Өлең, жыр, ақындар

Табалдырықты баспа 5 сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Қазақ отбасы дәстүрлері

«Саумалкөл №1 орта мектебі» КММ

 

Сабақтың тақырыбы: «Табалдырықты баспа»

Күні: 01.10.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Жунусова Гульнур Сайлауевна

 

Сынып: 5

Сабақ 5

Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 11

 

Сабаққа қатыспаған оқушы саны:

Оқу сабақ арқылы жүзеге асатын  оқу мақсаттары

5.1.2.1 -тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

5.2.2.1-

қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын  пайдалану.

5.2.5.1-

берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

Сабақ мақсаттары

Барлық  оқушылар орындай алады:

 Сөйлем құрастырады, антонимнің сыңарын таба алады.

Оқушылардың  көпшілігі орындай алады :

Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазып, сөйлем құрайды, оқиды, мағынасын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Берілген суретке сұрақ қояды, антонимнің ережесін біледі, сұрақтарға жауап бере алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

босаға, төр, табалдырық, қарт адамдар  жайлы  айта алады

Пәнге қатысты сөздік қормен терминдер:

Қасиетті, кедейлік, ырым, құт

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Қазақ халқында не қасиетті болып саналады?

2.Табалдырық нені шақырады?

3.Табалдырыққа қатысты қандай тыйым сөздер айтылған?

4.Табалдырық ненің белгісі?

5.Жас келін келгенде қандай ырым жасалады?

6.Қазақ халқы үйге келген қонақты қалай қарсы алады?

 

Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.

ишара:

 

Алдыңғы оқу

Жақсы және жаман сөздерді ажырата алады.

Жоспар

 

Жоспарланған уақыт

 Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Көңіл күйді анықтау» тренингі. Мақсаты: психалогиялық ахуал тудыру

(3 мин)

 

Топқа бөлу

(2 мин)

 

 

 

 

Үй жұмысын тексеру

(5 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың басы. (3мин)

 

 

1.Ширату жаттығулары.

Оқушылар бір – бірлеріне ыстық лебіздерін білдіреді, сәттілік тілейді.

(жақсылық, сәттілік, жақсы баға ал, жақсы жауап бер)

ҚБ. Мадақтау

 

Оқушыларды түстер арқылы үш топқа бөлу.

 Оқушыларды қызыл, сары, көк, қызғылт  түсті стикер арқылы топқа бөлу

 

 

 

2.«Миға шабуыл» әдісі :ашық, жабық сұрақтар арқылы

 

1.Төр қандай орын? 

2.Төр сыйлы орын ба?

 

3.Қазақ халқы үйге келген қонақты қалай қарсы алған?

4.Көрпе төсеп қарсы алған ба?

 

5..Қонаққа қалай құрмет көрсеткен?

 

6.Қазақ халқы төрге кімді отырғызған?

7.Төрде аталар отырған ба?

 

8.Қазақта қарт туралы қандай аталы сөз бар? «Қазақта төріңнен қарт кетпесін» деген аталы сөз барма?

9.Батаны кім берген?

 

Дәптерге бүгінгі күн, тақырып жазылады.

3.     «Ой шақыру» әдісі 

Ырым – тыйым деген сөздерді естідіңдер ме, ол туралы не білесіңдер?

Қазақ халқының ұғымындағы қандай тыйым сөздерді білесіңдер? Сипаттап беріңдерші

Кіріспе сөз: Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Әрбір тыйым бекер айтылмаған, әрқайсысының тәрбиелік мәні бар, оқушылар үшін ереже болып табылады

 

 


 

Сабақтың ортасы

(32 мин).

 

 

 

 

 

Оқушылар тақтаға қарайды.

4. Сөздікпен жұмыс.

Тақырыпқа қатысты  сөздермен таныстыру, топпен айтқызу. Дәптерге жаздыру.

Жаңа сөздер:

жаман ырым-плохая примета

 тыйым сөздер-слова запрета

 басу/баспау-наступать, не наступать

құт-богатство, достояние

жақсылық-благо, добро

құтсыз- несчастный

қарауылы- охранастража

босаға,табалдырық-порог

қасиетті ұғым-благородное понятие

кедейлік-бедность

5. Мәтіналды жұмыс. «INSERT» әдісі Мәтінді түсініп оқу, мәтін ішінен тыйым сөздерді тауып белгілеу.Оқушылар дауыстап оқиды.

5.Домино әдісі

Конвертте тыйым сөз шашыраңқы түрде беріледі, сол сөздерді дұрыс құрастыру керек.

  1.  «Табалдырықты баспа, бақыт қашады»
  2. «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма»
  3. «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама»

ҚБ. Дескриптормен бағалау.

Екі топ бір-бірін бағалайды.

 

4.Қабырға әдісі

Қабырғада үш жақта ақ қағаз ілулі тұрады. Ішінде он сөз жазылған. Әр топтан бір оқушы шығып бір минуттың ішінде қанша сөз есте сақтағанын тексереміз. Тобына келіп есте сақтаған сөздерді ортаға салып, талқылап жазу керек.

 

 

  1. Қасиетті
  2. Кедейлік
  3. Табалдырық
  4. Бақыт
  5. Адам
  6. Келін
  7. Жаман
  8. Үй
  9. Шашу
  10.  Жақсы

ҚБ. Дескриптормен бағалау.

Бірін – бірі бағалау.

   

5.Жеке тапсырма. Бірін- бірі тексереді. Бағалайды. Бағдаршам әдісі 

Нанды бір қолмен..............(үзбе)
Жағыңды............................(таянба)
Су шашып............................(ойнама)
Кемтар адамға....................(күлме)
Пышақты шалқасынан........(қойма)
Бас киіммен......................... (ойнама) Адамды.................................(айналма
Малды...................................(теппе)

Отпен.....................................(ойнама)
Түндесуға................................(барма)

ҚБ. Дескриптормен бағалау.

  Ы»әкавй

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

йцупццкк

 

Сабақты бекіту: Барлық айтылған тыйым сөздерді қайталау. Оқушылар екі қатарға тұрып жаман/ жақсы сөздер айтады. Ортадан өткен оқушы есте қалған жасы сөздерді ортаға салады.

Бағдаршам әдісі

Қолымнан бәрі келді (сары)

Бәрін үлгермедім, бірақ... (қызыл)

Қолымнан ештеңе келмейді (көк)

Оқушылардың жетістігін бағдаршамға салып, талқылау.

 

Үйге тапсырма: Қазақтың  дәстүрі туралы жазып келу.

 

 

 

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

  • Топтық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету арқылы жүзеге асады.
  • Барлық оқушылар мәтіннен жаңа ақпаратты табады, сыни ойлау арқылы тапсырмаларды орындауға төселеді.
  • Кейбір  оқушылар мәтіннің мазмұның түсінеді, тыйым сөздердің мағынасын ашады,  сыни  көзқарасын білдіре отырып, талқылайды.
  • Оқушылардың білімдерін білу мақсатында  ашық сұрақтар беріледі. 2.Дескриптормен, әдістермен, қол шапалақтаумен бағаланады.
  • 3. Бағдаршам әдісі арқылы  арқылы бірін-бірі бағалау
  • 4.Кері байланыс (ауызша)
  • Топтасқанда және сергіту сәтінде, ширату жаттығулар кезінде ескерілуі керек

Жоспарлаудағы рефлексия

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

 

 

-Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына  сәйкес болады.

-Оқушылар негізгі мәліметтермен толық танысады.

-Оқушыларға  қолайлыорта туғызып,жұмыс жасағандықтан  сыныптағы ахуал жақсы болады.

-Жоспарланған саралау шаралары оқушы қызығушылығын арттырады, білімді бекітеді.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.Оқушыларға ұсынылған    талдау жұмыстары  оқушылардың қызығушылығын тудырады деп ойлаймын.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1. Мәтінді талқылай отырып ,мәселені шешу сабақты жақсарта алады.

2.Әрбір сабақ соңында оқушыны ҚБ арқылы бағалау

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Оқушы қажеттіктерін  қанағаттандыратын жұмыс ұсынылған жағдайда  менің келесі сабағымды жетілдіруге  болатынын ескеремін.

           

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз