Тәуелсіздік — ел тілегі

"№167 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рысменді Күлжан Өмірзаққызы

Мақсаты:
Қазақ халқының сан ғасыр армандаған арманы тәуелсіздік туралы оқушыларға түсінік беру. Қазіргі Қазақстан - әлем таныған егемен ел екендігі туралы мағлұмат беру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру;

Көрнекіліктер: Тәуелсіздік туралы слайдтар, нақыл сөздер. Желтоқсан оқиғасы тақырыбына арналған суреттер, бейнероликтер.
1-оқушы
Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап көгім күй тартты елім
Қол жетті міне аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым менің

Қазақстаным жасыл орманым
Қуанышымды жасыра алмадым
Аңсаған бабам аңсаған елім
Бостандық еді-ау асыл арманым
 
2-оқушы
Елім менің аңсаған
Тас бұғаудан босаған
Құтты болсың отауың
Берік болсын оу босағаң

Бабамның қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам қымбатсың маған
Береке бірлік - қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы далам

1-оқушы
Күйінсін жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба елім
Ояншы елім жиылсын есің

Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

2-оқушы
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқы сан ғасыр армандаған, армандап қана қоймай, жан алысып жан берісіп күрескен тәуелсіздігіне осыдан жиырма алты жыл бұрын қол жеткізді. Иә, дәл сол 1991жылдың желтоқсанында «ақ түйенің қарны жарылып» еліміз еркіндік алды. Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Кенесары мен Наурызбай, Махамбетпен   Исатай, Сырым мен Жанқожа батырлар елінің тәуелсіздігі жолында опат болды. Қазақ халқы өткен ғасырда да еркіндік үшін күресін тоқтатпады. Ғасыр басында Алаш арыстары да елінің тәуелсіздігі жолында қасық қаны қалғанша күресті. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер мен қыздардың ар намыс пен елдік рух жолында тәуелсіздікті талап еткен тегеурінді күш қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттермен қыздардың бұл қадамы шынында да ерлік еді.  

1-оқушы
Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілседе, елдің рухын көтеріп, еркіндік алуға ұмтылдырды.Қайсар ұрпақ қай кезеңдеде қайыспас ерлігімен қарсы тұрды. 1986жылы 17желтоқсан күні қазақ жастары азаттық жолында орталық алаңға шықты «Менің Қазақстаным» әнін шырқай жүріп, қайсар рухтан қайтпаған Л. Асанова, Қ. Рұсқұлбеков, Е. Сыпатаев сияқты жас қаһармандарға бүгінгі азаттығымыздың алғы шарты болған желтоқсан ерлерін емірене еске ала отырып, соларға арнап жыр жолдарын арнамақпыз.

2-оқушы
Желтоқсан туып,
Шашырап жатыр ақ мамық,
Желтоқсан түні тұрғандай мұңын ақтарып.
Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп кеттім,
Үзіліп кетуге шақ қалып…

3-оқушы
Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан – зары боздаған көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара.
Бүгінгі мен кешегің.

4-оқушы
Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолыңнан таймап едің.
Айырылып күніз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Өр едің өлсеңде беріспеген,
Зар-мұңның әні барма сен айтпаған?
Тағдырдыңзәрібарма сен ішпеген?
Тербетіптұрсаболдыжербесігім,
Дәулеттіңтілеймінкөл-көсірін.
Көзтимей, кірбіңтүспейқабағыңа
Жалғыз-аққұттыболғайенді осы күн!

5-оқушы
Тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ. Қажырлы күреспен келді. Желтоқсан көтерілісі-оның соңғы куәсі. Тәуелсіздік халқымыздың асыл арманы, ел тірегі. Қиындықпен қол  жеткізген тәуелсізді қорғап қалу, оны өміршең ету-бүкіл қазақ халқының , ел басында отырған азаматтардың міндеті,азаматтық борышы.

1-оқушы
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айтабергімкеледіайтабергім!

2-оқушы:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса құл болам деп тумайды,
Анадан қыз тусы күң болам деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын елміз.

3-оқушы
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Қазақ халқы осы тәуелсіздік жолында небір қиын-қыстау кезеңді бастан кешірді десеңші, арыға бармай 1720 жылдан бергі тарихқы қысқаша шолық өтсек. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда» 1 млн. адамнан, яғни сол кездегі халықтың 40 % айырылды.

1-оқушы
1916 жылы патша үкіметі қазақтарды тыл жұмыстарына мобилизациялаудың тәртібін жариялады. Ашу-ыза кернеген жұмысшылар мен шаруалар көтеріліске шықты. Өзінің сипаты жөнінен ол отаршылдыққа және феодализмге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс еді.

2-оқушы
1917 жылы ақпан жәнеқазан төңкерілісі салдарынан, Аамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзіліске, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни ел халқының 19 % апат болды. 400 мың қазақ отбасы, елден кетуге мәжбүр болды.
 
1-оқушы
1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуған-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп, «халық жауы» атады. Сол кезде абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды. Халқымыз осылайша жапа шекті.

2-оқушы
Қазақ халқының ең соңғы өліп – тірілуі біздің халқымыздың қайғылы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты жалған жаламен 99 адам сотталып, 264 адам жоғарғы оқу орнынан қуылып, әртүрлі жазаға ұшырады. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсан Президент жарлығымен Желтоқсан құрбандарын еске алу күні, Тәуелсіздік мерекесі болып жарияланды. Міне, 1991 жылыжарияланғантәуелсіздігімізгебүгінде 26жылтолыпотыр.

3-оқушы
Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ірі оқиғаларының бірі. Ол тек тоталитарлық жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік сыйлаған зор саяси әлеуметтік құбылыс болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.

3-оқушы:

Желтоқсан туып,
Шашырап жатыр ақ мамық,
Желтоқсан түні тұрғандай мұңын ақтарып.
Шыңғырған дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп кеттім,
Үзіліп кетуге шақ қалып…

4-оқушы:

Желтоқсан – майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан – зары боздаған көмген шешенің.
Сызылған қанмен желтоқсан ұлы шекара.
Бүгінгі мен кешегің.

2-жүргізуші:

Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолыңнан таймап едің.
Айырылып күніз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Өр едің өлсеңде беріспеген,
Зар-мұңның әні барма сен айтпаған?
Тағдырдың зәрі барма сен ішпеген?
Тербетіп тұрса болды жер бесігім,
Дәулеттің тілеймін көл-көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағыңа
Жалғыз-ақ құтты болғай енді осы күн!

1-оқушы
Аз ғана уақытта әлем назарын өзіне аударған толқу күшпен басылғанмен, оның мәні мен маңызы еш уақытта өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған теңдік талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.
Ә. Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» әні орындалады.

2-оқушы:

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарым
Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік
Дербестікке құн ұрамақ басқа кім?!
Намысымның шуағы да – Желтоқсан!
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан!
Жігіттердің ұраны да – Желтоқсан!
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан!

Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

3-оқушы:
Өсер алдың қай уақытта да бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоксанның мұзаға жанған алауы.
Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашандатиісемесеңкеюгежалауы!

4-оқушы:

Тәуелсіздік бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік – жүректерде тұншығып
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Мектебіміз алға шығып өмірде
Жақсы атақпен нұр шапағын жинады!

5-оқушы
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта бұрын өніміз түгілгі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші (оқушылар кезекпен)
1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды;
1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;
1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды;
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді;
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады;
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды;
1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында еркеше күн болды. Осы күннен бастап, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

1-оқушы:
Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз жерін жатқа сыйламаған және сатпаған халық.
Ұлан-ғайыр жерінің ұлтарақтай үшін жанын жалау еткен бабаларымыз тіркескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің белін үзген.
Сол марқасқа батыр бабаларымыздың өмір өткелдерін, ерлік жорықтарынан деректер білу – ұрпақтарға парыз міндет.

2-оқушы
Тәуелсіз елдің ұлы өжет,
Қызы – қайратты,
Халқы – қаһарман.
Тәуелсіздікті анаңдай ардақта,
Баландай мәпеле,
Құдайдай құрметте!
Тәуелсіздік үшін тәніңді де,
Қаныңды да,
Жаныңды да аяма!

1-жүргізуші:
Елтаңбамыз ажарлы
Ән – ұранымыз әуенді
Асқақ бола түссін!
Елдігімзідң белгісі –
Көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!!!
 
Қорытынды сөз:
Қорыта айтқанда, Қайрат, Ләззат, Ербол тағы басқа қандастарымыздың алып берген тәуелсіздігін қастерлеуіміз керек. Жолтақсан рухы бізді осыған шақырды. Азаматтық туын асқақ , тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға шақырады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)