Эссе және өлең-жыр байқауы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы
«Еркетай» бөбекжай–бақшасының
тәрбиешісі Хамитова Анаргул Сахановна        

Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана баланың өмірлік  ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуметін ашу педагог пен отбасын арасындығы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады. Ата-ананың басты қуанышы — бала. Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім беру кеңістігі құрылады. Ата-ана отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиенің қамқоршысы, өнегесі, нәтижесі. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызығының ең  қымбаттысы ол — перзенті. Отбасы баланың тәрбиесі мен оның әлеуметтенуінде, тұлғаның көзқарасының қалыптасуына, сондай-ақ интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік сапаларының дамуында шешуші рөл атқарады. Балалардың әлеуметтенуі мен қоғамның жаңа мүшелерінің дайындығы қамтамасыз етіледі. Отбасы әлеуметтік-адамгершілік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді, отбасында балаға ата-ананың махаббатын, ата-анаға деген сенім, оларға ұқсауға ұмтылу, отбасының жалпы психологиялық ахуалы сияқты әлеуметтік ақпаратты берудің тамаша жүйесі қалыптасқан ата-аналар отбасындағы ересектердің үлгісі тәрбиелік қызметтің нәтижелілігін анықтайды. Әрине осы келешек ұрпағымызды тәрбиелеу алдымен отбасынан бастау  алары сөзсіз, ал оны әрі қарай отбасымен бірлесе жалғастыратын, балаға білім мен тәрбие беретін ең бірінші жаңа орта балабақша. Қазіргі   кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция», Қазақстан Республикасының  «Білім туралы заңы», «Балалардың құқығы туралы заңы», « Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» сияқты құжаттар дәлел бола алады. Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің    алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына  педагогикалық көмек беруді мақсат етеді.

Сондықтан балабақшадағы педагогикалық ұжым үшін күнделікті оқу тәрбие үрдісінде балабақшадағы бала өмірін ұйымдастыруға ата- ананы кіріктірудің маңызы зор. Өйткені көзі ашық, көкірегі ояу әр тәрбиеші өздерінің алдарындағы кішкентай бүлдіршіндерді жан-жақты үйлесімді дамытып, оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тек ата-аналармен тығыз шарт ол балабақша мен ата ана талаптарының бірлігі екендігін жақсы түсінеді. Ата-аналармен өзара қарым қатынас құру тәрбиешілерге біршама қиыншылық тууғызу мүмкін. Мұндай жағдайға   кездескен тәрбиеші өзінің теориялық білімін, іс- тәжірибе алмасу барысында көрген білгендерін, өз тәжірибелі педагогтардың тәжірибелерін жинақтап, саралап, ой түйіп, оны өз іс-тәжірибесінде қолдануға  тырысады. Мысалы мен өз тобымдағы ата-аналармен жұмыс жүргізудің  жылдық жоспарынқұрғанда жұмыс жоспарын ең алдымен төмендегі мына мақсаттары мен міндеттерді шешуге бағыттаймын.

    Ата-аналармен біріккен жұмыс бағыттары

 

Мақсаты

          

 Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу міндеттерінің, құралдарының және әдістерінің бірлігін, мектепке дейінгі білімберу мекемесінде, отбасында және қоғамда баланың тәрбиеленуі мен жеке тұлғасының  дамуындағы сабақтастыққа байланысты, сезімдерге санаға және мінез-құлыққа ықпал ету бірлігін көздейді

Тәрбиелеудегі табыс, ата-аналардың, тәрбиешілердің баланың мінез-құлқын мұқият зерттеп, және оны тәрбиелеу

                                     

 Міндеттері

Ата-аналарды мектепке дейінгі мекеменің іс- әрекетін жоспарлап және оған бақылау жасауға, топтарында әлеуметтік заттық  дамытушы ортаны құруға  қатыстыру.

Ата-аналарды балалармен бірлескен әртүрлі  шығармашылық іс-әрекет түрлеріне  қатыстыру

 

Балабақшада ата-аналармен өткізілетін түрлі іскерлік ойындары да, тренингтерде ата-аналарды балабақша өміріне қатысуға қызығушылық   тудырады, белсенділіктерін арттырып, «Кел, танысайық!»,  «Ата-аналар шуағы» тақырыбында өткізілген тренингтер, «Қазіргі заман ата-анасы  қандай  болу керек?» деген іскерлік ойын түрлерінен кейін, олар бір-бірін жақсы танып, өздерінің өзара ынтымақтастықта болу,  балабақшадағы оқу-тәрбие үдерісіне оң нәтиже беретіндіктеріне көз жеткізеді. Бала тәрбиелеуде ата-аналарға қажетті іскерліктерін  дамытуда, ата-аналар мен отбасының мүшелері үшін өткізілетін түрлі ойын-сауық кештері де тақырыптық сипатта болады. Мысалы: «Біз өнерлі отбасымыз», «Әкем, анам және мен», «Шебер қолдар отбасы», тақырыптары бойынша өткізілген спорттық,  музыкалық кештер   балабақша мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жандандырудың бірден бір жолы. Осындай кештерге қатысу арқылы әр ата-ана тәрбиеші еңбегін бағалай біліп, балабақша қызметінің маңызы мен жауапкершілігін сезінеді. Аталған жұмыс формаларын өткізу барысында қазіргі заман талабына сай инновациялық технологияларды, әдіс тәсілдерді түрлендіре пайдаланып, ата-ана жүрегіне дұрыс жол тауып, олардың бала тәрбиесіне балабақша қызметіне деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыра білудің маңызын естен шығармағанымыз абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мектепке дейінгі  кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы»  № 2007 ж
3. «Отбасы және балабақша» № 1. 2016 ж
4. «Отбасы және балабақша» журналы № 3. 2012 ж
5. «Бала мен балабақша» журналы № 9. 2011 ж
6. «Мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасында тәрбиеленуі» №3. 2012ж   


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүктелуде...