Эссе және өлең-жыр байқауы

Жыл мезгілі

Ақтөбе қаласы № 49 "Думан" бөбекжай балабақшасы
Қазақ тілі мұғалімі
Урынбасарова Ақалтын Хайруллиновна

Білім беру саласы: Қатынас 

Бөлімі: Қазақ тілі 

Тақырыбы: Жыл мезгілі

Тобы: «Күнбағыс» ересектер орыс тобы

Мақсаты:

1. Білімділік: Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Қазақ тілінде жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.

2. Дамытушылық: Қазақ тілінде балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдинетін жетілдіру, қазақ тілінде түстерді ажыратып, есте сақтау қабілетін артыру.

3. Тәрбиелік: Балаларды Табиғаты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Жыл мезгілдері туралы суреттер.   

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақтар–жауап, ойын.

Билингвальді компонент: Жыл мезгілі - Время года, қыс - зима, көктем - весна, жаз - лето, күз - осень, кілт - ключ, құлып - замок.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері. Салем сөз атасы, қонақтармен амандасайық.

- Саламатсыздар ма?

Шаттық шеңбер:  

Салем саған – Нұрлы күн!

Сәлем саған – Отаным!

Сәлем менің – достарым!

Тәрбиеші: «Көңіл күй» дидактикалық ойыны. Шарты: Әртүрлі көңіл күйді көрсететін суреттер арқылы көңіл күйін бағалайды..

Тәрбиеші: -Көтерінкі көңіл күйімізбен бүгінгі оқу іс-әрекетін бастаймыз. Кәне, балалар көзімізді жұмайық. (Көзімізді жұмдық, дыбыс естіледі көзімізді ашқанда ертегі еліне келдік ). Балалар дыбыстар естіледі, судық аққаны, құстың сайрағаны біз ертігі еліне келдік. Көзімізді ашып айналаға қарайық. Балалар қараңдаршы құлыппен жабылған есіктер тұр. 

Неше есік тұр. Санап көрейік. Төрт есік тұр. Ал, енді есіктерді қалай ашуға болады? Құлыпты немен ашамыз. Балалар жауап береді:

- Кілтпен

Тәрбиеші: -Әрине кілтпеннен ашамыз. Мына жерде кілттер тұр екен. Кәне, санап көрейік неше кілт жатыр. Ал, қалай ойлайсыңдар бірінші  есікке қандай   кілт үйлеседі. (Балалар түстеріне қарап кілт пен құлыпты сәйкестендіреді. Бірінші есіктің құлпы қызыл түсте болғасын,қызыл кілт келетінін айтады). Б

Есік ашылды. Балалар қандай көрніс көріп тұрсыңдар? Бұл жылдың қай мезгілі?

Тәрбиеші: - Балалар бұл жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Жаз. Жазда далада көп ойнаймыз.

Тәрбиеші: Жылдың жадыраған жаз мезгілі. Жазда қандай өзгерістер болады? Бұл жыл мезгілі сендерге немен ұнайды?

Балалар: Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жазда балалар демалады. Жазда балалар суға шомылады. 

Тәрбиеші: - Жақсы балалар. Енді жаз мезгілінің киімдеріне сәйкес ойын ойнайық. 

Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндір» 

Шарты: Қуыршақты жаз мезгіліне сай киіндіреді. (Бір бала шығып жаз кезінде киетін киімдерді бөліп алып шығады. Екінші бала көйлекті тауып, үшінші бала жаз бас киімін, төртінші бала жаз аяқ киімін киіндіреді).

Тәрбиеші: Кәне, балалар келесі есікті ашуға, бізге қандай кілт керек болады.

Балалар: - Құлып түсі сары, кілтте сары болады.

Тәрбиеші: - Жақсы балалар, сары түсті кілтпен құлыпты ашамыз. Балалар кілт пен құлыптың түсіне байланысты таңдайды. Есік ашылып  келесі жыл мезгілі көрінеді.

Балалар: Күз мезгілін айтады. Күз мезгілі жаңбырлы. Бұлтты болады.

Күз туралы тақпақтарын айтады. Дидактикалық ойын «Көкөніс пен жемістерді жинау». Шарты:

Сергіту сәті: Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Төрт, бес,

Күнге қарап өс.

Тәрбиеші: - Қане, балалар келесі есікті ашып көрейік. Ол үшін қандай кілті пайдаланамыз. 

Балалар: - Көк түсті кілті аламыз. 

Балалар кілт пен құлыптың түсіне байланысты таңдайды. Есік ашылып келесі жыл мезгілі көрінеді.

Балалар жауап береді: - Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Балалар: - Қыста қар жауады,аяз болады, мұз қатады,боран соғады.

Тәрбиеші: - Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

Балалар: - Шанамен сырғанаймыз,аққала жасаймыз.

Тәрбиеші: - Қыс мезгілінде қандай мерекелерді қарсы аламыз?

Балалар: - Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.

Дидактикалық ойын «Сөйлем құрау». Шарты: Қыс мезгіліне байланысты суреттерге қарап сөйлемдер құрайды. Мысалы: «Аққала жасаймыз»,

Тәрбиеші: - Ал енді, келесі есікті ашу үшін ойланайық. Қандай кілт сәйкес келеді.

Балалар: Жасыл түс.

Балалар кілт пен құлыптың түсіне байланысты таңдайды. Есік ашылып келесі жыл мезгілі көрінеді.

Балалар: Көктем мезгілін айтады. Күн жылына бастайды. Қар, мұз ериді. Жер беті оянады. Егін егеміз. Ағаш бүршік жарады. Құстар ұшып келе бастайды.

Тәрбиеші: - Көктем мезгілінде қандай мереке қарсы аламыз?

Балалар: Наурыз. Аналар мерекесі.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар. Дидактикалық ойын «Суретті құрастыр» Шарты: Қиынды бөлшектерден көктем мезгіліне байланысты суреттер құрастырады.

Тәрбиеші: - Балалар бізге балабақшамызға қайтатын уақыт болды. Бізді тәрбиешілер іздеп жатқан болар. Кәне көзімізді жұмайық,міне өз балабақшамызға келіп жеттік.

Қортынды:

Тәрбиеші: Балалар сендер барлығын жақсы жасадыңдар.

- Балалар біз қанша есікті аштық.  

Балалар: Төрт. 

Тәрбиеші: - Жылдың неше мезгілі болды?

Балалар: Жаз. Күз. Қыс. Көктем. 

Тәрбиеші: - Қандай түстерді атадық?

Балалар: - Жасыл, сары, көк, жасыл.

Тәрбиеші: Көңіл-күйіміз қандай? 

Балалар: - Тамаша! 

Тәрбиеші: - Ауа райы қандай?

Балалар: - Тамаша!

Тәрбиеші: - Біздің балабақшамыз қандай?

Тәрбиеші: - Келген қонақтарымыз қандай?

Балалар: - Тамаша!

Тәрбиеші: - Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)

D:\Users\Dastan\Desktop\материалы по садику\ашық сабақ суреттер\IMG-20160520-WA0101.jpg

D:\Users\Dastan\Desktop\материалы по садику\ашық сабақ суреттер\IMG-20160520-WA0112.jpg

D:\Users\Dastan\Desktop\материалы по садику\ашық сабақ суреттер\IMG-20160520-WA0150.jpg


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз