Өлең, жыр, ақындар

«Атмосфера» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Лақалы ауылы
№93 орта мектеп КММ
география пәні мұғалімі Досжанов Накип Шаханович

Бөлімше: 3.2. Атмосфера

Оқу мақсаты: 7.3.2.1. Атмосфераның құрамын сипаттау

7.3.2.2. Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін түсіндіру

7.3.2.3. «Ауа райы» ұғымын түсіндіру

7.3.2.4. Атмосфералық құбылыстар мен қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдау,одан сақтану жолдарын анықтау

7.3.2.5. Ауа райының метеорологиялық элементтерін білу

7.3.2.6. Климаттың негізгі метеорологиялықэлементтерінің таралу заңдылықтарын талдау

7.3.2.7. Синоптикалық картамен жұмыс жасау қағидасын білу

Ойлау дағдыларының қолдану  деңгейі:                                      

Бағалау критерийі:                           Білім алушы:

-  Атмосфераның құрамын сипаттай алады;
-  Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін анықтай біледі;
-  «Ауа райы» ұғымын түсіндіре алады;
-  Атмосфералық құбылыстар мен қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдайды және одан сақтану жолдарын анықтауды меңгереді;
-  Ауа райының метеорологиялық элементтерін біледі;
-  Климаттың негізгі метеорологиялықэлементтерінің таралу заңдылықтарына талдау жасай алады;
-  Синоптикалық картамен жұмыс жасау қағидасын меңгереді;

Сабақ уақыты:          40 минут

1-тапсырма.  Кестені толтыр    (6 балл)

 Таза ауаның құрамы мен мөлшері   (%)

Азот

78,08%

Оттегі

20,94%

Инертті газдар

0,93%

Көміртегі диоксиді

0,03%

Озон

0,00005 % -дан аз

Гелий,метан,криптон,сутегі

0,002 % -дан аз неон бар

 

2-тапсырма. (8 балл)

Атмосфера қабаттары

Орналасқан орны

Термосфера

750 км

Мезосфера

80 км-ге дейін

Стратосфера

50-55 км

Тропосфера

17-18 км

 

3-тапсырма. Ауа райы дегеніміз не?   (1 балл)

Белгілі бір жерде,белгілі бір аймақта болып тұратын атмосфераның жай-күйі

4-тапсырма.   (13 балл)

Атмосфералық құбылыстар

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Тұман

Дауыл

Шық

Үсік

Кемпірқосақ

Аңызақ жел

Қылау

Қуаңшылық

Найзағай

Бұршақ

Бұршақ

Қар көшкіні

 

Бұрқасын

 

     5-тапсырма.  Метеорологиялық элементтерді жаз.

Ауа температурасы

Бұлттылық

Атмосфералық жауын-шашын

Жел

 

6-тапсырма. Климат дегеніміз не?  Оны қандай факторлар құрайды?  ( 4 балл)

Климат дегеніміз белгілі бір ауа режімімен анықталатын және сол жерге тән атмосфераның жай-күйі

Географиялық ендік, Жердің төсеніш беті,  Ауа массасының циркуляциясы

7-тапсырма. Синоптикалық картамен жұмыс жасау қағидалары (5 балл)

1. Жергілікті жердегі ауа райы туралы деректер картада қысқартылған белгілер арқылы беріледі.

2. Синоптикалық картаға және оның шартты белгілеріне мән береміз

Изобара  -  қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық

Изотерма - бірдей температуралардың арасын арасын қосатын сызық 

Изотахи - бірдей жылдамдықпен соғатын желдердің арасын біріктіретін ирек сызық

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Атмосфераның құрамын сипаттау

1

Атмосфераның құрамын сипаттай алады;

6 балл

Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін түсіндіру

2

Атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін түсіндіреді

8 балл

 «Ауа райы» ұғымын түсіндіру

3

«Ауа райы» ұғымын түсіндіре алады

1 балл

Атмосфералық құбылыстар мен қолайсыз атмосфералық құбылыстарды  анықтау

4

Атмосфералық құбылыстар мен қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдайды және одан сақтану жолдарын анықтауды меңгереді

13 балл

Ауа райының метеорологиялық элементтерін білу

5

 Ауа райының метеорологиялық элементтерін жатқа біледі

4 балл

Климат пен оның құрамбөліктерін анықтау

6

 

Климат пен оның құрамбөліктерін анықтай алады

4 балл

Синоптикалық картамен жұмыс жасау қағидасын білу

7

Синоптикалық картамен жұмыс жасау қағидасын түсінеді

5 балл

Қорытынды балл

 

41 балл


Пікірлер (3)

Әуез мерей

Маған көмек керек

Алмаз Дарбаев

Өте керемет үнемі қарайм осы жерден

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер