Өлең, жыр, ақындар

Зат есім

Семей қаласы
№39 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Какимова Гаухар Дубековна

Сабақтың атауы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есім туралы түсініктерін кеңейту; Олардың емлесі туралы 2-сыныпта өткен білімді еске тісіру.

Дамытушылық: Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын,тілін,сауатты жазу,елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу.

Тәрбиелік: Оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, жылы сезімдерді тудыру. Ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Топтастыру.

Көрнекіліктер: Оқулық. Суреттер, кеспе қағаздар, ереже жазылған плакат.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтыңтүрі: Аралас сабақ.

Топқа бөлу. Пазл арқылы тапсырмаларды орынау.

Ынтымақтастық атмосферасы:

Әрбір адам – досым,сыныптасым,

Әрбір ісің – тірлік,тірек,адамдық.

Әрбір сөзің – шындық,бірлік,адалдық,

Әрбір сабақ – үйрену,оқу,іздену.

Үй тапсырмасын сұрау. (7-жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.)

Қызығушылықты ояту. Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетін аңғарту үшін мынандай тапсырмалар беремін. Тақтаға әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдер жазылады. Мысалы: Құрылысшы, сәби, кітап, үй, жаңбыр, найзағай қой, парта, торғай, қияр, жолжелкен. Зат есім бас әріппен басталып  жазылады. Оған адам аттары, жер-су аттары, тау аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады.

Жаңа сабақ.

1-топ 1-жаттығу.

2-топ 2-жаттығу

3-топ 3-жаттығу.

(Оқушылар тапсырмаларды өз топтарында орындайды.)

Тақтамен жұмыс.

Өлеңді оқы. Зат есімдерді теріп жаз.

Сергіту сәті.

Жазып азып бәріміз.

Талып қалды қолымыз.

Бір,екі,үш,

Бойға жинап күш,

Отырамыз біз тыныш.

Ой толғаныс.

Мақалды көшіріп жаз.Зат есімді тап.

Ақыл -  тозбайтын тон.

Білім – таусылмайтын кен.

Шешен -  сөз бастар,

Батыр – қол бастар.

Үй тапсырмасы.

5-жаттығу.Ереже жаттау.

Бағалау.

Бағалау парақшаларын тарату.

Кері байланыс. Оқушылар смайликтерді өзі  қалаған нұсқаларға жабыстырады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз