Эссе және өлең-жыр байқауы

Жаңа технологияларды енгізу арқылы мектепалды топтарында сауат ашу сабағын меңгерту

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Теңге ауылы Теңге бөбекжай-бақшасы
Тәрбиеші: Успанова Қарлығаш Дужсуповна        
                                                                             

I. Кіріспе
1. Жаңа техгология түрін қолдану
II. Негізгі бөлім
1. Электрондық оқулықтарды пайдаланыу                                                                           \

2. Интерактивті тақтаны қолдану.
III. Қорытынды

Әр бір ұстаз балаға тиянақты, терең білім беруге, заман талабына сай ақпаратты-коммуникациялық технологияларды меңгерту, оның жетістіктерін сабақ үрдісінде тиімді пайдалануы міндетті. Мұғалім пәнді өзі жетік терең біліуімен қатар, оны балаға меңгерту үшін әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі-білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау-бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы. 

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 ден астам жаңа технология түрін қолдану әр ұстаздың еншісінде. Бұл технологияның бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, әр пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оның іс-әрекетін жетілдіру арқылы мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілерінің білім жетістікерін арттыруға болады. Мұнда тәрбиеленушінің әрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлуі қажет. Өйткені оқытудытехнологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр. Қазіргі тәрбиешілердің алдына қойып отырғанбасты міндеттерінің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагоикалық технологияны меңгерту.                    

Тәрбиеші ақпараттанушы, бала жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл – тәрбиешіден жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, балаларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларындамыту бағыттарын талап етеді. Ізденімпаз, жаңашыл, тәрбиешінің шығармашылығындағы ерекшелігі – оның оқу қызметін түрлендіре өткізіп, баланың жүрегіне жол таба білуінде. Егер ол іс-тәжірибесінде «Сауат ашу негіздері» оқу қызметінде балалардың білімін тиімді пайдалана ртырып, күнделікті оқу қызметін ыңғайына қарай түрлендіріп өткізсе, балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығы арта түседі. Бүлдіршіндердің оқуға деген қызығушылығын арттыру тәрбиешінің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен балалардың шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Сондықтан әр сауат ашу негіздері оқу қызметін бір-біріне ұқсатпай топтық жұмыс, суретке қарап мәтін құрастыру, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керек деп ойлаймын.

Қазіргі кезде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану тәрбиешіге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге, мектепке дейінгі балалардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді. Мектепалды даярлық тобы балаларының ойлау қабілетін дамыту, танымдық іс-әрекетін қалыптастыру, шығармашылықпен, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында, өз тәжірибемде жаңа технологияны тиімді пайдаланып жүрмін.

Қазіргі заман талабына сай электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдаланыу арқылы білім сапасын көтеру қажеттілігі туындап отыр.

Электрондық оқулықтың мазмұны мектепке дейінгі баланың зерделі ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы және оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы өте қажет: қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық көркемділігі, жылдамдығы т.б.

Электрондық оқулық – бұл тек жиынтық қана емес, оқу материалдарының қиын жерлерін ақпараттық технологияның  әр түрлі формаларын пайдалану арқылы түсіндіруге мүмкіндік беретін толық дидактикалық, әдістемелік және интерактивті бағдарламалық жүйе. Электрондық оқулықтарды сабақ кезінде пайдалану балалардың бұрын алған білімдерін кеңейтеді, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы сабақты түрлі суреттер мен видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып өткізуге болады. Бұл, әріне тәрбиешінің тақтаға жазып немесе құр сөзбен айтып түсіндіргеннен әлде қайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын тақырыптарды өткенде компьютердің көмегімен балаларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген олардың құштарлығы оянады. Қазіргі ақпараттық технологиялардың дамуы кезінде электрондық оқулықтардың ерекшелігі – үлгіге сәйкестіліг мен жоғары мобильділігі, оқуға үйренуге икемділігінде болып табылады. Мысалы электрондық оқулықтағы бір тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша теориялық материал берілген:
1. Осы материалды бала тыңдайды, есте сақтауы жақсарады.
2. Теориялық білімді незгіздейтін мультимедиялық материалды көреді.
3. Берілген тақырып көлемінде түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.

Оған:
1. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетеді.
2. Тақырыпты түсінгендігін тексеретін сұрақтармен жұмыс жасайды.  

Сонымен электрондық оқулықтар баланың:

1. Білім деңгейін тереңдетуге:
2. Тапсырмаларды өз бетімен орындай білу дағдыларын қалыптастыруға.
3. Ойларын дамытуға.
4. Балалардың сөздік қорының молаюына.
5. Жаңа сабақты үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына.
6. Сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен пайдалана алуына көптен-көп көмегін тигізеді.

Сондай-ақ білім сапасын арттыруда интерактивті тақтаның маңызы зор деп ойлаймын. Интерактивті тақта балалардың топпен жұмыс жасап, бір-бірін толықтырып отыруына мүмкіндік беретін, сабақ барысында барлық балалардың қатысуын ұйымдастыратын құрал. Интерактивті тақтаны қолдану мен бірге сабақ құрылымы да өзгереді. Сабақ сапасы, бірінші кезете тәрбиешінің  өзіне тиімді. Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты серпімді етеді, ал бұл сабақтың бірінші минутынан балалардың танымдық іс-әрекетінің артуына ықпал етеді. Мысалы тәрбиешілерге ескертулер, тапсырмалар жазу мүмкіндігі бар, сонымен қатар, өткен материалға балалардың оны қаншалықты меңгергендігін бақылау үшінқайта келе алады, жаңа сабаққа сәйкес өзгерте алады. 

Интерактивті тақтаны пайдаланудың артықшылықтары бала мен тәрбиеші үшін маңызды болып табылады. Интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдалана отырып, әр түрлі тақырыптарды презентатция түрінде дайындауға болады. Тәрбиеші қажет материалдарды гипесілтемемен байланыстыра отырып, бір файлдың ішінде сақтай алады. Аудио және бейне файлдарды қажет болған жағдайда интерактивті тақтаның көмегімен ойнатып, қадағалауға болады. Ескертпелер мен файлдағы толықтыруларды сақтап қойып, келесі сабақтарда немесе қайталау кезінде қолдануға болады. Осы шығармашылық жұмыс жасау барысында күнделікті ұйымдастырған оқу қызметіме қолданып отырамын. Қорытындылай келе сабақта жаңа технология түрлерін пайдалану сабақ түрлерімен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір бөлігі. Жаңа технологиямен ұйымдастырылған оқу қызметі балаларға көңілді әрі жеңіл келеді. Баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығы арта түседі.


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз