Өлең, жыр, ақындар

"Кім күшті" ертегісі бойынша қорытынды сабақ

Тақырыбы: «Кім күшті»
№11 «Мөлдір бұлақ» ересектер тобы
Тәрбиеші: Курманова А.Н.

Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Мақсаты: Балаларға таныс ертегілерді еске түсіріп бекіту. Ертегілер арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету, кейіпкердің қарапайым әрекетін бағалауға, оларды әңгімелеуге, қойылған сұраққа толық сөйлемдермен жауап беруге баулу. Сандарды, есептерді, заттарды екі және төрт бөлікке бөлу. Үй жануарларына сүйіспеншілікпен қарауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқына дұрыс баға беруге, сөздік қорын дамыту, дауыс ырғағын келтіріп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі материалдар,  сабаққа байланысты суреттер, дидактикалық ойын
Пәнаралық байланыс: сауат ашу, математика, көркем әдебиет, тіл дамыту, айналамен танысу, валеология
Полилингвалды  компонент: мұз – лед -  ice, жаңбыр – дождь-rain , шөп – трава – grass , қасқыр-волк-Wolf,  тышқан – мышка - mouse, құмырсқа – муравей - Ant

 Шаттық шеңбері

Балалар : -Қайырлы таң, көк аспан !
                  -Қайырлы таң, жер-Ана !
                 - Қайырлы таң, шуақты көктем !    
       - Қайырлы таң!
       - Доброе утро!
                 - Good morning!
                                                              
                            
Тәрбиеші : -Балалар, көктемнің жылы күніндей мына жүрек арқылы бір-бірімізге   
                 жылы тілектер тілейік .
-    ...., мен саған көктемнің күнін тілеймін !
-    ...., әдемі гүлін тілеймін !
-    ...., мен саған шуақты түнін тілеймін!
-    ...., жылы күнін тілеймін !
-    ...., әрқашан жолын болсын !
-    ...., арайлы таңын тілемін !
-    ...., қуаныш мол болсын !
-    ....,ақ мол болсын !
-    ...., аспан ашық болсын !
-    ....,дастарқан мол болсын !
Тәрбиеші : Ал,балалар,біз жылуымызды бір-бірімізге бердік,көктем өз жылуын бізге
               беріп жатыр.

Тәрбиеші : Жұмбақ
                   Су ағып сай саладан,
                   Тасып өзен толады.
                   Құстар кеп ән салып.
                   Айтыңдаршы балалар,
                   Бұл қай кезде болады ?

Балалар:  Көктем мезгілінде болады.

Тәрбиеші :
-    Балалар, көктемде қандай өзгерістер болады ?
-    Көктем мезгілінің айларын атаңдар?
-    Көктемде не ояна бастайды?
-    Көктемде бірінші гүлдейтін гүл?
-    Құстардың тіршілігі қандай болады? т.б.сұрақтар қойып әңгімелеу.

Балалар :
-    Күн жылынады
-    Қар ериді .
     -     Құстар ұшып келеді.
-    Ағаштар бүршік жарады.
-    Жер көктейді.
-    Мал  өріске шығады .
-    Адамдар жайлауға көшеді .
-    Жайлауда мал бағады,ойын-сауық құрады,ойын ойнайды.    

Тәрбиеші: Балалар, біздің топқа бір құс ұшып келген сияқты. Ол  қандай құс?
Балалар: Қырғауыл
Тәрбиеші: Қырғауыл қай ертегіден келді?
Балалар: «Кім күшті» ертегісінен
Тәрбиеші: Қырғауыл, сен біздің балабақшамызға не үшін ұшып келдің?
Қырғауыл: Балалар, менің білгім келіп тұр. Дүниеде кім күшті екенін. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар? Иә көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше балалар, біз қырғауылмен бірге саяхатқа         шығайық.
Тәрбиеші: Балалар, ең бірінші біз қайда ұшып барамыз.
Балалар: Мұзға
Тәрбиеші: Балалар мұзға ұшып келіп қалдық енді мұзға  сұрағымызды қояйық.
Балалар: Мұз, мұз сен неден күшті болдың?
Мұз: Мен сендердің сұрақтарыңа жауап беремін ең алдымен  сендер менің сұрағыма жауап беріңдер.
1.    Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
2.    Дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.    Мына әріптерді ата?                   
4.    Дыбыстық талдау жасаңдар
5.    Кітап, гүл, ана, балабақша, әке,ойын сөздеріне сөйлем құраңдар

 Мұз: Дұрыс балалар.Мен күшті болсам бауырымды жаңбырға тестірмес едім. Кім күшті екенін жаңбырдан сұраңдар.
Тәрбиеші: Балалар сонымен біз қайда барамыз?
Балалар: Жаңбырға.
Тәрбиеші: Қырғауыл, балалар, жолымызды жалғастырайық.     Жаңбырға барайық.
Тәрбиеші: Біз саған келген себебіміз: сені мұз күшті деп айтты   сол распа?
Жаңбыр: Мен сендердің сұрақтарыңа жауап беремін ең алдымен  сендер менің сұрағыма жауап беріңдер.
1.    Мына сандарды атаңдар. 1-ден 10-ға дейін сандарды атау.
2.    Тура және кері санаңдар. 3 тілде санау
3.    Мына сандардың көршілерін табыңдар
7        9

    6    

1        3
    4    
                                                              

 
            4. Мына теңдеулерді шығарыңдар.
3   2                        7   2
5   6                       10   10
             5. Мына пішіндерді атаңдар. Оны төрт, екі бөлікке тең бөліңдер.

 

 

Жаңбыр: Жарайсыңдар балалар жауаптарың дұрыс екен. Мен күшті болсам жерге суымды жұтқызар ма едім: Келесі   сөз жерде жерге барып сұраңдар
Тәрбиеші: Рахмет, саған жаңбыр сонымен балалар енді  қырғауылды алып біз қайда                 
                 барамыз?
Балалар: Жерге
Тәрбиеші: Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық
Тәрбиеші: Жер, жер бізді саған жаңбыр жіберді. Сен неден күштісің?
Жер: Сендердің сұрақтарыңа жауап беремін. Ең алдымен мына сұрақтарыма жауап беріңдер. Ең алдымен сендерге жұмбақ  жасырамын, жауабын табыңдар.


1.    Өзі қу жүрген жері айғай мен шу
(түлкі)
2.    Түлкі қайда кездеседі?

Балалар: Ертегілерде мына ертегілерді атаңдар
Жер: Өздерің тапқыр балалар екенсіңдер мен күшті болсам көп шөпке бауырымды жардырмас ем. Көк шөпке барып         сұраңдар.
Тәрбиеші: Ендігі жолымызды қайда жалғастырамыз, балалар?
Балалар: Көк шөпке.
Тәрбиеші: Қырғауыл, балалармен жолымызды жалғастырайық.
Тәрбиеші: Шөп -шөп сен неден күшті болдың?

Шөп:  Сендердің сұрақтарыңа жауап беремін. Ең алдымен мына сұрақтарыма жауап беріңдер
 
1.    Мына жануарларды атаңдар (қой, сиыр, жылқы, ешкі, түйе).
2.    Олардың адамға қандай пайдасы бар?
3.    Бір сөзбен біз оларды қалай атаймыз?
4.    Мына хайуанаттарды атаңдар? (керік, мүйізтұмсық, арыстан, маймыл, қобылан, піл, бұғы, зебра, аю, жолбарыс). Олар қайда өмір сүреді?
Шөп: Дұрыс балалар, бірақ та балалар мен күшті болсам көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді. Көк тоқтыға барыңдар. Ол сендерге көмектеседі.
Тәрбиеші: Рахмет саған шөп, балалар сонымен біз қайда      барамыз?
Балалар: Көк тоқтыға.
Тәрбиеші: Көк тоқты бізді саған көк шөп жіберді. Сен шөптен күштісіңбе?
Көк тоқты: Менде сендерге тапсырма дайындап қойдым. Сол  тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге жауабымды айтамын. Менің тапсырмам мынадай мен
сендермен бойымды сергіп алғым  келеді.

Бойымызды жазайық.
Сергіту сәті:
Мынау менің құлағым
Мынау сенің құлағың
Мынау менің мұрным
Мынау сенің құлағың
Мынау менің қолым
Мынау сенің қолың
Мен сенің досыммын
Сен менің досымсың
Бірге достасайық

Көк тоқты: Рахмет сендерге балалар. Мен күшті болсам     қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім. Қасқырға    барып сұраңдар.
Тәрбиеші: Сонымен балалар біз жолымызды әрі қарай   жалғастырайық. Енді қайда барамыз балалар?
Балалар: Қасқырға
Тәрбиеші: Қасқыр, бізді саған көк тоқты жіберді. Сен неден күштісің?
Қасқыр:Балалар, мен сендерге сұрақтар дайындап қойдым.       Соған ең алдымен жауап беріңдер, сосын мен сендерге  көмектесемін.
 
1.    Мына суреттегі адамның дене мүшелерін атаңдар.
2.    Адамның дене мүшелері қандай рөль атқарады?
3.    Денсаулықтың кепілі неде?
Қасқыр: Қандай тамаша! Сендер тазалықты жақсы білесіңдер     екен. Бірақ балалар мен күшті болсам көк мылтыққа қонымды ойдырмас едім. Мылтыққа барып сұраңдар. Ол сендердің сұрақтарыңа жауап береді.
Тәрбиеші: Сонымен, Қырғауыл, балалар, жолымызды       жалғастырайық. Мылтыққа барайық.
Тәрбиеші: Бізді саған қасқыр жіберді. Сен қасқырдан күштісің  бе?
Мылтық: Мен де сендерге тапсырма дайындап қойдым, сұрағыма жауап беріңдер.

1.    Үй құстары мен дала құстарын атап беріндер.
2.    Айырмашылығы қандай?

Мылтық: Дұрыс балалар. Мен қасқырдан күшті болсам, қоңыр  шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім. Тышқанға     барып сұраңдар.
Тәрбиеші: Балалар сонымен біз қайда барамыз?
Балалар: Тышқанға
Тәрбиеші: Тышқан, бізді саған мылтық жіберді. Сен мылтықтан күштісің бе?
Тышқан: Сендердің сұрақтарыңа жауап берейін.  Ең алдымен     мына сұрақтарыма жауап беріңдер.

1.    Мына мамандықтарды атаңдар
2.    Олардың адамға қандай пайдасы бар?
              
Тышқан: Балалар сендерге рахмет. Балалар мен күшті болсам құмырсқаға ең салдырмас едім. Менен күшті құмырсқа. Құмырсқаға барыңдар.

Тәрбиеші: Сонымен балалар біз қайда барамыз?
Балалар: Құмырсқаға.
Тәрбиеші: Құмырсқа, құмырсқа біз саған келдік. Бізді саған   тышқан жіберді. Сен неден күшті болдың?
Құмырсқа: Сендердің сұрақтарына мен жауап беремін. Ең     алдымен менің тапсырмаларымды орындаңдар.
1.    Біздің Отанымыз қалай аталады?
2.    Біздің еліміздің президентті кім?
3.    Бас қала қай қала?
4.    ҚР рәміздерін ата?
5.    Әнұранды орындау.

Құмырсқа: Рахмет сендерге балалар. Біздің Отанымыз биіктен      көрінсің. Отанымыз тиыш, аман болсың. Мен сияқты еңбекқор болыңдар балалар, сабақтарынды   жақсы оқып, ақылды болыңдар, балалар. Еңбек етім ерінбей сондықтан күштімін балалар.
Тәрбиеші: Сонымен балалар ең күшті кім екен?
Балалар: Құмырсқа.
Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы қорыту:  бүгінгі не туралы әңгімелестік? Бір-бірімізге не істеу керекпіз? Белсенді қатысқан балаларды мадақтап, бағалау.

Біз ақылды баламыз,
Орнымыздан тұрамыз.
Қол ұстасып бәріміз,
Сау болыңыз айтамыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз