Өлең, жыр, ақындар

Әріп таңбасын өрнектеп жазу мүмкіндіктері мен олардың сипаттамалары. «Мен түсін» ойын-сабағы

Мұғалім: Теміралы М.Н

Пәні: Бейнелеу өнері

класы: 4 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Әріп таңбасын өрнектеп жазу мүмкіндіктері мен олардың сипаттамалары. «Мен түсін» ойын-сабағы

Сабақтың мақсаты: сиқырлы әріптер жазуға жаттықтыру.

а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді

қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б.

ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: альбом, қарапайым қарындаш түрлері, өшіргіш, тушь, қылқалам, перо, түрлі-түсті қарындаштар. Сондай-ақ бейнелеу өнеріне қосымша оқулықтар, т.б

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Әріп те суреттің бір түрі. Себебі олар белгілі сызықтардан құралады, ал сызықтар өте әсерлі бола алатынын сен білесің. Демек әркімнің өз қиялына қарай әріп жазуда да сурет салғандай әсерлеуге болады екен. Мына суреттен көріп отырғаныңдай, бір әріптің өзі алуан түрлі үлгіде жазылған. Өзің де әріптердің әр түрлі үлгісін ойлап табуыңа болады.

Суреттегі «А» әріптері неге ұқсайды?
Ол тағы қандай нәрсеге ұқсауы мүмкін?
Алфавиттегі басқа әріптерді неге ұқсатасың?

 

Сурет сабағында мәнерлеп жазуды көрсетуге тамаша мүмкіндік яғни әріптер мен сөздер арқылы белгілі бір көңіл күйді, мінез-құлықты көрсетуге болады. Мына әріптерге карашы. Олардың әрқайсысының көңіл күйін, мінезін анықтауға тырыс.

  1. Әріптерді тура түзу сызықтармен жазып көр. Содан кейін әріптерді жіптен игендей жұмсақ, майысқақ, дірілдеген немесе сенімді әрі нық сызықтардың көмегімен жаз.

  2. Ал келесі жазған әріптердің бірін - мейірімді жан, екіншісін - жағымсыз кейіпкер, үшіншісін - сиқыршы,төртіншісін көңілді клоун жазғаны білініп тұратын болсын. Неғүрлым түрлі кейіпкерлер мен олар жазған әріптерді ойлап тап.

Әр адамның жазуына қарап, оның мінезі мен көңіл күйі жайлы мағлұмат алуға болады. Оны зерттейтін ғылымграфология деп аталады. Егер жазу жолдары жоғары өрлесе, жазу иесінің көңіл күйі көтеріңкі, ал егер жазу жолдары төмен қарай қисайса, көңіл күйінің құлазып тұрғанын білдіреді.

Сүйір бұрышты, сорайған әріптер күйгелек және талапшыл мінезді білдіреді. Сенімді, нық әріптермен біркелкі жазылған жазу батыл, салмақты мінез жайлы сыр шертеді. Өз достарыңның жазуларын олардың мінез-қүлықтарымен салыстырып көр.

 

Үйге тапсырма беру: Бейне-сөз ойлап тауып, оны қағазға көркемдеп түсіру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз