сайыс
ozgetil.kz

Мен ғарышкер боламын

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы
«Келешек» балабақшасы
Смағулова Ғалия Қадырқызы

Тақырыптық сабақ: «Мен ғарышкер боламын»

Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру. Балалардың сөздік қорларын байыту, 12-ші сәуір ғарышкерлер күні туралы түсінік беру, айналаны қоршаған орта жайында  білімдерін кеңейту, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Табиғат сұлулығын сезінуге, оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау, көңіл-күйді көтеру, сурет бойынша әңгіме, ойын, сұрақ-жауап, қорытынды.

Көрнекілігі: слайд бойынша тақырыпқа байланысты суреттер, ғарышкерлер суреттері

Сөзік қоры: ғарыш, ғарышкер, ғалам

Билингвальды компонент: ғарыш – космос - space, (спейс) ғарышкер – космонавт - cosmonaut, (космонавт) ғалам – мир – peace (пис)

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: балаларға ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттату.
Барысы:
Шаттық шеңбері.
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың достарым!
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым!
(Балалар шеңберге жиналып, қызығушылықпен айтады).
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғат қандай құбылыстарға өзгереді?
- Көктемнің неше айы бар? Айларын атаңдар.
- Сәуір айында қандай мереке бар, естеріңе түсіріңдерші?
- Иә, бұл сәуір айында үлкен мереке бар. Ол – ғарышкерлер күні деп аталады.
- Балалар аспаннан нелерді көруге болады?

Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
(балалардың жауабы ).
Тәрбиеші:
- Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әрбір мамандық адамзатқа өте қажет екен.
Мысалы: дәрігер-адамдарды емдейді, мұғалім-балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді.
Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер
- Ғарышкерлер дегеніміз кімдер?
- Ғарышкерлер дегеніміз – олар ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адамдар

Тосын сәт.
Аспан әлемінен қонаққа Жұлдыз келеді.
Жұлдыз балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарады.
- Біз, қазір балалар, аспан әлеміне барамыз. Кәне, барлығың еркін отырып, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа аспанда ұшып жүргендей болып елестетіңдер (үнтаспадан музыка әуені естіледі). Біз ұшаққа отырып, аспанға көтерілдік. Аспанда күн бізге күлімсіреп қарап сәулесін шашып тұр. Кенет аспан әлемінде ай көрініп, жымыңдап жұлдыздар да көріне бастады. Біз жоғарыға көтерілген сайын суық ауаны сезіне бастадық. Денеміз тоңғандай болды. Біздің қасымыздан қатты жылдамдықпен бір құс ұшқандай болды. Ол құс ғарыш кемесі – зымыран екен. Қайтатын уақытта жақындады. Енді біз Жер планетасына ораламыз (балалар көздерін ашады).
Жұлдыз: - менің де сенімен қоштасатын уақыт болды. Басқа да балаларды аспан әлеміне саяхатқа апарайын. Балалармен қоштасады.

Балаларға ғарыш туралы түсінік беру.
- Мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
Аспан әлемінде 9 ғалам бар. Сол ғаламның үшіншісі Жер деп аталады. Ал біздер сол Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз. (зымыран суреті мен макетін көрсету). Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз.

Слайд арқылы әңгімелеу. (суреттерін көрсете отырып)
Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол- Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.
1991 жылы ғарышқа Қазақстаннан алғаш рет қазақ ғарышкері ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы. Ал 2015жылы 12-і қыркүйекте Айдын Айымбетов ағаларың аспан әлеміне жол тартты.Яғни ғарышқа ұшқан үшінші қазақ азаматы.

Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ол Қазақстанның Қызылорда облысында Қармақшы ауданы деген жерде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар осы жерде әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.

Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол «скафандр» деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен.
-Балалар, біз ғарыш, ғарышкерлер туралы тақпақтар жаттап едік қой. Кәне, есімізге түсірейікші.

1. Бүгін Юрий ағаның,
Ұшқан күні ғарышқа.
Мен аспанғақараймын,
Мен ғарышкерболамын. (Ақнұр)

2. Мақтанышы даламның,
Байқоңырдыңқұшағы.
Ұрпақтарығаламның
Осы жерденұшады. (Еңілік)

3. Күлімдейді күміскүн,
Құштарындакөзтігіп.
Кемесінеғарыштың,
Байқоңырдакезігіп. (Санжар)

4. Байқоңырдан ұшқанға,
Барлықәлемқарады.
Досқұшақтараспанға,
Көтеріліпбарады. (Әлия)

5. Қазақстанныңтұңғышғарышкері ТоқтарӘубәкіровке:

Алтын бесік тербеткен,
«Байқоңырдан» аттандың.
Ең алғашқы қазақтың
Ғарышкері атандың.

Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады. (Дінмухамет)

6. Ғалым болам десеңіз,
Білімді жина басынан.
Ғарышқа ұшам десеңіз,
Шынықтыр дене жасыңнан.(Еркеназ)

7. Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса марсқа.( Аяна)

8. Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын,
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.

Ғарышкермендеболамын,
Боламындесемболамын.
Көктіңжүзінбарлаймын
Үлкенғалымболамын. (Динмухамед)
 
- Балалар, сендер ғарышкер болғыларың келе ме?
- Балалар, кәне бойымызды жазып сергіп алайық.

Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.

Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанд аболатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.

Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.
Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу.

Жаңылтпаш.
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы, ғарыш алыс па?

Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін пысықтау.
- Балалар бүгінгі күн қалай аталады?
- Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?
- Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
- Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?
- Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
- Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?
- Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?
- Неге арнайы киім киеді?
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар, ғарышкер болуды армандайтын бала жоқ шығар? Ал ол үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып  өсулерің  керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Сол үшін апайларыңды тыңдап,тәртіпті,шыныққан бала болуларың керек. Тоқтар ағаларың, Талғат ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектеспін!

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімі туралы;

Түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәліметтерді;

Қолданады: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемелерінің ұшатындығын, ғарышкерлердің арнайы дайындықтан өтетіндігін, олардың арнайы киімдерінің болатындығын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)

Пікірлер