сайыс
ozgetil.kz

Алтын күз

 Астана қаласы
"Атамұра" балабақшасы
Әбдіреева Гүлжанат Ерболатқызы

Алтын күз мерекесіне арнаған сценариі
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші:
— Армысыздар аяулы менің кішкентай бүлдіршіндерім, құрметті қонақтар, баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз. Олай болса....
Мирас:
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық!
Алтын күзге арналған
Шаттықты біз бастайық!
Жүргізуші:
Елімізге келіпті ғой алтын күз,
Жомарттығын бақыладық бәріміз.
Кім табады, кім табады,
Қандай екен алтын күз.
Ән: «Күз тамаша» жарты шеңбермен айтады.
Фондық әуен:
Әуенмен залға Күз келеді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар, сәлеметсіздер ме, қонақтар. Баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге келе жатып, жапырақтарды сарғайтып, жаңбырды сіркіретіп, желді соқтырып, ауаны суытып келдім.
— Ал сендер мені таныдыңдар ма?
Ия мен күз ханшайымымын.
Жүргізуші: Күз ханшайымы ендеше бізбен қалып алтын күз мерекесін тойлаңыз.

Тақпақтар.
Нұрайым:

Соққанда кейде дауылы
Береке күздің жауыны
Сол жауыннан өсіпті
Бақшаның қарбыз қауыны.
Мади:
Берекесін жинауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жанель:
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып.
Күз ханшайымы: Мұндай өнерлі балалардың ортасына келіп ойнамай кеткенім жөн болмас сондықтан « Тамшы теру » ойынын ойнағым келіп тұр сендермен балалар. Ойынның шартын күз ханшайымы түсіндіреді.
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалар сізге арнап өнер көрсетеді, тамашалаңыз!
Би «Қолшатыр»
Күз туралы тақпақ.
Арсен:
Қамба толы астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та
Қап-қап бидай алдық біз.
Алишер:
Алма пісіп, алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды
Құстар қайтып қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Биали:
Сап сары маңай
Сап сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Жасмин:
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
Жүргізуші:
Енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сізге арнап ән айтады.
Ән: «Күздің күні қандайды»
Фондық әуен: Залға көңілді болып Кірпі келеді.
Кірпі:
Мен кірпімін, кірпімін
Домаланып жүремін
Инелерім көп менде
Азулықтан сақтайтын.
Балалар мен орманнан сендерге базарлық әкеле жатыр едім алдымнан бұзықтар шығып, бар жинағанымды жұлып әкетті. (жылайды).
Күз: Кірпі, кірпі сен жылама... Біз күз мерекесін жайдарлы қарсы алып жатырмыз. Балаларымыз шеттерінен өнерлі екен, мың бұралған билерін көрсең, сыңқылдаған дауыстарын естісең ммм ммм ммм керемет қой керемет.... қане балалар, өнерімізді дәлелдейміз бе?
Ән: «Ағылшын әні».
Кірпі: Рахмет балалар! Көңілімді бір көтердіңіздер.
Жүргізуші: Тапақтарға кезек берейік.
Делья:
Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз.
Әмір:
О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап?
Аруна:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Сұлтан:
Ән салады өзен
Тал тұрақ
Шашу болды жапырақ.
Инсар:
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.
Аяна:
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толды ең далам
Дариядай шалқып жүр
Мейірлі күз, мырза күз.
Қасым:
Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау.
Әлімжан:
Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін.
Темірлан:
Кел, балақай тойлайық
Қызығына тоймайық
Күз мезгілін шақырып
Бүгін күліп ойнайық.
Би: «Аққу».
Күз: Көп рахмет. Мен сендерге өте ризамын. Тамаша өлеңдеріңе, білімдеріңе, тақпақтарыңа өте ризамын. Сондықтан әкелген сыйлығымды берейін. Балалар қоштасатын кез келді. Бұл менің арнайы сіздерге әкелген сыйлығым болады. Қабыл алыңыздар!!!
Фондық әуен: сыйлық тарату.
Күз: Мен енді жылы жаққа кетемін, ендігі жылы тағы келемін, сендер тәртіпті болыңдар, денсаулықтарың зор болсын. Сау болыңдар.
Жүргізуші:  Ал енді, құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.

Бәйтерек тобы.
1. Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
2. Ән: « Күз тамаша »
3. Фондық әуен: Күз келеді.
4. Ойын: « Тамшы теру » музыкамен көңілді
5. Би « Қолшатыр »
6. Ән. « Күздің күні қандайды »
7. Фондық әуен: Залға көңілді болып Кірпі кіреді.
8. Ән: « Ағылшын »
9. Би « Аққу »
10. Фондық әуен: сыйлық тарату.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)

Пікірлер