Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Әдемі гүлдер

№2 «Балдәурен» балабақшасы
Жас маман: Ыбайділдаева А.Ш.

Күні: 22.05.2019

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлім: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Әдемі гүлдер»

Мақсаты: Гүлдерді күтіп-баптауға, әдемілікке, сұлулыққа деген сезімін ояту арқылы табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу. Сиқырлы гүлдердің бейнесін мүсіндеуді көрсету және басқа материялдарды қолданып мәнерлі де әдемілеп сәндеу. Өнерге деген қызығушылығын ояту. Шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту. Мүсіндеуге деген қызығушылығын арттыру. Қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға үйрету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбері, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ғажайып сәт, сергіту сәті, дидактикалы ойын.

Біліктілігі: Түймедақ гүлін мүсіндеуге үйрету.

Көрнекілік: Түрлі–түсті әдемі гүлдердің суреттері, бөлме гүлдері белсенді тақта,

Билингвалды компанент:  Гүл-цветы-flowers

Бәйшешек-подснежник-snowdrop

Түймедақ-ромашка-chomomile

Қызғалдақ-тюльпан-tulip

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғажайып сәт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Билингвалды компонент

 

Сергіту сәті

 

Дидактикалық ойын

 

Рефлексиялық

қорытындылаушы 

 

-Балалар бүгін бізде ерекше күн,өйткені бізге көптеген қонақтар келген екен. Алдымен келген қонақтармен амандасып алайықшы.

-Бүгінгі оқу қызметімізді ізгі ниетпен,жақсы лебізбен бастайық.

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық,

Мейірімділік жиналған жылы шуақты қонақтарға шашайық!

- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Барлығың мұқият тыңдаңдар.

Құлпырса қадірлейді, аялайды,

Қураса сыпырғышқа жарамайды.

-Дұрыс  балалар. Бүгінгі әңгімеміз де гүлдер жайында болмақ.

Топқа гүл ханшайымы келеді.

Гүл ханшайымы:

-Сәлеметсіңдер ме,балалар?!

-Балалар,бізге гүл ханшайымы қонаққа келіпті.

Гүл ханшайымы:

-Мен гүл ханшайымымын. Сендерден көмек сұрап келдім. Бүгін Назерке деген қызымның  туылған күні.Назерке қызыма сыйлыққа гүлдесте жасап қойсам,кешегі қатты желде гүлдестемді ұшырып әкетті. Сендер маған Назерке қызыма сыйлық жасауға көмектесесіңдер ме?

-Балалар, Гүл ханшайымына сыйлық жасауға көмектесеміз бе?

-Сендер гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер?

Гүл дегеніміз-өсімдік,олар өмір сәні,табиғат көркі. Гүлдер терезенің алдында сән беріп қана қоймайды,бөлменің ауасын тазартады,адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Гүлдер өте әдемі , нәзік және хош иісті.

-Гүлдер өсіп тұрған жерде біз өзімізді қуанышты сезінеміз,көңіліміз көтеріңкі болады.Олардың көптеген түрлері болады,түстері де әртүрлі болады.

-Гүлдер тірі табиғатқа жатады. Олар тамыры арқылы қоректенеді. Гүлдерді өсіру үшін топырақ,күннің көзі,су қажет.

Гүлдер үш топқа бөлінеді. 

Дала гүлдері

Бөлме гүлдер

Емдік гүл

-Балалар назарымызды бейне экранға аударайық!

Слайд:

«Дала гүлдері»бәйшешек,қызғалдақ,сарғалдақ,раушан,бақбақ.Бұл гүлдер көктемде,жазда өседі. Көктем мезгілінде ең алғаш шығатын гүл- бәйшешек гүлі. Бәйшешек гүлі қар еріген кезде шығады. Оны орыс тілінде подснежник деп атайды.

«Бөлме гүлдері» қазтамақ,әйел бақыты,фиалка,лалагүл,астра,

райхан. Бөлме гүлдерін де адамдар арнайы түбекке әдемілікке,таза ауа үшін отырғызады. Балалар гүлдерді жұлуға немесе үзуге болмайды. Оларды баптап,күтіп,суарып отыруымыз керек.

«Емдік гүлдері» Алоэ, анис, адыраспан, түймедақ, қалампыр.

Гүлдердің емдік қасиеттері де бар, олардан түрлі – түсті жақпа  майлар, күнделікті сусабын, әтір жасауға болады. 

 

Гүл-цветы-flowers

Бәйшешек-подснежник-snowdrop

Түймедақ-ромашка-chomomile

Қызғалдақ-тюльпан-tulip

 

-Ал балалар,  Гүл ханшайымына гүлдесте жасап берейік.

Біз бүгін 4 орталықпен жұмыс жасаймыз

Зерттеу орталығы: Гүл егу

 

Өнер орталығы: Түймедақ гүлін мүсіндеу(түрлі түсті ермаксаздан)

 

Құм мен су орталығы:Қалыпқа салып гүлдер жасау.

 

Үстел-үсті орталығы: Лотосгүлін жасау. Дәстүрден тыс заттарды қолдану(қасық)

 

Сылдырмақпен балаларды шақыру

 

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам.

-Балалар енді өзіміз  қалаған орталыққа барып жұмыс жасаймыз

Гүлдердің күлтерін өз орнын табу

-Ал балалар гүл ханшайымын шығарып салайық.

-Балалар бүгін бізде қандай оқу – қызметі болды?

-Бізге қонаққа кімдер келді?

-Гүл ханшайымы бізден қандай көмек сұрады?

-Біз қандай көмек көрсеттік?

-Гүлдің қандай түрлерін білдіңдер?

-Гүлдер неше топқа бөлінеді?

-Гүлдер әдемі болып өсу үшін не істеуіміз керек?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Шаттық шеңберіне тұрып қайталайды, гүл шоқтарын шашады

 

 

 

 

 

 

Жауап:Гүлдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақ – бақ 

Қызғалдақ 

Раушан

 

Балалар жаймен тербеліп тұрады

Отырады

Құсқа ұқсап ұшады

Қолдарын жоғары көтереді

Сау болыңыз!

Шығармашылық, гүлдер

Гүл ханшайымы!

Гүлдесте жасап беруді сұрады

Әртүрлі гүлдер жасап бердік

Қызғалдақ,лотос,түймедақ,бәйшешек

3-топқа.

Су құып тұру керек, гүлді жұлмаймыз,жапрағын шаңын сүртіп күтіп баптаймыз.

Білуі: Гүлдерді отырғызып,күтіп баптауды білді. 

Игеруі: Гүлдердің түрлерін

Меңгеруі:Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындап, гүл жасай алады.


Пікірлер (1)

Zangar7020

Сіздермен бөліскеніме қуаныштымын. Еңбегімді бағалауларыңызды сұраймын

Пікір қалдырыңыз