Сын есім

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету,бекіту.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Өз өлкемізді құрметтеуге,мамандыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат,қайталау

Көрнекілігі: слайд, кестелер, сызбалар.

Әдісі: СТО стратегиялары, жұппен жұмыс, шығармашылық тапсырма.

Көрнекілігі: кестелер, сызбалар

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық

Өнер алды-қызыл тіл
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай,талмай үйрен,біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл-асыл қазына,
Байлығың-білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің.

ІІ.Ұйымдастыру кезеңі.

1) Кіріспе

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есімді»қайталамыз,оның түрлеріне тоқталып,жаттығуларды орындап сын есімді тауып ажыратамыз.Күш-жігерімізді салып,көңіл-күйімізді көтерейік.Сабақта Қарқаралы өңірінде орналасқан ең биік шың «Жиренсақал» тауына геолог (тау-тасты кезіп қазба байлықтарды іздейді) мамандығы ретінде жұптасып жұмыс жасаймыз ,бір-біріміздің жұмысымызды тексеріп баға қоямызда,мақсатымыз өз қиылымызбен «Жиренсақал »шыңына жету.Ал,жұмысты бастаймыз ба?

-Сын есім дегеніміз не?(Заттың түрін,түсін,көлемін,сипатын,дәмін,исін білдеретін сөздерді сын есім дейміз,олар Қандай?Қай? сұрақтарға жауап береді)

2) Көркем жазу сәті.

Дәптерімізді ашайық ,

Қолға қалам алайық .

Салақтықтан қашайық ,

Көркем етіп жазайық.

  • Сын есім Сс Сс Сс
  • Заттың түрін, түсін ,көлемін,
  • сипатын, дәмін, исін
  • Қандай? Қай?

 

 

 

IІI. Мағынаны тану

Сын есім (сөздің құрамына қарай екіге бөлінеді)

 

Негізгі Туынды

Түбір сөзден Жұрнақ жалғану арқылы

жасалған

 

Қызыл(қарындаш) Тәртіпті(бала)

Үлкен(бөлме) Әнші(қыз)

 

3) 1-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқып,талдау жасап жіберу,өлеңнен сын есімді тауып,олардың қайсысы негізгі,қайсысы туынды сын есім екенін айтуып,сөз құрамына талдаймыз.

Негізгі Туынды

көк тәуелсіз, атақты

кең жемісті,шың-құзды

еге жеңісті, жайдарлы,

өрісті, егемен,

ІV. «Есте сақтау» ойыны

4) 2-жаттығу Жұмбақты оқып,жатқа жаз.Шешуін тап

Сырты жасыл,қап-қатты,

Іші қызыл,тәп-тәтті.(қарбыз)-негізгі сын есімдер

Сын есімді тауып,олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айт.Жұмбақтың шешуін табуға қай сөздер көмектесті?

Жұмбақталған зат туралы тағы қандай жұмбақ білесің?

V.Мәтінмен жұмыс

3-жаттығу

Тау жолы.Тар(н.с.е) соқпақпен адамдар ақырын жүріп келеді.Арқаларындаауыр(н.с.е) сөмке,қолдарында ұзын(н.с.е) сапты балғалары бар.Бұлар геологтер.Олар тау-тасты кезіп,пайдалы(т.с.е) қазбалар іздейді.

VІ.Сергіту сәті

VIІ. «Топтастыру» стратегиясы бойынша ой қозғау.

4-жаттығу (ауызша)дидактикалық материал тарату әр оқушыға

VIІІ. Менің бағытым

5-жаттығу

Өлеңнің ішінен түсіп қалған сөздерді орнына қою

Бала тәртіпті ұрыншақ ұстамды ұнамды керіс

ІХ. Үй тапсырмасы: 165бет ,6-жаттығу

Х. Бағалау.Бағаларды сұрау

ХІ.Қортынды –рефлексия

-Сабақта не туралы айтық?

-Қандай жаңа сын есім сөздермен таныстық?(тәуелсіз,егемен , шың-құзды)

Оқушылар, мұғалімдер тақтадағы тауға бүгін сабақта қалайша ұнағанын көрсетеді. ( шыңға-мақсатқа жетті ма)

*Жетпедім десе-таудың етегінде қалады,

*орташа болса-ортасында,

*өте жақсы-шыңға қоясыздар

«Кім жылдам?» ойыны (уақыт қалса)

Төмендегі сын есімдерді жылдың төрт мезгілінің суретінің астына қатыстырып жазу:

Суық, ыстық, ызғар, боранды, батпақты, жаңбырлы, дымқыл, салқын, шуақты, жылы.

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)