Өлең, жыр, ақындар

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Алимбаева Сымбат Бейсенгазиевна

ШҚО Көкпекті ауданы Биғаш ауылы

«Маяковский атындағы орта мектебі»КММ

Мектеп психологы

 

Сабақтың тақырыбы: Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Баланың белгілі бір іс -әрекетке белсенділігі жас кезінен байқалады. «Дарындылық» термині «дарын» сөзінен шыққан, адамның ерекше қолайлы ішкі алғы шарты дегенді білдіреді. Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.

 

Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет – талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты – тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.

 

Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.

 

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты

1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз  бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.

3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.

4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.

5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.

6.Білімнің бағасын арттыру.

 

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті

 

1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.

3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.

 

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары

 

1.     Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.

2.    Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.

3.     Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.

4.     Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

5.     Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.

6.     Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.

 

Оқу – тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері

1.     Оқушыларды мұражайға апару

2.     Өнер қайраткерлерімен, ақын – жазушылармен кездесу өткізу.

3.     Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.

4.     Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.

5.     Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.

6.     Күрделі тапсырмаларды орындау.

 

Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән – күйді т.б. өнер салаларын таңдайды.  Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.

         Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:

-         зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;

-         ақыл – ойдың жоғарғы қажеттілігі;

-         тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;

-         белгілі бір іс — әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;

-         өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;

-         тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.

Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:

-         оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;

-         шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;

-         оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.

Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу – тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.

Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар