Ойыншықтар арқылы әңгіме құрау

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
"Болашақ" балабақшасының тәрбиешісі Әлібекова Гүлмира

Тақырыбы: Ойыншықтар арқылы әңгіме құрау

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы ұғымдарын кеңейту. Үйренген сөздерден сөйлем құрату. Дыбыстарды дұрыс анық айтуға, сөйлем мүшелерін дұрыс қолдана білуге жаттықтыру, сүйікті ойыншықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ойыншықтар, машина, доп, ыдыс-аяқтар, қуыршақ.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сипаттау, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сабақтың барысы: Балалармен үстел айналасында дастарқан басында отырып ойыншықтар туралы әңгімелеу.

Жұмбақ жасыру.

Ішін желмен толтырдым,

Қуалап жүріп болдырдым.  (доп)

- Балалар, біз бүгін ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.

- Сендерде қандай ойыншықтар бар?

- Сенің ең жақсы көретін ойыншығың не?

- Ойыншықты қайдан алдың?

- Ойыншықты кім жасайды?

- Қане, балалар, біз енді ойыншықтар дүкеніне барайық. Балалар,қараңдаршы қандай әсем, әдемі ойыншықтар.

Әр бала ойыншықты сипаттап береді. Сатушы сол ойыншықты алып береді.

- Балалар ,мұнда көптеген қуыршақтар бар екен. Балалар қуыршақтың әдемі әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. Сонымен бірге балалар  қуыршақтың да сендер  сияқты екі көзі, екі аяғы, қолы бар.

- Қане балалар, кім айтады? Қуыршақтың көйлегінің  түсі қандай?

- Қуыршақ қалай жүреді?

- Ал енді мына ойыншық не деп аталады?

- Ыдыс–аяқ.

- Біздер ыдыс-аяқты не үшін қолданамыз?

- Мамаларымыз тамақ пісіреді. Ата-әжелеріміз шай ішеді.

- Балалар, кім ыдыс-аяқ туралы тақпақ айтады?

Кесе, шыны, пияла

Оларсыз шәй құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? Ыдыс-аяқ

- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?​

- Бүгін саяхатқа қайда бардық?

- Ойыншықтар дүкеніне бардық

- Дұрыс айтасыздар. Қандай ойыншықтар көрдік?

- Доп, машина, трактор, қуыршақ, ыдыс-аяқ.

Барлықтарыңыз сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Сіздерге рахмет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)