Өлең, жыр, ақындар

Көктем аруы

Нұрбекова Меруерт Әлімханқызы

«Көктем аруы» сайысының жоспары
Мақсаты:
1) Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
2) Балалардың барлық аналарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ана еңбегін ардақтап, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3) Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), қыздар мен аналар жайлы мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, шармен, гүлмен безендірілген бөлме, қатысушы қыздардың фотосуреттерінен слайд
“Көктем аруы” сайыстың кезеңдері
1 - сайыс: «Мен қазақ қызымын»- өзін — өзі таныстыру.
2 - сайыс: Сұрақ-жауап
3 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады.
4 - сайыс: «Сән үлгісі»
5 - сайыс «Ас адамның арқауы»
1 - жүргізуші:
– Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Осы мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне М. Ералиеваның «Қыз сыны»)
1 - жүргізуші:
 – Сайысымыздың шарты бойынша қыздар гүлді таңдап, оның ішіндегі нөмерін алып, сол ретпен өнерін көрсетеді. (Қыздар гүлдерді таңдап,өз нөмерлерін біледі)
2 - жүргізуші:
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1 - сайыс: «Мен қазақ қызымын»- өзін — өзі таныстыру.
2 - сайыс: Сұрақ-жауап
3 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады.
4 - сайыс: «Сән үлгісі»
5 - сайыс «Ас адамның арқауы»
1 - жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Көктем аруы” сайысын бастайық біз.
2 - жүргізуші:
- Нұрын төккен көктемде алғашқы көрінген жауқазын бейнелі көрікті мейрам, әсемдік пен сұлулыққа, әдемілік пен нәзіктік қуатына табынтар сәт – әйелдер мерекесі тағы да құтты болсын деп сайысымызға қатысқалы тұрған аруларымызды таныстырамыз. (Нөмір таңдап ретін анықтау. )
1 - сайыс:
Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен 9 ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.
1 - жүргізуші:
2 - сайыс: - Қыз сұлу көрінеді білімімен, демекші аруларымызға
Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық.
2 - жүргізуші:
3 - сайыс: Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Ал біздің қыздар шығып ортамызға
Дарынын танытады кезегімен.
- Өнер сайысы
1 - жүргізуші:
4 - сайыс:

Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың, - дей келе, сайысымыздың сән үлгісі кезеңін тамашалайық.
5 - сайыс «Ас адамның арқауы»
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз