Өлең-жыр байқауы

Жамбыл-қазақ поэзиясының алыбы

Алматы қаласы   
№167 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі Нуралиева Сулу Шапайқызы

Ашық сабақ

І.Сабақтың тақырыбы: Жамбыл-қазақ поэзиясының алыбы.

ІІ.Сабақтың мақсаты: Ж.Жабаев туралы балалардың білімін тексеру, қазақ поэзиясының алыбы, дүлдүлі деген ұғымдарды түсіндіру, балалардың бойында ізденушілікті, терең білім алуды қалыптастыру , адамгершілікке тәрбиелеу.

ІІІ.Сабақтың әдісі: сұрау, жауап, әңгімелеу, баяндау, мектеп лекциясы.

ІV.Сабақтың көрнектіліктері: 1.Жамбыл портреті.

2. Кітап бұрышы.

3. Жамбылдың дастандары.

4. Айтыстары.

5. Жамбыл туралы пікірлер.

6. Рефераттар, альбом.

V.Сабақтың барысы:         1.Ұйым бөлімі.       2.Кіріспе кезеңі.

Мұғалім сөзі: (Қойылатын сұрақтар)

1.Үйге берілген тапсырма қандай?

(Жамбыл туралы материалдар жинау,рефераттар жазу, өлеңдерін жаттау).

2.Жамбылдың қандай өлеңдерін өттік?

                           1. «Кәдірбайдың төбеті».

                           2. «Алғадай туралы әрбір ой»

                           3. «Атаның әлдиі.»(жаттау)

3.Келесі кезекті өздерін дайындаған рефераттарға берелік.

                   1.Меруерт (өмірі)

                   2.Жамбылдың өлеңдері (Армат)

                   3.Айтыстары. (Еркем )

            

4.Дәптермен жұмыс

Жамбылдың дастандары

                        1.Өтеген батыр

                        2.Сұраншы батыр

                        3.Көрұғлы.

5.Жамбыл-поэзияның алыбы, дүлділі. Ол Абайдың бір-ақ жас кіші болатын, дегенмен арманы жағынан да, тілегі жағынан да үндес бола білді. Бұл жөнінде белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов былай деген:

Сол кезге көз салсаң, Абай мен Жәкең бір мақсатқа, бір тілекке,  ақындықтың екі  түрлі  саласын өрлей аттанған сияқтанады: бірі-жаңа әдебиет өнегесін  жазу арқылы, бірі- халықтың байырғы өнегесі , суырыпсалма ақынның жолы.

Жамбыл Жабаевтың ұстазы- Сүйінбай ақын болған, Жамбыл оны өзінің «пірі» санаған.

Жамбыл Жабаев –ХХ ғасырдың Гомері ретінде бағалаймыз.

6. Жамбыл қазақтың  қай ақынмен қатар өмір сүрген еді?

  Жамбылдың «Жалғызбын деп жүремін» атты өлеңі Абайға арнап айттылған, Жамбылдың жұбату өлеңі бар. Ол Әбіштің өліміне байланысты жазылған. (өлең жатқа айтылады.)

7.Жамбылдың көптеген жерлерді аралап, елмен, халықпен жүздескен. Оларға арнап өлең-жырлар да жазған. Сондай бір кезде ел аралап жүргенде кіммен танысады?  (Тоқтағұлмен)

     Жамбыл қырғыздың атақты ақыны Тоқтығұлмен де жүздеседі. Ол 1864ж. Ош қаласында дүниеге келген . Бай-манаптардың жала жабуымен Сібірге айдалады. Біраз жылдан кейін екеуі кең жайлауда кездеседі.( Өлең жатқа айтылады).

                         Жамбыл поэзиясының  ерекшеліктері, түрлеріне тоқталу

8.Жамбыл Жабаев- қазақ поэзиясының алыбы. Қазақтың қарт ақыны. Ол ақын ғана емес, тамаша жыршы. Жамбыл халық тілін толық меңгере отырып, оны басқа түрлі  қосындылардан таза ұстайды. Халық тілімен біте қалыптасқан  ақын  сөз қолдануға  сақ қараған. Әрбір сөзді орнымен  қолдануды  ақындықтың шеберлігі  деп түсінген. Жаңа тұрмысты, жаңа құрылысты, жаңа  қоғам адамдарын жырлау - Жамбылдың  ақындық  аты мен өлең әдісіне, композициясына игі әсер  етті.

9.Жамбылдың ақындық күші- ол үнемі халықпен бірге  жасап, біте қайнап, бірге өсіп, өмірге үнемі белсене  араласып, солардан  көріп, үйреніп  отырады. Осыдан ұлы ақын шығармалары  реалистік , халықтық болып, терең идеялы  болып келеді. Жамбылдың  ақындығының  ерекшелігі –ол халықының  бұрынғы –соңғы  болған  ақындық  мәдениетін, ақындық дәстүрін , рухани байлығын  жете меңгерген  ақын.

10.Жамбыл сонымен бірге, жаңашыл-новатор ақын.Жамбыл кей ретте өлеңнің  шумағын, ұйқасын  жаңаша, өзінен қостырады.Жамбылдың жаратылыстық қасиеті –ол өлең, жырды  табанда, лезде шығарып  айтатын ағыл-тегіл ақпа жүйрік, суырыпсалма, импровизатор ақын. Ағыл-тегіл айтқанда да, мақсатын дәл айтатын, көздеген нысанасына  дәл тигізетін  ұшқыр ойлы, өткір тілді, ұғымы, ой жүйесі күшті ақын. Нағыз көркем поэзия салтындағы ақын, Жамбыл поэзиясының  ерекшелігі –ол жігерлі  жалынды, саяси, лирикалық  жыр.

11.Сөздік жұмысын жүргізу

1.Дүлдүлі-ең жүйрік ат, жырдың ең жүйрігі .

2.Алыбы-поэзияның ең белгілі, заңғары.

3.Пірі-сыйынатын адамы

4.Импровизатор-суырып салма ақын, өлеңді тез шығарушы.

5.Гомер -гректің ақыны,

 «Одисея Иллиада» атты эпостық шығармаларынын авторы. (дәптерге жазғызу)

12. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша тоқталу.

13.Айтыстан үзінді

14.Келесі кезекті  Жамбылдың поэзиясына берелік

Өздеріне ұнаған өлеңдерді жатқа айтып беру.

15. Жамбылдың Ұлы Отан соғысындағы өлеңдері туралы не айтуға болады?

Ұлы ақынның шабыттана жырлаған кезеңі –Ұлы Отан соғысы кезі еді.  Оның соғыс тақырыбына жазған көптеген өлеңдерін атап кетуге болады.

«Москваға», «Майданға хат», «Аттандыру», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Қамал бұзған қаһарман».

16.Осы өлеңдерінің ішіндегі шаттығы биік, бүкіл халыққа танымал өлеңі-«Ленинградтық өренім» атты өлеңі  (жатқа айту)

17.Жамбыл мұрасы –әлі де зерттеулерді қажет етеді. Оның өлеңдері, дастандары, жырлары барлық халыққа үлкен рух береді. Өлеңдеріне бүкіл дүние жүзі бас иеді. Ұлы Абай сияқты Жамбылдың да тарихта өзіндік орны бар тұлға.

Өмірінің соңғы жылдарында Ж.Ж. Алматы облысы,Ұзынағаш ауданы, қазіргі Жамбыл ауданында тұрған. Сол жерде Жамбыл мұражайы бар.

(Енді тарихқа көз жіберейік.)

1996 жылы ақпан айы Ж.Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына арналған салтанатты кеш өтті. Алматыдағы Республика сарайында шетелдік, басқа республикалардан келген қонақтардың қатысуымен  Жамбылдың 150 жылдық республикалық тойы өтті.

Ж.Жабаевтың атында бірнеше аудан, мектептер аталды. Жамбыл өлеңдері мен айтыс дастандары барлық ұлт тілдерінде бірнеше рет аударылды, көптеген шетел тілдерінде жарияланды.

18.Ж.Жабаев туралы айтылған ұлы адамдардың сөздеріне шолу

1.Ромен Ролан:

   Батыстағы Алтай тауларының жүрегінен қазақ даналарының жүрегіне –қазақ халқы  мен осы заманға адамзаттың жыршысы-Жамбыл.

2.А.Толстой:

«Жамбыл шығармаларының күші-оның творчествосының халықтың сипатында»-деген.

3.Жамбыл Жабаев-ХХ ғасырдың гомері

19.Сабақты бекіту, балаларды бағалау.

20. Үйге тапсырма:

      «Жамбыл Жабаев – қазақ поэзиясының алыбы»- эссе жазу.                                                           



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз