Қоянның туған күні

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы
«Балауса» бөбекжай-бақшасы
«Жұлдыз» тобы
Өткізген: Манатова Молдир Қайыргожиновна

Ұйымдастырылған оқу  іс–әрекеті

Бөлім: таным, коммуникация, денсаулық, шығармашылық.

Кіші сала: сенсорика, сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, сурет салу.

Тақырыбы: Қоянның туған күні

Мақсаты: балалармен оқу іс–әрекетінде қоянмен таныстыру. Қоянмен бірге білімдерін ойын арқылы жетілдіру, балалардың қол маторикасын қалыптастыру. Ұйымдастырылған оқу іс–әрекеті кезіңде мұқият тыңдауға, қайталауға, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Екі тілдік компонент:  қоян – зайчик, ұзын – длинный, туған күн – день рождение, тастар – камни.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: әр түрлі ойыншықтар, түрлі түсті тастар, өткел, ағаштар.

Дәлеллеу ояту

– Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен балабақшаға келе жатып қоянды кездестірдім. Бүгін қоянның туған күні. Сендерді қоян туған күніне шақырып жатыр. Бәріміз бірге қоянның туған күніне барайық.

Ұйымдастыру–іздену

– Қоянға туған күнге бару үшін біз оған сыйлық жасау керекпіз. Қараңдар балалар менде қандай әдемі түймелер бар. Осы түймелерден қоянға арнап моншақ жасайық. (балалармен бірге моншақ жасаймыз)

– Міне біздің сыйлығымыз дайын. Бәріміз бірге орманға қоянға барайық.

– Балалар, қараңдар мына жерде әр түрлі тастар жатыр екен. Осы тастардан секіріп өту керекпіз. (тастардан секіру)

– Өте жақсы тастардан секіріп бір кедергіден өттік. Жолымызды жалғастырайық.

– Ой балалар, қараңдар. Қандай әдемі өткел. Мына өткелден өтсек қоянғада жетіп қаламыз. Қатарлап тұрып өткелден өтейік.

Міне орманғада жеткен сияқтымыз. Бірақ қоян көрінбейді. Бәріміз іздейікші. Көріп тұрсыңдар ма?

– Қоян ағаштардың арасына тығылып қалыпты. Қоян, сәлем. Туған күніңмен.

– Балалар, қоянмен амандасайықшы.

– Қоянның құлағы қандай? Ұзын ба, қысқа ма?

– Қоянның қолы. Сендер қолдарынды көрсетіңдерші.

– Мынау қоянның аяғы. Сендердің аяқтарың қайда?

– Қоян, бүгін сенің туған күнің. Балалармен ойын ойнап, би билейік.

Дидактикалық ойын: «Мен не жасырдым»

Балалардың алдына 5-6 ойыншықтар  қойылады. Балалар қоян тыққан затты табуы керек. (доп, машина, қуыршақ, сылдырмақ)

Би: Қоянмен бірге

Шығармашылық жұмыс

– Қоянмен ойнадық, би биледік. Өте қызықты болды. Енді қоянға естелікке сурет салып берейік. Бояудың көмегімен ұлпа қарлар салайық.

– Қандай әдемі болды. Осы суретті қоянға естелікке іліп қояйық.

Рефлексивті-түзетуші

– Балалар, осымен қоянмен қоштасатын уақыт келді. Бізге топқа қайту керек.

– Қоянға арнап тақпақ айтып берейікші.

Тақпақ: «Ұзын құлақ сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы - қырлы жерлермен

Ытқып – ытқып жүгірді.

– Қоян рахмет саған. Қоянмен қоштасайық. Сау бол Қоян!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)