Өлең, жыр, ақындар

Жаныңда жүр жақсы адам

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы: Аманжолова Сабыркүл Хамитқызы

«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында СТ-17о оқу тобына өткізілген психологиялық тренинг

Мақсаты: Оқушылардың бір–біріне деген адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра отырып, бойларына жылулық ұялату.

Көрнекілігі: слайд, плакат, әуен, интерактивті тақта, парақшалар (стикерлер)

Әдіс–тәсілдер: Ойын,  сұрақ – жауап, пікір  алмасу

1. «Жылулық сезіну» жаттығуы
Тренингке қатысушы оқушылар шеңбер құрып тұрады да, жұмсақ ойыншықты жылжыту арқылы көршісіне жылы лебіз, тілек білдіру ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді.

2. «Сұрақ-жауап» ойыны

Шарты: Ойыншылар санына шек қойылмайды. Сұрақтар мен жауаптар көлемдері бірдей парақтарға (қатты қағаз болса тіпті жақсы) жазылады. Үстел үстіне, не екі қорапқа сұрақтар бір бөлек, жауаптар бір бөлек қойылады. Бірінші ойыншы сұрақтары бар парақтың біреуін алып, сұрақты көршісіне оқиды. Көршісі жауаптары бар парақтың біреуін алып қойылған сұраққа жауап оқиды. Одан кейін жауап берген адам келесі адамға сұрақ қояды. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын қызығы мынада: мысалы, жігіт: «Адал термен тапқан ақшаңызды оңды-солды шашасыз ба?» – деген парақты  оқыса, қызға: «Бұл менің сүйікті ісім» - деп жауап беруге тура келуі мүмкін.

3. Психологиялық тест: "Қай жолды таңдадыңыз?"

№1 есікті таңдаған болсаңыз
Еркіндік жолын таңдадыңыз. Сіз үшін бос кеңестік пен тәуелсіз болудың маңызы зор. Әрбір қадамыңыз үшін жауап бере аласыз. Шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланасыз. Алдыңызға қойған мақсатыңызға жетпей тынбайсыз. Өміріңіздің әрбір секундына қуанып, уақытты дұрыс жұмсай білесіз.

№2 есікті таңдаған болсаңыз
Сіздің жолыңыз – артық адамдарға орын болмайтын шағын ғана әлем. Жалғыз қалғанды жаныңыз сүйеді. Әлемді жалғыз шарлап, түрлі шараға баруды ұнатасыз. Әңгімелесуші мен қамқоршыға зәру емессіз. Достарыңызды қатты жақсы көретініңіз рас. Алайда жалғыз қалуды су тамшысындай ұнатасыз.

№3 есікті таңдаған болсаңыз
Сізді алда талай қызықты күндер күтіп тұр. Өміріңізді сұлулық, тосын сый, қызықты оқиға дегендерсіз елестете алмайсыз. Жалғыздықты мүлдем дерлік ұнатпайсыз. «Қанша өмір сүрсең де, үйренуден жалықпа!» қағидасына сай өмір сүресіз. Айналаңызға үнемі қызығушылық танытып, сұрақ қойып жүресіз.

№4 есікті таңдаған болсаңыз
Таңдаған жолыңызға қарап, сізді таңғажайып оқиғалар күтіп тұрғандығын айта аламыз. Әр кез болашағыңыз туралы ойлап, жаңа нәрселердің дәмін татуды ұнатасыз. Ұшқалақ мінезіңіздің арқасында қауіпсіздік мәселесін ұмытып кетесіз. Үнемі ережелерді бұзып жүрсеңіз де, айналаңыздағылар сіздің болмысыңызға, батылдыңызға қайран қалады. Сіз туралы «Уақытын босқа шығындап жатыр» деп айтатын тірі жан табылмайды.

№5 есікті таңдаған болсаңыз
Сіздің есігіңіз барлығы үшін ашық. Шынайы сұлулық пен жүрек тыныштығы өте маңызды. Мақсат пен оған жету жолына да қызығасыз. Ағыспен жүзіп, қандай жағдай болса да, тұрақтылықты таңдайсыз. Жанжалдың алдын алуды білесіз.

№6 есікті таңдаған болсаңыз
із сабыр мен бейбітшілікті таңдадыңыз. Жалғыздық, тыныштық, қырағылық – өмір атты ұзақ жолда адал серіктеріңіз. «Ескі дос жаңа таныстан артық» деген қағиданы ұстанасыз. Шындықтың беті ашылмайынша тынышталмайсыз. Үнемі өмірдің мәнін іздеуден жалықпайсыз. Бастағы білімнің сапалы болғанын қалайсыз. Сізді ойшыл, философ деп айтсақ та болады.

4. Логикалық сұрақтар (бейнебаян)

5. Есте қалған қызықты оқиға

Шарты: Топ дөңгеленіп  отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір–біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларын айтады.

6. Сантики. Фантики. Лимпопо ойыны

Шарты: Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 

7) Ситуациялық  жағдаят

Мақсаты: Оқушылардың бойында жылулық сезімдерін  ояту және өздерінің ойларын ашық айта білуге үйрету.

«Сіздер дәрігерсіздер» Қолыңызда жүрек біреу. Ол жүрекке мұқтаж 4 науқас жатыр.
1. 6 айлық  нәресте
2. Үйі жоқ, қараусыз  қалған  адам
3. 60 жастағы көп балалы ана
4. Дарынды бала.

Қайсысына өмір сыйлар едіңіз?

8. Алтын балық (релаксациялық  жаттығу)

Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні, сіз судың жағасында дем алып отырсыз. Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдыңыз. Не деген керемет! Өзіңізді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндіңіз. Су астына сүңгіп тереңдей бердіңіз. Су асты патшалығына кез болдыңыз. Айналаңыз сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдіңіз. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезіңізде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадыңыз. Қызығып кетіп, оны ұстап алдыңыз. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Қандай тілек тілегіңіз келеді, соны ойлаңыз. Ішіңізден үш тілегеңізді ойлап, су бетіне жүзуге жіберіңіз».

Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін!

9. Ой салатын бейнебаян.

10. «Жылы лебіз, жылы  сөз» жаттығуы. 

Шарты: Осы тренингтен  алған әсерлеріңізді, өз жылы лебіз, тілектеріңізді кішкентай жапырақшаларға  жазып ілейік. 

Талдау: 

Жалпы бүгінгі өткізілген тренинг, жаттығулар кезінде алған әсерлеріңіз қандай? 

Қандай тренингтер қызықты өткізілді?

Ұнаған тренинг, жаттығуларды атап өтсеңіздер?


Пікірлер (4)

Ляззат

Өте мазмұнды екен

Сымбат

Өте сапалы етіп дайындапсыз!!

Sabyr1970

Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз