Өлең, жыр, ақындар

Жыл бойы не үйрендік, не білдік?

Маңғыстау обласы Жаңаөзен қаласы
Теңге ауылы «Теңге бөбекжай-бақша»
Тәрбиешісі: Хыдырбаева Алия Имангазиевна

Ұйымдастырылған қорытынды оқу қызметі.

Білім беру саласы: Коммуникация,Әлеумет, Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ, Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет, Драма. Экология.

Тақырыбы: «Жыл бойы не үйрендік, не білдік?»

Мақсаты: Балалалардың жыл бойы үйренген білімдерін толықтыру.

Үйрету: Жануарлардың төлдерін ажырата білуге, пішіндерді, түстерді ажыратуға, үй құрастыруға үйрету.

Дамыту: Балалардың сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерін дұрыс айта білуге жаттықтыру.

Тәрбиелеу: Балаларды өзара сыйластыққа, ұқыптылыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Слайд, шар, пішіндер, лулия шеңбері. 

Сөздік жұмыс: жануарлар

Жеке жұмыс: Мұхтарға көктем мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.

Әдіс тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Алдын–ала жұмыс: Балаларға жыл мезгілдері туралы тақпақ үйрету.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

 

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балалар, бәріміз бірге қайталайық:

Қайырлы таң, ұстазым!
Қайырлы таң, достарым!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель!
Доброе утро, друзья!
Посмотрите друг на друга
Пожелайте добра!

Ендеше балалар екі тілде амандасайық. Жарайсыңдар балалар орнымызға отырайық.

 

 

Шеңбер бойына тұрып орындайды.

 

 

 - Сәлеметсізбе.

 - Здравствуйте.

 

 

Іздену ұйымдастырушы

 

Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі болады. Себебі біз жыл бойы өткен оқу қызметтеріміздің тақырыптарын еске түсіріп қайталайтын боламыз.

 -  Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

 -  Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?

 -  Көктем мезгілінде неше ай бар?

 -  Ай атауларын атап беріңдерші?

 -  Балалар бір аптада неше күн бар?

 -  Апта күндерін атайықшы?

Ғажайып сәт:

 - Осы кезде есік қағылады. Балалар тыңдаңдаршы біреу есік қағып тұрған секілді.
 - Ішке қолында шарлары бар сайқымазақ кіріп келеді.
 - Сәлеметсіз бе балалар, сендер бүгін жыл бойы алған білімдеріңді ортаға салып жатыр екенсіңдер. Ендеше мен сендерге құр келгенім жоқ. Менің мына қолымдағы шарларымда тапсырмаларым бар , сол тапсырманы тапсаңдар осы шарларды сіздерге сыйға тартамын.

 1 – Тапсырма:

 1. Бір жылда неше мезгіл бар және сол мезгілді екі тілде айтып беріңдер?

 2. Жыл мезгіліне байланысты тақпақтарды кім айтып береді?

 2 – Тапсырма:

 1. 1 – ден 5 – ке дейін реттік тура және кері сана.

 2. Пішіндерден зат құрастыру. Пішіндерді атап, орындарына орналастырады.

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар. Сендер көп нәрсені біледі екенсіңдер.

 3 – Тапсырма:

 1. - Балалар сендер жануарларды білесіңдер ме?

 - Жануарлар нешеге бөлінеді?

 - Атап берейікші.

 - Жабайы жануарларға қандай жануар жатады?

 - Үй жануарларына қандай жануар жатады?

 2. Балалар ойын ойнағыларын келеме. Ендеше үй жануарларына байланысты ойын ойнайық.

          Ойын: «Үй жануарлары және оның төлдерін тап».

          Шарты: Үй жануарлардың төлдерін табу.

 - Балалар шаршадықпа, ендеше Сайқымазақпен бірге сергіту жаттығуын жасап бір сергіп алайық.

 - Жарайсыңдар балалар, ендеше мен сендермен бірге сергіту жаттығуын жасаймын.

Сергіту сәті:

 1 – дегенде тұрайық
 2, 3, 4, - алақанды соғайық
 Оң жаққа қарайық
 Сол жаққа қарайық
 Бір жугіріп алайық
 4– дегенде асықпай
 Орнымызды табайық!

Пішіндердің атын, түстерін атайды.

  4 – Тапсырма:

 1. Балалар табиғат дегеніміз не?

 2. Табиғат нешеге бөлінеді?

Қандай, қандай?

  5 – Тапсырма:

 1. Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

 2. «Шалқан  ертегісін сахнала.

Сайқымазақ:

Балалар сендер ақылды, білімді екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды, тақпақтарды жақсы орындадыңдар. Ертегіні сахналаудыда жақсы меңгерген екенсіңдер. Балалар мені сендер сияқты балалар күтіп отыр, келесі жылы кездескенше амансау болыңдар.

Балалар мұқият тыңдайды.

 -  Көктем мезгілі.
 -  Күн жылы болып, жер көгереді.
    
 Үш ай бар.
 -  Наурыз, Сәуір, Мамыр.
 -  Жеті күн бар.

 -  Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.
 -  Балалар амандасады.
 -  Балалар мұқият тыңдайды.

 

Бір жылда төрт мезгіл бар.

Көктем – Весна
Жаз – Лето
Күз – Осень
Қыс - Зима

Нұрсұлтан:

Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі ашылды.

Нұрай:

Жайқалып жапырақ
Құлпырып қызғалдақ
Тұратын көз тартып
Жаз келді күн шуақты.

Али:

Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.

Қызғалдақ:

Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген
Бақша – бауды, тауды да
Бояған ақ түсімен.

1, 2, 3, 4, 5.

5, 4, 3, 2, 1.

Үй, зымыран.

Тапсырманы орындайды.

 - Ия.
 - Екіге бөлінеді.
 - Жабайы және үй жануары.
 - Аю, қасқыр, түлкі, қоян.

 - Жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі, ит, мысық.

 - Балалар ойынға қатысады.

 - Ойынға қатысып төлдерін табады.

 - Ия.

 Балалар сергиді.

 - Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта.

 - Табиғат екіге бөлінеді. Өлі және тірі             табиғат.

 - Өлі табиғатқа тау, тас, құм, ай, күн, су жатады.

 - Тірі табиғатқа жануарлар, өсімдіктер, балықтар жатады.

 - Балалар білетін ертегілерінің аттарын атайды.

 - «Шалқан» ертегіні сахналайды.

 - Сау болыңыз.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалар бүгін біздің оқу қызметімізге кім келді?

Сайқымазақ бізге не алып келді?

Балалар сендер қай ертегіні сахналадыңдар?

Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендер жыл бойы алған білімдеріңді көрсете білдіңдер. Сендер барлық тапсырманы орындай алдыңдар.

Мадақтау, мақтау.

Қонақтармен қоштасу.

Сайқымазақ.

 

Тапсырмалар.

«Шалқан» ертегісін.

 

Сау болыңыз.

            


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз