Өлең, жыр, ақындар

Менің мектебім

Мақтарал ауданы Мырзакент кенті «А.Пушкин атындағы ЖОМ» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мутаева Жадыра Сабитовна

 Қазақ тілі пәні 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім

Мақсаты: 1.«Менің мектебім» тақырыбы бойынша  оқушылардың білетін білімдерін, ойларын жинақтау, диалогтік оқыту арқылы тапсырмаларды орындата отырып, тілдесімдерін жақсарту, сөздік қорларын байыту.

2. Мектепке, білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Білім ордасын қастерлеуге тәрбиелеу.

Табыс  критериі: 
1. Тақырып бойынша толық түсінік беріп, тапсырмаларды орындату арқылы жаңа сабақты жан-жақты меңгерту.

2. Сөздік қорларын байыта отырып, тілдесімдерін жақсарту

3. Диалогтік оқыту арқылы ЖАДА құру

4. Оқушыладың білім, мектеп жайындағы өз ойларын жеткізуге үйрету.

Күтілетін нәтижесі:

1. Тапсырмаларды орындай отырып, жан-жақты өз беттерінше тақырыпты меңгереді

2. Тілдесім арқылы сөздік қорлары баиды

3. Топта бірлесе отырып, диалогтік  қарым қатынас жасайды, ЖАДА арқылы бір-біреріне үйретеді

4. Оқушылар өз ойларын айтуға, білетін білімдерін көрсетуге ұмтылады

Жеті модульдің кіріктірілуі: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқуды басқару және көшбасшылық.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ашық хат құпиясы, Гүл жапырақшалары,  Рөлдік  ойын, Адасқан сөздер, Ойды  жалғастыру, Суретті мақалдар, Кім жылдам? Көреміз, ойлаймыз, жазамыз

Көрнекіліктер: гүл жапырақшалары, АКТ арқылы  слайд (мекетеп суреттері мен жануарлар суреті) бағалау парақшасы, суреттер

 

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Көрнекілігі

3мин

 

 

 

Кіріспе

Сәлемдесемін

Барлық оқушыларға ыстық лебізімді білдіремін. «Бүгін қандай  әдемісіңдер! Оқуларың да сондай  жақсы  болсын. Барлықтарыңды  келе  жатқан мұсылман қауымының, қазақ халқының  Жаңа жылы  Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Топқа  бөлу.

Алдын ала  дайындап келген қызыл, жасыл, ақ конверттерге  топ мүшелерін жазып қойдым және  топ басшыларды  сайладым. Топ басшылар өздерінің  топ мүшелерін жинайды.

Сәлемдеседі

Мұғалімнің   ыстық лебізін тыңдайды.

 

 

 

 

Ашых хат арқылы  топқа  бөлінеді.

Топ басшылар  конверттерді  алып, өз топтарындағы мүшелердің  аттарын  оқып, топқа  бөлінеді. Топта  ынтымақтастық ортаны қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

Ашық хаттар

4мин

Өткен тақырыптарға шолу АКТ арқылы шолу  жасаймын

Слайдта  бойынша  жануарларды  көрсетемін. Жануарлардың атауын үш тілде атайды. Топтарға  бір – бір  сұрақтан  қоямын. Дұрыс  жауап  берілген  әрбір  сұрақ  үшін  оқушыларды жұлдызшалар арқылы   бағалап  отырамын.

1) 1.Керіктің  салмағы  мен  ұзындығы  қанша?

2.Керік қанша  жыл өмір сүреді?

3.Керік  немен қоректенеді?

 

2) 1.Аюдың  қандай  түрін білесіңдер? Олар қайда  мекендейді?

2. Аюлар көбіне  немен қоректенеді?

3.Аюлар қанша  жыл өмір сүреді?

 

3) 1. Піл қайда мекендейді?

2.Салмағы  қанша  тоннадай болады?

3.Қанша  жыл өмір сүреді?

 

4) 1.Арыстан қайда мекендейді?

2.Олар қанша  жыл өмір сүреді?

3.Олар қалай  өмір сүреді?

 

5) 1.Түйенің қандай ерекшелігі бар?

2.Түйенің  негізгі  қорегі  не?

3.Ол қанша  күн су ішпей  жүре  алады?

 

Слайдта  көрсетілген  жануарлардың  аттарын  қазақ, орыс, ағылшын  тілдерінде  айтып, мұғалім  тарапынан  берілген  сұрақтарға  жылдам  жауап  береді. Жұлдызшыларды  жинайды.

Сұрақтың  жауаптары:

 

1.Салмағы-700 кг, ұзындығы-6 метр

2.25 жыл өмір сүре  алады

3.негізгі  қорегі  жапырақтар

 

1.Ақ аю мен қоңыр аю. Ақ аю Арктикада, қоңыр аю орман мен таулы  жерлерде  мекендейді

2.Балықтармен қоректенеді

3. 40-50жылдай  өмір сүреді

 

1.Африка  мен Үндістанда.

2. Салмағы  9 тоннадай

3. 70-80 жыл өмір сүреді

 

1.Африка мен Азияның саванналарында  кездеседі

2. 30-35 жыл өмір сүреді

3.Жеке жеке немесе  топтанып өмір сүреді

 

1. Табаны жалпақ, құмға батпайды, ыстық та ,суық та  өтпейді

2. Шөлде өсетін ащы, тікен шөптер

3.  45 күн су ішпей  жүре алады

Слайд жануар суреттері

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа  сабақ

 1.Жаңа  сабақты  өтпес  бұрын  жаңа  сөздермен таныстырамын .

мектеп-школа-school,   мұғалім-учитель-teacher
сынып-класс-class (classroom),  оқушы-ученик-student
білім-знание-knowledge,  кең-широкий - wide

жарық-светлый-light ,аула-двор-court

Жаңа  сөздермен қазақ, орыс  және  ағылшын тілдерінде  танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп суреттері слайд

 

 

Қосымша парақшалар

8мин

 

 

 

 

2.Көреміз, ойлаймыз, жазамыз айдары.

Слайд арқылы  мектеп суреттерін көрсетіп, «Менің  мектебім» тақырыбына  мәтін жаздыртамын. 5-6 сөйлемнен болатынын айтамын



 

 

Слайдтағы  суреттерді  мұқият қарайды, сол бойынша  мәтін құрастырады. Құрастырған мәтіндерін  әр топ оқып, таныстырады.

 

Слайд ,мектеп суреттері

8 мин

 

1.Оқулықпен жұмыс жасатамын.

1-тапсырма.  Мәтінді оқытып, аудартамын,  әр топқа мәтін  бойынша   бөлек  - бөлек  тапсырма беремін. Тапсырмалар  ашық хатта жазылған.

 

1.Мәтінді  оқып, аударады. Мәтін бойынша  тапсырмаларды  орындайды.

1-топ. Мәтіннен септік  жалғауы  бар сөздерді теріп жазып, қай септікте  тұрғанын айтады.

2-топ. Мәтіннен  сын есімнің  Қандай? сұрағына  жауап беретін сөздері бар сөйлемдерді   жазады.

3-топ. Мәтіннен зат есімнің  Кім? не? деген сұрағына  жауап беретін сөздері бар сөйлемдерді жазады.

 

 

 

Ашық хаттар

 

 

 

 

 

10мин

2-тапсырма. Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін анықтау  мақсытында әр  топқа  жеке – жеке  тапсырмалар  беремін. Тапсырмалар  конвертте  жазылған.

1-топ. Шашыранды  өлең жолдарын  жинақтау

Алтын ұям мектебім

 Ыстықсың сен көзіме.

Балалық шақ көктемім,

 Өтіп жатыр өзіңде

2-топ. «Мектеп өмірі» тақырыбында рөлдік  көрініс дайындау

3-топ. Ойды  жалғастыр 

 

2-тапсырма. Әр топ  өздеріне  берілген  тапсырманы  орындайды.

 

1-топ. Мектеп жайындағы шашыранды өлең  шумағын жинақтап, мәнерлеп оқиды.

 

 

2-топ. «Мектеп өмірі» тақырыбына  көрініс  құрастырады.

3-топ. Бізге мектептегі ұстаздарымыз . . . . . . . . . . .  үйретеді. Ойды  жалғастырады.

Шашыранды өлеңдер парақшасы, ойды  жалғастыр парақшасы

 

 

 

Әр топтан бір-бір оқушыны  шығарып тақтамен жұмыс  жасатамын

3-тапсырма.  Зат есім  жалғауларын қайталау  тапсырмасын орындатамын. Тапсырмалар ашық хатта  жазылған.

1-топ. Мектепке  келдім сөзін жіктік  жалғауда  жіктеу

2-топ. Мектеп сөзін тәуелдік  жалғауда  тәуелдеу

3-топ. Мектеп сөзін септеу

2-тапсырманы  орындап жатқанда тақтаға  бір-бір оқушы  шығып, сөздерді  талдайды.

3-тапсырма. Зат есім жалғауларын қайталау  тапсырмасын орындайды.

1-топ. Жіктейді

2-топ. Тәуелдейді

3-топ. Септейді

Әр топтан бір оқушы  тақтаға  шығып жазады.

 

8мин

Сергіту  мақал-мәтелдер арқылы  жасатамын .

            

Суреттерден  галерея  жасатып,  тақтаға  ілгіземін. Суреттерден сөйлемдер  құрастыртамын

Суреттерге қарап, аттарын оқиды. Сол  суретке сай  келетін мақал-мәтелдерді  айтады.

 

 

 

 

 

Суреттерге  қарап  сөйлемдер  құрастырады.

Суреттер

1мин

Қорытынды

Әр топқа  бір-бір сұрақтан қоямын.

1.Біздің  мектеп қандай ?

2.Мектеп не  үшін  керек?

3.Сабақта  қандай  жаңа  сөздермен  таныстыңдар?

4. Оқушыларғы «Бүгінгі сабақта кім көшбасшы  болды  деп ойлайсыңдар?» деген сұрақ қоямын

Топ мүшелерінің  біреуі  қойылған  сұраққа  өз ойын  айтып  жауап  береді.

 

 

 

Топта  ақылдаса отырып үш топ көшбасшы  болған оқушыны  атайды.

 

1мин

Үйге тапсырма

3-тапсырма. «Мектебім» атты  өлең  шумағын  жаттап  келетіндерін  айтамын

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. Келесі  сабаққа  жаттап  келеді.

 

1мин

Бағалау

1.Әр тапсырманы  орындау барысында  қатысып отырған оқушыларды жұлдызшалар арқылы  бағалаймын.

2.Жеке  мадақтама  арқылы  бағалаймын.

3.Оқушылардан гүл жапырақтары  арқылы  кері  байланыс  аламын

 

1.Тапсырмаларды  орындау арқылы жұлдызшалар жинайды

2.Алған  жұлдызшаларын топ басшысы бағалау  парақшасына  жабыстырады.

3. Сабаққа  кері  байланыс береді.

Қызыл жапырақшаларға-  не  білгендерін, не  қызық болғандарын  жазады.

Сары жапырақшаға- сұрақтары мен білгісі  келетін  жайттарды  жазады.

Топтық   бағалау  парақшасы

 

 

 

Гүл жапырақшалары

 

Топтың бағалау парақшасы

Аты-жөні

Бөлімді бекіту (сұрақ-жауап)

Мәтін құрастыру

Жеке топтық тапсырма

Септеу, жіктеу тәуелдеу

Мақал-мәтелдер

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз