Өлең, жыр, ақындар

Орманға саяхат

Ақтөбе облысы Хромтау қаласы
№3 "Айгөлек" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
Мукаева Нуржангул Бакыткерейкызы

Ортаңғы «Айгөлек» тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: шығармашылық, коммуникация, таным.

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікте сезініп, көре білуге тәрбиелеу. Мнемо кесте таблица пайдалана отырып, балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін байыту.
Қолданылатын көрнекті құралдар: Шырша, тал, автобус, сәбіз, аққала, лепбук қыс, суреттер.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге көтеген қонақтар келген екен,кәне амандасайық.
Шаттық шеңбер.
Күндей арқырап.
Айдай жарқырап,
Бүгінгі күнімізді бастаймыз
Қолымызды созамыз.
Күнен жылу аламыз,
Сол жылуды бәріміз.
Қонақтарға сыйлаймыз.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Мұқият тыңдап жауабын таба қойыңдар.
Жұмбақ
Қыста  ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Отқа түссе жанбайды,
Суға салса батпайды. (Мұз)

Жазда сай-салаға қашады,
Қыста жердің бетін басады. (Мұз)
Жарайсыңдар балалар!

Казір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

Қыс мезгілінде неше ай бар? (Ұш ай)

- Желтоқсан – жылдың аяғы,қыстың басы. Ол суық ызғарлы.
- Қаңтар - жылдың басы, ол ең қарлы ай.
- Ақпан –жел мен боранның айы, бұл ай өте суық болады.
Ал балалар, қысқы ауа райының белгілерін білеміз бе?
- Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай білеміз?
- Балалар қолдарын жоғары көтеріп, әрі-бері шайқалып,ауыздарымен гуілдеп дыбыс шығарып көрсетеді.
- Қатты аяз болып,тоңғанда не істейміз?
- Балалар қолдарын қусырып ,аяқтарын тыпырлатады.
- Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
- Алақай ! -деп қуанып, қолымызды жоғары көтереміз.

– Балалар енді қыс туралы тақпақтар кім біледі?

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады
Жып жылтыр болып жатады.

Жапалақтап ала қар,
Жауады күнде қайталап.
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Енді мына суретке мұқият қарайық бұл суреттен не байқап тұрсыңдар?
- Жылдың қыс мезгілін.
- Осы суреттке қарап және айналадағы табиғат құбылыстарын бақылай отырып, қыс мезгілін бейнелеп айтып беріңдерші.
- Қар жауып тұр. Күн суық. Аспанды бұлт басқан. Аяз болып тұр. Адамдар жылы киінген.
Су қатып, мұзға айналған. Ағаштардың бәрі ақ тон киген. Балалар шанамен, шаңғымен ойнап жүр. Қардан аққала тұрғызып жатыр.
- Балалар, біз қыс мезгілінде  тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
- Бас киім, тон, етік, қолғап киеміз.
- Балалар, сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
- Қар лақтырып,аққала жасап, шанамен, шанғымен.
- Балалар енді бәріміз мына суретке назар аударайық (суретке қарап тақпақты қайталайды.)
Қар жауады далаға,
Қар жауады қалаға.
Сырғанаймыз енді біз,
Отырып ап шанаға.
- Жарайсыңдар балалар!

- Орманға саяхатқа шыққыларың келе ме?
- Ия
- Балалар орманға қандай көлікпен баруға болады?
- Автобус, ұшақ, машина, поезд.
- Жарайсыңдар! Көліктердің неше түрлерін біледі екенсіңдер.
- Біздер балалар қысқы орманға автобуспен барамыз. (Өлең-Қыс. Әли мен Айя)
- Балалар мұздың ұстіндегі көпірден өтеді.
- Міне, балалар орманға да келдік.
- п қояды. Ой балалар, мынау қоян ғой.
- Қоян, сен неге қорқып отырсың?
- Саламатсыңдар ма, балалар! Мен қасқырдан қорқып отырмын, тапсырмасын орындамасам мені жеп қоямын деді.
- Балалар қоянға көмектесеміз бе?
- Ия
1-тапсырма: 1-ден 5 дейін тура және кері санау(1,2,3,4,5-5,4,3,2,1,)
2-тапсырма: «Құртақандардың үйін тап» Бас киімдеріндегі геометриялық пішіндерге қарап үйлерін табамыз.
- Рахмет балалар!
- Қоянға сыйлыққа сәбіз силайды балалар.

- Рахмет балалар сау болыңдар!
- Қасқыр шығады ( р-р-р-р-р) Балалар қайда бара жатырсыңдар?
- Біз орманда саяхаттап жүрміз.
- Қоянды көрдіңдер ме?
- Ой балалар қасқырға қоянды көрдік десек қоянды жеп қояды,не істейміз?
- Нұржангүл Бахыткерейқызы шынымызды айтайық.
- Жарайсыңдар балалар мен сендерге сенгенмін сендер дұрыс шешім қабылдайды деп.
- Қасқыр біздер қоянды көрдік,үйіне кетті.
- Мен қоянды жеп қояйын.
- Жоқ, қасқыр сен қоянды жеме, балалар саған шынын айтты ғой?
- Жарайды жемеймін, бірақ сендер менің тапсырмамды орындаңдар?
- Балалар орындаймыз ба?
- Ия
1-тапсырма: «Айырмашылығын тап» Аққаланың айырмашылығын табу.
2-тапсырма: «Шыршаның жартысын салу»
3-тапсырма: Логикалық есептер (2-Қоянда неше құлағы бар ?, 2-Қоянда неше мұрны бар?, 2-Қоянда неше көзі бар?, 2-Қоянда неше аузы бар?)
- Қасқырға балалар өздерінің сыйлығын береді.Қасқыр рахметін айтып қоштасады.
- Балалар Қасқыр біздерді көргенде амандасқан жоқ,бірақ кетерде рахметін айтып қоштасып кетті.
- Аюдың апанына келеді,
- Балалар аю не істеп жатыр?
- Аю ұйықтап жатыр.
- Балалар бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәтті: «Аю»
- Балалар, аю ұйқытар алдында бізге хат қалдырған.(Хатты оқиды)
- (Хатта) Саламатсыздар ма,балалар сендер келгенде мен ұйықтап жатамын. Мен қысты  көргім келеді, балалар маған аққала құрастырып  беріңдерші?

- Балалар аққала неше бөлшектен тұрады?
- Үш бөлшектен тұрады.
- Қандай бөлшектен тұрады?
- Үлкен, орташа, кішкентай.
- Аққаланы неден жасаймыз?
- Кардан
- Мұрнын неден жасаймыз?
- Сәбізден
- Бас киімін ше?
- Шелектен
- Балалар аккаланы құрастырады.
- Енді аққалаға нежетпей тұр?
- Сыпыртқы
- Аюдың апанының жаны сынған бұтақтар шашылып қалыпты
- Кәне, балалар, бұтақтарды жинайық
- Бұтақтарды жинайды..
- Дұрыс балалар! Аққала туралы тақпақ айтып берейік.
Мынау біздің аққала,
Айнымаған ақ бала.
Мұрны сәбіз сорайған,
Көзі көмір қап-қара.
Сыпырғышы қолында,
Тұр ылғи бір орында.
Шуласақта қанша біз,
Сөйлемейді, момын ба?

-Саламатсыздар ма ? Балалар қандай жақсы болды ,сендердің орманға келгендерің.

- Мен моншақтарымды шашып алып едім, моншақ жинауға көмектесеміз бе?
- Ия (көмектеседі)
- Түлкі мынау саған бізден сыйлық (Балық)
- Рахмет, сендерге
- Балалар біздің бала-бақшаға оралатын уақымыз болды.
- Бала-бақшаға біздер жаяу қайтамыз.
- Омпалап жүреміз.(Бірінің артынан бірі жүреді)
- Бала-бақшаға да келдік.
- Балалар біз саяхатқа қайда бардық?
- Қандай аңдарға көмектестік?
- Қоянға қалай көмектестік?
- Қасқырдың қандай тапсырмасын орындадық?
- Аюға не құрастырдық?
- Түлкі несін шашып алған?
- Балалар, сендерге бүгінгі саяхат ұнады ма?
- Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін өте тамаша тапсырмаларды орындадыңдар.
- Біздерге келген қонақтарға рахмет айтып, қоштасайық.

Қолыстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көрінгенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз