Ұлы жеңіс жасасын

Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы
«Келешек» балабақшасы
Аманжолва Бейбіт Мұханқызы

Ұйымдастырылған оқу қызмет: «Ұлы жеңіс жасасын»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отансүйгішке, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікттерін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерін таныстырып ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлау білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ән: Гимн
Көрнекіліктер: Ұлы отан соғысы туралы кітаптар мен, батырлары суртеттері.
Тәрбиеші: Срғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасында жан аямай шайқасты. Даңхты қарулы күшттердің және еңбек армиясында құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен. Ер етігімен су кешкен. Сурапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып Отанды қорғауға біздің батыр апаларымыз Ә.Молдағулова мен М.Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза таптты.Бауыржан Момышұлы екінші дүние жүзілік соғыстың  даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекті жазушысы.
- Балалар Отан және туған жер туралы тақтаптар айтады.

Алихан
Отан үшін жанымызды береміз
Отан үшін барлығына көнеміз
Отан да ананыңда алдында
Осы өмірге парызды өтіп кетеміз.

Айлин
Сарқылмайтын қуатым
Тірегім сен отан
Мәңгі соғып туратын
Жүрегім сен отан.

Мариям
Туған жерде толамыз
Ертең жігіт боламыз
Отан ортақ  үйіміз
Көңілді ән мен күйеміз

Дінмұхамед
Отан - сенің, ата-анаң,
Отан - сенің досың бауыырң,
Отан - өлкен  Астанаң
Отан - аудан ауылың.

Нұрәлі
Бақытты болып жүрегім
Сенің арқаң ұлы отан
Елім менің тірегім
Құшағыңда гүл атам.

Тәрбиеші: - Иә сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды. Бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді. Дүие жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымымен сезіне түстті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықтты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүктті.
Бірлік ерлік халықттар достығын нығайа түстті.

Арылып жаудан жерімді,
Табанға шаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер бұл қай кұн.
Тоғысыншы мамыр күн!
Ал балалар жеңіс туралы тақпақтты кім айтады?

Нияра
Жеңіс, жеңіс  естілді жалында
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып-қызыл болып ашылды,
Жеңіс кеген тоғызыншы мамырда.

Камила
Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден  лаззат алады.

Байсара
Ағайлардан апайлардан,інімнен,
Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл күбіріп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай әжем белі бүгілген.

Диана:
Жадыранқы  бүгін қабақ ашылған.
Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған,
Мен жеңістің көріп тұрмын алауын.
Жаңарлаудан алтын шуақ шашылған,

Тәрбиеші: Ұлы отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов. Ел алдындағы борыштарын өтеп,еліміздің амандығын жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктерін арқасында біз осы кұнге жеттік. Біздің өз қаламызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын. Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің баттырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай екңбек етіп, білімді, өз жеріміздің патриоттары болайық.

Тәрбиеші: Балалар біздің шекарамызды кім қорғайды?
Балалар: Солдаттар

Бексұлтан:
Шекарада салдат тұр,
Ел бақыттын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.

Ән: Бұл шақта
Тәрбиеші: Осымен Ұлы жеңіс жасасын аттық тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)