақ хандығының құрылуы

Маңғыстау облысы  Маңғыстау ауданы
Шетпе селосы №7 мектеп-лицейі
ІІ санатты тарих пәні мұғалімі
Алпан Нұрлыхан Мұратқызы 

49-сабақ. Қазақ хандығының құрылуы

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

6.3 С Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы. 4 сағат.

Мектеп

49-сабақ Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақ хандығының құрылуы

Зерттеу сұрағы:

Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азияда тұңғыш ұлттық мемлекет болып есептеледі?

Сабақ мақсаты

Қазақтардың дербес мемлекеті құрылуының тарихи маңызын анықтау

Осы сабақтағы оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.9 – Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;

6.2.3.4 – М.Х. Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің маңызын түсіндіру.

Бағалау өлшемдері

Білу және түсіну дағдылары: Қазақ хандары Керей мен Жәнібектің мемлекетті нығайтудағы рөлін біледі;

Пайдалану дағдысы: М.Х. Дулатидың Қазақ хандығы құрылуы туралы еңбегінің маңызын түсіндіре біледі;

Сыни ойлау және талдау дағдысы: жаңа мемлекеттің бейбіт жолмен құрылуының алғышарттарын өз бетінше бөліп көрсетеді;

Синтез дағдысы: орта ғасырдағы мемлекеттің кемінде 4 белгісін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Картамен жұмыс, еліміздің орта ғасыр тарихының кезеңдерін біледі.

Пәндік лексика мен терминология: орталықтандырылған мемлекет

Құндылықтарға баулу

өз елінің тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу, оның қалыптасу кезеңдерін білу қажеттілігі

Пәнаралық байланыс

Ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындау, картамен жұмыс істеу арқылы география және дүниежүзі тарихы пәндерімен байланысты іске асыру

АКТ пайдалану дағдылары

Интерактивті тақта және таныстырылым жаңа сабақ материалдарын меңгеруге пайдаланылады.

Алдындағы білімдер

Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістер.

Қазақ халқының құрылуына әсер еткен тайпалар.

Тарихи тұлғалар:

Керей, Жәнібек, Әбілқайыр, Есенбұға¸ Мұхаммед Шайбани.

Үй тапсырмасы:

§40-41. Алғашқы қазақ хандарының өмірбаянын оқып, ФТ орындау. ФБ тапсырмалар жинағы, қосымша ақпаратты теріп алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басталуы Ұйымдастыру сәті

(1 мин.)

Білімді тексеру

 

Сабақ тақырыбын анықтау

(8 мин.)

Психологиялық ахуал: сәлемдесу

Үй тапсырмасының сұрақтарын талқылау: білімді, түсінуді, пайдалануды, талдауды тексеру.

Мемлекет дегенiмiз не? (Мына белгiлердi нақтылау қажет: аумақ тұтастығы, шегара белгiлерi, билiк аппаратын қалыптастыру.)

Қазақстан аумағында қандай мемлекеттер құрылып, өмiр сүргенiн еске түсiріңдер.

Жошы ұлысының құлауы барысында қандай мемлекет пайда болды? Шағатай ұлысы құлағанда пайда болған мемлекет. Ақ Орда құлағаннан кейiн қандай мемлекет пайда болды? ХV ғасырдың 50-жылдарының соңында Әбiлқайыр хандығының iшкi жағдайы күрделене түстi.

Бұл неден көрiнедi?

Слайд: тақырыбы, зерттеу сұрағы, мақсаттары

Сабақтың ортасы.

Жаңа материалды оқу

 

(10 мин.)

Білу мен пайдалану дағдылары негізінде жалпы талқылау барысындағы қазақ мемлекеттілігінің құрылу үрдісінің жалпы белгілерінанықтау:

1-топ. Керей мен Жәнiбек сұлтандардың көшiп кету себептерi неде? (тараулар бойынша жазу.)

2-топ. Бұл сұлтандарды Есенбұға нелiктен қабылдады және не себептi жер бөлiп бердi? (Тақырыпшалар бойынша жазу.)

3-топ. «Қазақ» терминiнiң қалыптасуын еске түсiру және жаңа мемлекет атауының шығуына түсiнiк беру.

Топтардың пiкiрталастары негiзiнде мемлекет құрылуы үрдiсi туралы пiкiр бiлдiру: ол қаншалықты бейбiт жолмен жүзеге асты? Мемлекеттiң құрылуына халықтың қай тобы мүдделiлiк танытты?

 2. ФТ: Алғашқы қазақ хандарының негiзгi саяси мiндеттерiн анықтау, сыни ойлау мен талдау дағдылары негізінде:

Дескрипторлар: оқушы мiндеттерiн анықтайды:
–  хан билiгi беделiн нығайту;
–  Керей мен Жәнiбек билiгi қоластына тайпалардың бiрiгуi;
–  Шығыс Дештi Қыпшақтағы Әбiлқайырға және оның iзбасарларына қарсы тұру;
–  Сырдария бойындағы қалаларды бiрiктiру үшiн күрес;
–  Күшейіп келе жатқан ойрат тайпаларынан қорғану.

3. Синтез дағдылары негізіндегі ФТ: Негiзгi мiндеттер маңыздылығын негiздеу неге байланысты болғанын түсiндiру. Дәлелдерді деректермен бекітіңдер.

1-топ – Сырдария бойындағы қалалар үшiн күрес;

2-топ – Орталық Қазақстанда Әбiлқайырға және

 

 

оның iзбасарларына қарсы тұру;

3-топ – хан билiгi беделiнiң нығаюы.

Дескрипторлар: оқушы

  –  Сырдария қалаларына мұрагерлік құқық дерегін келтіреді;
  –  Көшпелі өзбектер мен дала тайпалары арасындағы қарама-қайшылықтар дерегін келтіреді;
  –  Керей мен Жәнібектің жағына 200 мың жақтастарының шығу дерегін келтіреді.

Топтардың сөз жарыстарынан кейiн барлық мiндеттердiң өзара байланысы және олар кiмнiң мүддесiне орай орындалғаны туралы қорытынды жасалады. (Тек дала ақсүйектерi ғана емес, шаруашылықты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету және оның қауiпсiздiгiн ойлайтын халықтың көпшiлiк бөлiгiнiң мүдделерi орайластырылды.)

ФБ және КБ: Мақтау, Бағдаршам.

 

Жаттығу (2 мин.)

Жігіттер биі: Қара жорға.

Аудиожазба

Бекіту

ФТ: Мәтіндегі бос жерлерді толтырыңдар. Дұрыс жауапты көрсетіңдер.

Дескрипторлар: оқушы

− Қазақ хандығының құрылуы кезеңіндегі тарихи оқиғалар мен деректерді атайды.

ФТ. Тарихи дерек үзіндісін оқыңдар және сұрақтарға жауап беріңдер:

Дескрипторлар: оқушы

–  Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи деректің атауын көрсетеді;
–  «Тарих-и Рашиди» авторын атайды

ФТ зерттеу сұрағын шешу:

Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болып есептеледі ? Қазақ хандығы құрылуының маңызын көрсетіп, сызбаны толтырыңдар. Дескрипторлар: оқушы

 −  Қазақ хандығы құрылуның саяси маңызын анықтайды;
 −  Қазақ хандығы құрылуының әлеуметтік-экономикалық маңызын анықтайды;
 −  Қазақ хандығы құрылуының мәдени маңызын анықтайды.

ФБ және КБ: Өзара тексеру. Бағдаршам.

ФБ тапсырмалар жинағы

Сабақтың аяқталуы

(2 мин.)

Рефлексия: «Егер …?» тәсілі

Сұрақ: Қазақ хандығы ертерек немесе XV ғасырдың ортасынан кейінірек пайда болуы мүмкін бе еді?

«Егер…?» тәсілі «Егер…?» сөздерімен басталатын сұрақтар рефлексиясының кезеңіне кіруді көздейді. Бұл сұрақтар, екінші жағынан мәселеге жаңаша қарауға, оқиғалардың дамуына байланысты өз болжамдарын, өз ойларын ұсынуға мүмкіндік беріп, осы арқылы кенеттен болған қарым-қатынас тәжірибесін кеңейтеді, оқушылардың жорамалмен ойлауын дамытуға ықпал етеді.

 

 

Дифференциациялау

Бағалау

Денсаулық сақтау, ТБ

Түрлі деңгейлі топтар, сәттілік жағдайы

Формативті: сөзбен мақтау, түсініктемелермен.

Тапсырмалардың ауыстырылуы.

50-сабақ. Қазақ хандығының құрылуы

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

6.3 С бөлімі Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылуы – 4 сағат

Мектеп

50-сабақ Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақ хандығының құрылуы

Зерттеу сұрағы:

Неліктен Қазақ хандығы Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болып есептеледі?

Сабақ мақсаты

Керей мен Жәнібектің қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы орны мен рөлін анықтау

Осы сабақтағы оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау

Бағалау өлшемдері

Білу және түсіну дағдылары: Қазақ хандығының құрылуы туралы дәлелді деректерді біледі;

Пайдалану дағдысы: Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау;

Синтез дағдысы: Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібектің тарихи портретін жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Картамен жұмыс, Қазақ хандығы құрылуының кезеңдерін біледі.

Құндылықтарға баулу

Еліміз тарихындағы тарихи тұлғалардың тағдырына қызығушылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындау, картамен жұмыс істеу    арқылы география және дүниежүзі тарихы пәндерімен байланысты іске асыру

АКТ пайдалану дағдылары

Интерактивті тақта және таныстырылым жаңа сабақ материалдарын меңгеруге пайдаланылады.

Алдындағы білімдер

Қазақ хандығының құрылу үрдісін біледі

Зерттеу сұрағы:

Алғашқы қазақ хандарының негізгі саяси міндеттерін анықтаңдар, олардың маңыздылығына баға беріңдер.

Тарихи тұлғалар:

Керей, Жәнібек

Үй тапсырмасы:

Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібектің тарихи портретін жасау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

Қызығушы- лықты ояту кезеңі

(3 мин.)

Ұйымдастыру сәті.

мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін жариялайды.

жұмыс тәртібі: сабақтың әр кезеңінде бағалау өлшемдерімен танысу

№ 5 БЖБ ережелерімен танысу

Н.С. Бакина және т.б.

Қазақстан тарихы оқулығы 6-сынып. Алматы,

Атамұра, 2018.

Сабақтың ортасы

Ойлау кезеңі (5 мин.)

1-тапсырма. «Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары», «Білу және түсіну» дағдылары негізінде

Жаңа ұғымдармен жұмыс.

Дескрипторлар: оқушы

Қазақ хандығы құрылуының негізгі алғышарттарын атап көрсетеді. Қазақ хандығының құрылуы жайлы жазба

деректерді анықтайды.

2-тапсырма. «Керей мен Жәнібек сұлтанар жаңа мемлекетті құруда қандай рөл атқарды»,

«Пайдалану» дағдылары негізінде

алдындағы параграф

бойынша жұмыс

 

 

ФБ

тапсырмалар жинағы бойынша үй тапсырмасы

– оқулықтағы ақпарат пен үй кестесіндегі қосымша ақпаратты салыстырады.

3-тапсырма. Контурлы картаға XV ғасырға қарай өмір сүрген және Қазақ хандығының құрылуына қатысы бар мемлекеттерді түсіріңдер, «Сыни ойлау және талдау» дағдысы негізінде

Дескрипторлар: оқушы

Әбілқайыр мен Моғолстан хандықтарының аумақтарын көрсетеді.

 

 

 

Бұрын орындалған контурлы карталар

№ 5 БЖБ

Сыни бағалау

 

(20 мин.)

Оқушы:

 – тарихи оқиғаларды сипаттайды;
 – Қазақ хандығының құрылуын сипаттайды
 – картаға Қазақ хандығының аумағы мен қалаларын белгілейді;
 – Керей мен Жәнібектің мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды;
 – тарихи оқиғалардың хронологиялық бірізділігін анықтайды.

Жиынтық бағалау
бойынша әдістемелік
ұсыныстар Қазақстан
тарихы, 6-сынып № 5 БЖБ

 

Сабақтың аяқталуы:

(3 мин.)

Рефлексивті өзін-өзі бағалау:

Зерттеу сұрағына жауап ала алдық па?

Жапсырма

 

Өте жақсы

Күмәнданам

Орындай алмадым

 

 

 

 

Дифференциациялау

Бағалау

Денсаулық сақтау, ТБ

Түрлі деңгейлі топтар, сәттілік жағдайы

Формативті: сөзбен мақтау, түсініктемелермен.

Тапсырмалардың ауыстырылуы.

Жаңа тақырып.
 
А) Мұғалім әңгімесі. Керей мен Жәнiбектiң Көшпелi өзбектер мемлекетiнен көшiп кетуi Әбiлқайыр хандығының iшiндегi қарама-қайшылықтардың шиеленiсуi мен хан билiгiнiң әлсiреуi кезiндегi сұлтандардың қарсылығының бiр түрi ғана болды. Сонымен бiрге бұл қазақ мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуында және жаңа мемлекеттiң атауын анықтауда маңызды рөл атқарды.

Бiз деректерден хан билiгi мықтылығының хан саясаты оның қол астындағылардың мүдделерiне қаншалықты жауап бергендiгiне байланысты болғандығын көрсететiн бiраз мысалдарды кездестiремiз. Хандық билiк дала ақсүйек қауымының мүдделерiне қарсы келiп немесе оның құқықтарын шектеген кезде оған бағыныштылар билеушісінен кетiп қалған. Оларды өз мемлекетiнiң шектерiн тастап кетуге түрлi себептер: өзара қырқыстар, басшының жағымсыз қасиеттерi, билеушiнiң кек алуынан болған қауiп және т.б. әсер еттi.

Әбiлқайыр ханның орталық билiгiнiң құлдырауы және Керей мен Жәнiбектiң көшiп кетуi не себептен болды? 1457 жылы Сығанақ маңында Әбiлқайыр ойраттардан жеңiлдi. Осыдан кейiн оның беделi мүлдем түстi. Хан ойраттардың баса-көктеп кiруiнен зардап шеккен иелiктерiн ретке келтiруге мәжбүр болды, салықтар мен мiндеткерлiктер өстi. Мұның бәрi қол астындағылардың негiзгi бөлiгiнiң қарсылығын тудырды да, олар көршi жерлерге көшiп кеттi, ең соңында бұл жағдай халықтың азайып, мемлекеттiң құлауына әкелдi.

Деректерде келтiрiлгендей, Әбiлқайыр «бұл қоғамды таратты». Хан саясатына қарсы болған бұл «таратылған қоғамның» басында Ұрұс ханның ұрпақтары – Керей мен Жәнiбек тұрды. Әбiлқайыр беделiнiң әлсiреуiн пайдаланған, бiрақ ханмен күресуге мүмкiндiктерi болмаған олар туған жерлерiн тастап кетуге шешiм қабылдап, «қуғын-сүргiн жолына түсе отырып, Моғолстанға бағыт алды». Керей мен Жәнiбектiң Моғол ханының иелiктерiне келу уақыты 1459-1460 жылдар болып есептеледi.

Оқиғалардың одан әрi өрбуi көрсеткендей, Керей мен Жәнiбектің Моғолстан шектерiне кетуi өзiндiк стратегиялық шегiнiс болды. Негiзгi мақсат ыңғайлы сәтте Көшпелi өзбектер мемлекетiндегi билiктi басып алуға бағытталды. Мұндай сәттiң тууы көп күттiрген жоқ.
Моғол ханының Әбiлқайыр хандығынан келген босқындарға достық көзқарасы бiрнеше себептермен түсiндiрiлдi: бiрiншiден, Есенбұғаның сол кезде өзiнiң жерiне солтүстiк көршiлерiнiң жылжуына қарсы тұрарлықтай мүмкiндiгi болмады; екiншiден, ол Керей мен Жәнiбекке және олардың жауынгерлерiне сенім артты, себебі Есенбұға өзiнiң иелiктерiн Әбiлқайырдан және ойраттардан олардың қорғай алатынына сендi, үшiншiден, Есенбұға өз билiгiн нығайту мақсатында оларды пайдаланғысы келіп, Керей хан мен Жәнiбек ханның келуiн жақсылыққа жорыды. Сол себептi Есенбұға «мәртебелi ханзадаларды игi ниетпен және құрметпен қарсы алып, оларға Моғолстанның батыс бөлiгiн» Шу және Талас алқаптарын берді.

Ұрұс ханның ұрпақтары Моғолстанға мөлшермен 100 мың адаммен көшiп кеттi, бiрақ кейiн Әбiлқайыр хандығынан келушiлер легi тыйылмады. Керей мен Жәнiбектiң жаңа келгендер есебiнен күшеюi, Моғолстанның әлсiреуi, ХV ғасырдың ортасында ойраттардың күшейген тегеуірінін тежеу қажеттiлiгi қазақ сұлтандары алдына өз мемлекетiн құру мiндетiн қойды.

Б) Картамен жұмыс. Қазақ хандығының аумағы.

В) Пікірсайыс сұрақтары:

Қазақ халқының қалыптасуына қандай тарихи оқиғалар кедергі болды? Сендер қалай ойлайсыңдар, «қазақ» атауы қалай пайда болды?
Қазақ халқының әлеуметтік құрамы туралы не білесіңдер?

Түркі тілдес тайпалары мен рулардың біртұтас қазақ халқына бірігуіне не әсер етті? Қазақ халқы құрамының ұлғаюына, оның күшеюіне қандай саяси құбылыстар ықпал етті? Қазақ хандығы қандай аумақты қоныстанды? Картадан көрсетіңдер.

Бекіту

1. Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған көптеген қазақ тайпаларының көшіп кетуінің бір себебі:
а) Әбілқайыр хан мен ойраттардың жеңілуі;
ә) қытай басқыншыларының шабуылы;
б) жұт;
в) Әбілқайыр өлімі.

2. Моғолстанның қай ханы Керей мен Жәнібек сұлтандарды қабылдады?

а) Қасым;
ә) Есенбұға;
б) Уәйіс;
в) Жүніс.

3. Моғолстан ханы неліктен қазақ тайпаларына жерлерді бөліп берді:

а) оның көптеген бос жерлері болды;
ә) ол Керей мен Жәнібектен қорықты;
б) оларды Әбілқайыр хан мен ойраттарға қарсы пайдаланғысы келді;
в) жаңа қалалар салғысы келді.

4. Қазақ хандығының бірінші ханы?

а) Жәнібек;
ә) Керей;
б) Қасым;
в) Болат.

5. Алғашында Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірге Моғолстанға қанша адам көшіп барды:

а) 100 мың;
ә) 50 мың;
б) 200 мың;.
в) 20 мың

6. Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығының ордасы орналасқан жер:

а) Сауран;
ә) Отырар;
б) Қозыбасы;
в) Түркістан.

7. Қорытындылар, оқушылар білімін бағалау. Үйге тапсырма: §40-41, сұрақтарға жауап беру.

51-сабақ. Тоқсандағы жиынтық бағалау

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

6.3 А ХІІІ-ХV ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан –  14 сағат

6.3 В Қазақ халқының қалыптасуы

6.3 С Біртұтас Қазақ мемлекетін құру

Мектеп

51-сабақ

Мұғалімнің аты-жөні:

Мерзімі:

Қатысқандар:

Сынып: 6

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

№ 3 ТЖБ

Осы сабақтағы оқу мақсаттары  (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жиынтық бағалау (ЖБ) тоқсан бойы оқушылардың алған білімі, ептілігі мен дағдыларының деңгейін анықтауға бағытталған. Жиынтық бағалау тоқсандық оқу жоспарында

белгіленген нәтижелер жетістіктері мен оқу мақсаттарын тексереді.

Сабақ мақсаты

– 3 тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмаларының сапалы орындалуы.

 

Ойлау қызметінің деңгейлері

Білу, ұғыну, пайдалану

Бағалау өлшемдері

Оқушы:

 –  Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды;
 –  XIII–XV ғғ. мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтайды;
 –  картаны пайдалана отырып, XIII–XV ғғ. мемлекеттердегі саяси үрдістерді түсіндіреді;
 –  «қазақ» этнонимінің маңызын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

  –  жазба сөзді сауатты меңгереді, мысалдар келтіреді.
  –  жұмысты орындаудың тиімді әдістерін таңдайды.
  –  мүдірмей оқу, салыстыру дағдыларын көрсетеді.

Құндылықтарға баулу

Еңбексүйгіштік, өнегелілік және жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, Дүниежүзі тарихы

Тақырып бойынша алдын ала білімдер

картаны пайдалана отырып, XIII–XV ғғ. мемлекеттерді біледі, саяси үрдістерді түсіндіреді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басталуы Ұйымдастыру сәті

(3 мин.)

Сабақтың психологиялық ахуалы: Құрметті балалар, бүгін сендерді № 3 ТЖБ жаңа сынағы күтіп тұр.

ТЖБ өткізу тапсырмалары

–  XIII–XV ғасырдың бірінші жартысындағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау:
–  Аталмыш кезеңдегі мемлекеттердің саяси, экономикалық жағдайына сипаттама беру.

Қазақстан тарихы пәні бойынша тоқсандағы жиынтық бағалаудың мамандандырылуы 3 тоқсан тапсырмалары

№ 3 ТЖБ (35 мин.)

Сыни бағалау

Оқушы:

– № 3 ТЖБ тапсырмаларын баллдарды қою кестесі бойынша орындайды.

 

Сабақтың аяқталуы: (1 мин.)

Рефлексивті өзін-өзі бағалау:

Жапсырма

 

Өте жақсы

Күмәнданам

Орындамадым

 

 

 

 

Дифференциациялау

Бағалау

Денсаулық сақтау, ТБ

ТЖБ мамандандырылуы және баллдарды қою сызбасы қарастырылған.

ТЖБ жиынтық бағасы

Жұмыс барысы


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз