1 саны және цифры

Сабақ тақырыбы:

1 саны және цифры

Мектеп: Заводской орта мектебі

Күні :20.09.2017

 

Мұғалімнің есімі: Байжанова Б.Б

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 24

 

Қатыспағандар саны: 2

Оқу мақсаты:

  • натурал  сандар  және  нөл  санының  құрылу

 

жолын  түсінеді;  10көлемінді

сандарды

тура  және  кері  санайды; 

натурал  сандар

қатарындағы орнын анықтайды;

 

•  цифр

мен  санды  бір-бірінен

ажыратады;

бір

таңбалы

сандарды  әртүрлі

тәсілдер-

мен

(нүктелер

жиынтығымен,  таяқшалармен

       

және т.б.) түсіндіреді және сандық сәуледе белгілейді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

қатты қағаздан жасалған төрт шаршы (әрбір оқушыға);

 

сандар таспасы (тек қана 1 цифры бар);

белгі беретін тақтайша (қатты қағаздан жасалған жолақша: бір беті — қызыл, екінші беті — жасыл);

 

қажетті суреттер мен магниттер.

Тірек сөздер

цифр;

 

бір.

Сабақтың мақсаты:

Сан ұғымымен және 1 цифрымен таныстыру, 1 санының орнымен таныстыру, 1 цифрын жазуды үйрену.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Санау “бір” санынан басталады. “Бір” саны бір затты көрсетеді. Көп заттардың ішінен бір затты бөліп алу дағдысын дамытуға көңіл бөлу. Оқу-шыларға цифрдың белгі болып табылатынын, оны санды жазу үшін қолданатынымызды түсіндіремін. Сабақта олар санды 1 цифрымен сәйкестендіріп, 1 цифрын жазады.

 

 

Сабақты қайталаудан бастаймын. Оқушыларға “Тізбектеп санау” ойынын ойнатамын. Бірінші оқушы қатарынан екі-үш санды атайды, содан кейін санауды келесі оқушы жалғастырады және т.с.с. 2-ден 6-ға, 3-тен 7-ге, 8-ден 4-ке, 9-дан 1-ге дейін санатамын.

 

Жұптық ойын ұйымдастырамын: бірінші оқушы бір санды атайды, келесі оқушы — келесі санды, алдыңғы немесе көрші сандарды атайды (ойын сіздің қандай шарт қоюыңызға байланысты жүргізіледі).

 

Оқушыларға мұқият тыңдау керектігін ескертемін. Кішкене қарындашпен үстелді (тақтаны) соғып, тоқылдатамын не болмаса шапалақ соғамын. Олар әрбір тарсылды немесе шапалақты санаулары керек.

 

Оқушыларға қағаздан жасалған шаршыларды көрсетемін. Мен қанша шаршы көрсетсем, олардың сонша рет шапалақ ұруы (бір шаршыға көп немесе аз шапалақтауға болады) және сол санды атауы керек.

 

Оқушыларға оларды қоршаған заттарды мұқият қарап шығуды сұраймын.

Оқушылардан саны 1 болатын заттарды табуды сұраймын (тапқан кезде “бір” сөзін пайдалануы қажет). Оларға сыныптағы шамдарды, парталарды дауыстатып санатамын  да, қай саннан бастап санағанын сұраймын.

 

Оқулық бетінің жоғарғы бөлігінде орналасқан сандық сәулеге көңілдерін аударамын. “Бірінші қай сан тұр? Егер ретімен санасақ, келесі сан қай сан болады? Олар натурал сан бола ма? Неге?” деген жетелеуші сұрақтар қойып нақтылаймыз.

 

Оқушыларға цифр — бұл сандарды жазуда қол-данылатын белгі екенін хабарлап айтыңыз. Бүгін “1” цифрымен танысамыз деп ескертемін. Оқу-шылардан 1 цифрының неге ұқсайтынын қарап айтуларын сұраймын.

 

 

Мектеп сөмкесін жинауға көмектес. Тапсыр-ма көп заттардың ішінен саны біреу ғана болып тұрған затты табуға арналған. Oқушыдан басқа заттарды емес, неге осы затты таңдағанын түсіндіру-ді сұраңыз.

Жауабы:

күнделiк, қаламсауыт, сызғыш, альбом, қалам, қарындаш.

Қатені тап. Берілген тапсырманы орындау үшін жұптық жұмыс ұйымдастырамын. Оқушылардан суреттегі қатені табуларын сұраймын. Олар диалог барысында кейбір суреттердегі заттардың саны көрсетілген цифрларға сай келмейтінін табады. Яғни қатені табады және тапсырманы орындайды.

Орындап көр. Оқушыларға топпен жұмыс істеуді ұсынамын, соңынан өздерінің байқағанын топ ішінде қорытындылап, өз пікірін қорғауға мүмкіндік беремін.

Жауабы:

мысал ретінде тақта, есік, компьютер және т.б. алуға болады.

Суреттен саны 1-ге тең болатын заттарды тап. Жұппен орындалатын тапсырма. Саны 1-ге тең заттарды тауып атайды. Тексеру барысында кей-бір жұптар жауаптарын атайды, қалғандары кері байланыс үшін тиісті түстегі парақшаны көрсетеді: жасыл түс — дұрыс, қызыл түс — қате.

Жауабы:

киіз үй, әже, ер адам, құлын, ұл бала, қыз бала, қорап.Гүлдер мен көбелектер саны бірдей ме?

Оқушылар суретте көрсетілген әрбір гүлге бір-бір көбелектен келетіндей сәйкестендіріп, жауаптарын парталас көршісімен жұп болып талдайды да, өз пікірін айтады.

Жауабы:

барлық көбелектерге жетпейді, бір көбелек гүлсіз қалып қояды.

Шығарып көр. Арман мен Айнұр қораптан кезек-кезек кәмпит алды. Бірінші кәмпитті Арман, екіншісін Айнұр және т.с.с. алып тауысады. Соңғы кәмпитті кім алады? Кәмпиттің көбі кімге тиеді?

Кәмпиттердің орнына қағаздан жасалған дөңге-лектерді пайдаланып, оқулықтағы “Шығарып көр” айдарындағы тапсырманы сыныпта оқушылармен тәжірибе жасай отырып өткіземін.

Жауабы:

Арман соңғы кәмпитті алады. Оған үш кәмпит, ал Айнұрға —екі кәмпит тиеді.

 

  • Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Қосымша тапсырмалар

 

Тірек сөздерді есте сақтау үшін оқушылармен ойын жүргіземін. Сөздер жазылған парақшаларды тақтаға орналастырамын. Кез келген парақшаны көрсетемін, оқушылар топпен дауыстап қайталайды. Оқушылар тірек сөздерінің графикалық жазылуын есте сақтап, үлкендердің көмегінсіз өз беттерімен айтып шығады.

 

 

Бір үрленген шардың суретін сал. Оқушылар “1” цифрын заттың санымен байланыстыра отырып, бір затты белгілеп, бір шардың суретін салу керек.

Суретке қара. Оқушылар өз бетінше саны 1-ге тең заттарды тауып, оларды түрлі түсті қарындашпен бояйды.

Жауабы:

қалам, дәптер.

Шаршының бос торкөздерін толтыр. Тап-сырма оқушылардың ойлау дағдыларын дамы-тады. Тапсырманы топпен орындауды ұсынамын. Шаршыны толтырып болған соң, әр топ өз шешімін тақтаға шығып көрсетеді (алдын ала тақтаға көрнекіліктегі шаршының көшірмесін бекітемін). Оқушылар өз пікірін ортаға салып, дұрыс шешімді тауып, оны дәлелдейді.

Жауабы:

бірінші қатар — үй; екінші қатар — үй, шар; үшінші қатар — алма, шар.

Үлгі бойынша жаз. “1” цифры қандай элемент-терден тұратынын байқаулары тиіс. Оқушылармен бірге саусақпен жаттығу жасаймыз. 1 цифрының элементтерін жолға жазуды ұсынамын. Үшінші қатарды толтырудың алдында тақтада оның үлгісін көрсетемін. Үшінші жолды цифрды жазудың әр қадамын айта отырып жаздырамын.

Бір зат салынған жерге 1 санын жаз. Бұл тапсырма 1 цифрын жазу дағдысын бекітуге ба-ғытталған. Оқушылар бір зат салынған суретті таңдап алып, 1 санын оның астына жазуады.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

         жалпы топтың ішінен бір затты табулары керек;

         1 цифрын жазады;

         1 цифры бір затты белгілейтінін меңгереді.

Оқушылардың бүгінгі сабақтың тақырыбын меңгеру деңгейін тексеру үшін төмендегі сұрақ-тарды қоямын:

— Санау қандай саннан басталады?

— Санау кезінде қолданылатын сандар қалай аталады?

— 1 саны нені көрсетеді?

— 1 саны қандай цифрмен белгіленеді?

— Суретте неше зат бейнеленген? (1 велосипед, 1 доп, 1 алмұрт бейнеленген парақшаларды көрсетемін).

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмысын өткіземін.

             

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)