Өлең, жыр, ақындар

Бір таңбалы санға қалдықсыз бөлу

Қызылорда облысы

Арал ауданы

Шижаға ауылы

№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Тойбахова Жадыра                                                        

Математика  Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:     Қатыспағандар саны

 

Сабақтың тақырыбы

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу Сәндік-қолданбалы өнер

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақ (оқу бағ. сілтеме)

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

 

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:.бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайды

 Оқушылардың көпшілігі: бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді тексеру үшін не істеу керек екенін біледі.

Оқушылардың кейбірі: қалдық бөлгіштен аз болатынын түсіндіре алады.

 

Бағалау критерийлері

Бір таңбалы санға қалдықпен бөледі

 

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология мен тірек сөздер: қалдықпен бөлу, қалдық, қалдық бөлгіштен аз. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындайды?

Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Жазу:Қалдықпен бөлуді және оны тексергеніңізді жазыңыз.

 

Құндылықтарды дарыту

 

 

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек-сәндік- қолданбалы өнер туындыларын білуі, дүниетану-саяхатшылардың сәндік- қолданбалы өнер туындыларына қызығушылығының басымдылығын

 

Алдыңғы білім

Көбейту мен бөлу, амалдардың  өзара кері байланысы, көбейту кестесі.

 

Сабақ барысы

 

Сабақтың жосп.кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған  іс-әрекет

Ресурстар

 

Сабақтың

 басы4 минут

Ынталандыру. (Ұ)«Асық алу» әдісі. Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды. Қатысушылар шеңбер құра отырады.

Жұмыс ережесін келісу : Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!     Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

(Т) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – сәндік-қолданбалы бұйымдар суреттері (суреттер артына көбейту, бөлуге байланысты өрнектер жазылған). Бұйым таңдалады. Ішінде жазылған өрнектің мәнін табады. Фотосуреттерді көрсету арқылы шеберге қандай математикалық білім қажет болатынын сұрау.

Қай топ дұрыс әрі тез орындаса сол топ жеңіске жетіп, сыйлыққа сәндік-қолданбалы өнер мұражайына  жолдама алады.

Түрлі асықтар

1 слаид

 

Сәндік-қолданбалы бұйымдардың

үлгілері.

2-слайд

.

Жолдама үлгісі.

 

Сабақтың

 ортасы

32 мин

Жаңаны ашу.Тәжірибелік жұмыс(Т) « Ойлан тап» әдісі. Жаңаны ашу үшін оқушыларға тәжірибелік жұмыс орындату. Оқушылар санау материалдарын қолданып, есептеулер көрсету. Кейбір жағдайларда қалдықсыз бөлінгені, ал кейбір жағдайларда қалдықпен болуы маңызды. Тақтада жазылғандарды салыстыра отырып, оқушылар мынадай шешімге келеді, кейбір сандарды бөлгенде қалдық қалады, ал кейбірін бөлгенде қалдық қалмайды екен. 

Сабақтың тақырыбын болжау . Мақсат қою  Сонымен қатар оқушылар қалдық әркезде бөлгіштен кем болатынын өз бетімен түсіну керек. Оқушылар қалдықпен бөлуді алғаш кездестіріп тұрғандықтан, олар оны қалай жазу керек екенін білмейді. Жазылуын тақтаға жазу.

 (Т)Оқушылар №1 тапсырманы орындайды.

 а) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 6-дан салды.Қанша қорап қажет болды? 18:6=3 (қорап)

Жауабы:3 қорап қажет болды

ә) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 4-тен салды? Қанша қорап қажет болды және қанша моншақ қалды?

18:4=4 (2 қалдық) Жауабы: 4 қорап қажет болды және 2 моншақ қалды.

Тексеру: 4∙4+2=18 моншақ

Балаларға қалдықпен бөлудің жазбасын оқуды үйрету : «18-ді 4-ке бөлсек, 4 және 2 қалдық шығады» немесе «Бөлінгіш – 18, бөлгіш – 4, бөлінді – 4 және қалдық – 2». Бұл кезеңде осы сабақтың тұсаукесерін қолдану.

 (Т.) «Шеберлер тапсырмасы»№2 тапсырма.Қалдықпен бөлуге мәтіндік есеп шығару ұсынылады.

а) Ағайынды 2 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру керек.Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?

10:2=5 (0 қалдық)

Жауабы: әрқайсысына 5 жаңғақтан тиеді, қалдық қалмайды.

ә) Ағайынды 3 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет.Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?

10:3=3 (1 қалдық)

Жауабы: 3 жаңғақтан тиеді 1 жаңғақ қалады.

б) Ағайынды 4 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді?Қанша жаңғақ қалады?

10:4=2 (2 қалдық)

Жауабы:2 жаңғақтан тиеді, 2 жаңғақ қалады.

Қалдықпен бөлу дегеніміз – бір натурал санды екінші натурал санға бөлгенде қалдығы нөлге тең болмайтын, бірақ үнемі бөлгіштен кіші болатын сан.Қалдықпен бөлуді тексерудің алгоритмі:

1. Толық емес бөліндіні бөлгішке көбейт.

2. Алынған нәтижеге қалдықты қос.

3. Шыққан нәтижені бөлінгішпен салыстыр.

Егер бөлінгіш бөлгіштен кем болса, бөліндінің мәні нөлге, ал қалдық бөлінгішке тең болады.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

 (Ө.) №3 «Кестені толтыр»Шырша ойыншықтары әр қорапқа 6-дан салынды.Қанша қорап қажет болғанын және қанша ойыншық қалатынын анықтау.

15:6=2 (3 қалдық)

19:6=3 (1 қалдық)

22:6=3 (4 қалдық)

23:6=3 (5 қалдық)

 Сұрақ қою:Біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындау керек екенін айтып бер?

–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Смайликтермен бағалау

Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау

«Озық ойла »Сәттілік критерийлері бар тапсырма бойынша дәптердегі өздік жұмысты орындайды.

Бөлуді орында, тексер.

83:9=9 (қ.2              9∙9+2= 83

39:6=6 (қ.3)             6∙6+3=39

49:5= 9 (қ.4)            9∙5+4=49

50:6=8 (қ2)              8∙6+2=50

Өзін-өзі бағалау  кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты: бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау;

тексеруді орындау. Дәптердегі жетістік  жолағын қолдану.

 

Орындап болғаннан кейін өзін-өзі тексеру үшін үлгі беру,мысалдардан қайсысы қиындық тудырғанын сұрау. Жаңаны қолдану.

Өткенмен жұмыс.

Жеке ж №4 а) «Кәдесыйлар дүкенінде» тапсырмасы Әртүрлі тәсілмен шығару.Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 4 түйеден және 5 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 30 саяхатшы  келген болса, сен қанша кәдесый саттың?

Өрнек үлгісін құрастыру:

Саяхатшы-30

Сатып алды-?,4т.және 5к.

Кәдесый-?

30•(4+5)=270 к.

30∙4+30∙5=270к.

Жауабы:270 кәдесый сатты

Шығармашылық деңгей:

ә) есептің санды деректерін өзгертіп есепті  қайтадан шығар.

Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 6 түйеден және 8 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 20 саяхатшы  келген болса, сен қанша кәдесый саттың?

Саяхатшы-20

Сатып алды-?,6т.және 8к.

Кәдесый-?

20•(6+8)=280 к.

20∙6+20∙8=280к.

Жауабы:280 кәдесый сатты

«Смаиликтер» арқылы бағалау

 (Т.) «Атом, молекула» әдісімен үш адамнан тұратын топқа бөлу

 №6-тапсырманы "Тізбекті бұзба!" әдісі арқылы орындау.

Әр топта 3 оқушы болады.

1-оқушы- амалдар тәртібін белгілейді

2-оқушы- баған түрінде жазады

3-оқушы-өрнектің мәнін табады.

124+(219-51)= 292            927+(200+120):4=1007

906-(136+187-97)=680      67+(9∙4):3=79

1000-(218+108)=674          «Жолдама» беру арқылы бағалау

Бір-бірін бағалауТапсырма орындалып болған соң топ басшылары топтарды аралап, жұмысты бағалайды.

Сараланған тапсырма Қалдықпен бөлуді орында және тексер.

15:6=      68:8= ДескрипторБілім алушы - толымсыз бөлінгішті анықтап, бөліндінің мәнін табады; қалдықты анықтайды;

 - қалдықпен бөлуді тексеру өрнегін жазады.

  Қолда бар үлестірмелі материалдар дәптер, қарындаштар.

Фишка

Дәптер, оқулық, 4 слаид

Санау материалдары,

Моншақ,түйме,фиш- калар

 

 

5-слайд

 

 

 

 

 

Смайлик

 

 

 

 

6-слайд

 

 

 

 

7-слайд

 

Моншақ, сигналды карталар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сигналды карталар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаблон

 

 

 

8-слайд

 

 

 

 

 

9-слайд

 

 

 

 

10-слайд

 

 

 

 

 

 

Жұлдызша

 

 

 

 

Кесте

11-слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Смайлик

12-слайд

 

 

 

13-слайд

 

Дәптер, оқулық

 

 

 

Бейджик

 

 

 

 

 

Сабақтың

 Соңы 4 минут

 «Сұраққа жетіп ал»Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек..Блум текшесінің сұрақтары бойынша сұрақ  құрастыру:  неге, ата, түсіндір.

Рефлексия «Тазалық»

Жетістік жолағы. Блум текшесі.

14-слайд

 

Қосымша  ақпарат

Саралау – сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?  өмірмен байланыстырады

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Жетістік критерилері арқылы

Ойлану - Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Жалпы баға   Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз