Өлең, жыр, ақындар

Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі

Ақтау қаласы
"Ибаш Жанболатова атындағы №15 ЖББОМ" КММ
Химия және биология пәндерінің мұғалімі
Азаматова Гулжамал Мырзабаевна

Организмнің ішкі ортасы

Сабақ № 35

Күні: 24.01.2018ж

Пәні: Биология

Мұғалім: Азаматова Г.М

Сынып: 8 «Ә»

Сабаққа қатысқандар: 16                                          

Сабаққа қатыспағандар: 3

Сабақтың тақырыбы:  

Жүрек және қан тамырлар жұмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі

Сабақ мақсаттары

 Жүрек және қан тамырлар жұмысы қалай реттеледі, жүрек жұмысының автоматизмі дегеніміз не, орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі туралы түсінік қалыптасады.

Бағалау критерийі  

1. Оқушылар жүрек және қан тамырлар жұмысының қалай реттелетінін біледі.

2. Жүрек жұмысының автоматизмінің не екенін біледі.

3. Рефлексті реттелудің не екенін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Адам ағзасындағы жүрек жұмысының қалай жүретіндігін түсініп, сөздіктерді нақты қолданып, дұрыс сөйлей біледі, ойын дұрыс жеткізе алады.

 Пәнге қатысты лексика және терминология

Жүрекшелердің жиырылуы. Қарыншалардың жиырылуы. Жүрек іс-әрекетінің автоматизмі. Тироксин. Адреналин. Вазопрессин. Парасимпатикалық жүйке. Симпатикалық жүйке. Рецепторлар.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, өмір бойы оқу, ашықтық

Пәнаралық байланыс

Физика, химия, ағылшын тілі, медицина саласымен байланыс.

Алдыңғы білім

Қанайналым. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.

 

    Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

     Басталуы

Жалпы

9-10 минут

Амандасу. Жағымды атмосфера қалыптастыру. Оқушыларды топқа бөлу.

Эндокриндік жүйе
Тірек-қимыл жүйесі
Қанайналым жүйесі
Асқорыту жүйесі
Үй тапсырмасын сұрау

(Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері)

Сәйкестігін анықтау.

Оқушылар бейнебаянға  қарап, сын тұрғысынан ойлау арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. 

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады

Интернет желісінен жүктелген бейнебаян, А3, А4 форматты  қағаздар, маркер, фломастер, презентация, карточкалар,

Білімді жаңғырту

11- 20

 

 

 

 

 

 

 

21 - 24

 

 

 

25- 30

 

 

 

31-37

Топтық жұмыс. Ашық микрофон әдісі  (Топтық жұмыс)

Тележүргізуші  талқыланатын тақырыпты таңдайды. Студия қонақтарына (үш оқушыға) рөлдік карточка беріліп, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар аудиториясы (сыныптағы оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады», ескертпелер  жасайды және т.б.

Сұрақтар:

1.Жүрек автоматизмі дегеніміз не?
2.Жүрек құрылысындағы қандай бейімділіктер қанның бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді.
3.Неліктен жүрек бүкіл өмір бойында үздіксіз және қажымай жұмыс істей алады?
4. Ауыр еңбек кезінде жүрек жиырылуының жиілігі мен күші қалай өзгереді?
5. Жүрек жұмысына  жүйке  жүйесі  қалай әсер етеді? Оның маңызы неде?
6. Гормондар жүрек жұмысына  қалай әсер етеді?  Оларды атаңдар.

Жұптық жұмыс.

Сынып оқушыларын жұптастырып, әрқайсысына әртүрлі жұптық жұмыс беремін.

1-жұп. Жасырын терминдерді табады
2-жұп. Жүрек сөзіне қатысты сызбанұсқа жасайды
3-жұп. Сұрақтарға жауап береді
4-жұп. Терминдердің мағынасын ашып жазу
5-жұп. Тест сұрақтары
6-жұп. Сәйкестігін анықта
7-жұп. Биолгиялық диктант
8-жұп. Суретпен жұмыс

Терминмендермен жұмыс:

Жүрек автоматизмі - heart automatism
Биоэлектрлік сигнал - bioelectric signal
Электрокардиограмма - electrocardiogram
Рецепторлар - receptors
Вазопрессин - vasopresin
Тироксин - thiroxin
Адреналин - adrenaline
Ацетилхолин - acetylcholine

Бейнебаян көрсетіледі. Талқылау сұрақтары:

 - Бейнебаянда не туралы айтылған;

 - Өз ой-пікірлерін білдіреді

 - Қорытынды жасайды

Жеке жұмыс

Жаңа тақырып бойынша тест сұрақтарын аламын.

20 сұрақ

 

Сабақтың соңы    

38-40

(жалпы 5 минут)

Кері байланыс

  Өтілген сабақ бойынша оқушылар мұғалімге кері байланыс жасайды.

  Бүгінгі тақырып толықтай түсінікті  

  Сұрақтарым бар 

  Еш нәрсе түсінбедім

 

Бағалау

Оқушыларды топ басшылары бағалайды

Бағалау критерийлері бойынша, бағалау парақшаларын беремін.

 

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, білу. 1-кестені толтыру. Қосымша мәліметтерді оқып танысу.

 

 

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды  жоспарлайсыз? 

Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді  көздейсіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері

АКТ
Құндылықтар мен байланыс (тәрбие)

Дифференциация сабақтың көпшілігі үшін осы кезеңде жүргізіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға үлестірме материал тарату арқылы қолдау көрсетуге болады, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейту  қажет.

 

Сабақта   бағалаудың әдеттегі әдістерін қолдануға болады. Алайда бағалау бұл жерде формальды емес болғаны дұрыс: мұғалім түсініктерді тереңдетуге дейін апарып, сұрақ қою арқылы оқушыларды толық сұрап шығады және жеке оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін анықтауға тырысады.

Тапсырмалар берілген құрылымды парақтар көмегімен 

Сабақта топтық жұмыс істеу және  нәтижелерді басқа оқушылармен ауқымды пікірталас жүргізу  арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным жоспарлағандай  жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізуім қажет және неліктен? 

Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі әрекетті атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі әрекет сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы   қандай ақпаратты алдым?

 

Қосымша 1

1 нұсқа. Бөліктерді өзара сәйкестендіріңіз.

1

Кен

 

a

Жамбыл облысы

2

Фосфор өндірісі

 

b

Мыс

3

Метаморфтық тау жыныстары

 

c

Карағанды облысы

4

Жезқазған

 

d

Мәрмәр

5

Көмір

 

e

Металдар мен олардың қосылыстарынан тұрады

 

2 нұсқа. Бөліктерді өзара сәйкестендіріңіз.

1

Кен

 

a

Атырау

2

Мұнай өндірісі

 

b

Мырыш пен қорғасын

3

шөгінді тау жыныстары

 

c

Екібастұз

4

Риддер

 

d

Мұнай

5

Көмір

 

e

Металдарды алуда қолданылады

 

Қосымша 2

Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз