Өлең, жыр, ақындар

Сolours (Түстер)

"Нұршуақ" балабақшасы
ағылшын тілі мұғалімі Қашқынбаева Назерке Нұрболатқызы


Топ: ересектер тобы
Ашық сабақ жоспары
Білім беру саласы: Коммуникация
Тақырыбы: Сolours (Түстер)
Мақсаты: 1. Білімділігі: Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрету, ажырату, қазақ  тілімен салыстыру.
2. Дамытушылығы: ағылшын тіліндегі дыбыстарды дұрыс айту, сөздік қорды байыту.
3. Тәрбиелігі:  Ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Қажетті құралдар: әр -түрлі түстердің суреттері, қағаздан жасалған түрлі-түсті жапырақтар, жемістер, теледидар, қарындаштар, үнтаспа.
Билингвальды компонент: green-жасыл, red-қызыл,  blue-көк, yellow-сары, orange-тоқ сары, grey-сұр, white-ақ, brown-қоңыр.
1. Амандасу. (Greeting)
- Good morning children!
Балалар мұғаліммен тақпақ ретінде амандасады.
- Good morning, good morning
  Good morning to you
  Good morning our teacher
  We are glad to see you
Thank you children, sit down please.
(Рахмет балалар, отыра қойындар)
Балалар бізге қонаққа ағылшын елінен ақ қоян келе жатыр (осы кезде ақ қоян секіріп келіп):
- Good morning friends. I am white rabbit. And I want to meet you.
Балалар ақ қоян сендермен танысқысы келетінін айтып жатыр. Қане бәріміз шеңберге тұрайық, доппен ойнап өз атымызды ағылшын тілде атап берейік (балалар шеңберге тұрып, мұғалім допты әр балаға лақтырып сұрайды:
- «What is your name?» Сенің атың кім?
- «My name is …» Менің атым ...
Ақ қоян: Thank you, I am glad to meet you. And it is for you.
- Жарайсыңдар балалар, ақ қоян сендермен танысқанына өте қуанышты екен.

Фонетикалық жаттығу.
Балалар ақ қоян бізге тақпақ алып келіпті. Ол жемістер жайында. Барлығымыз бірге қайталайық.
Apples, peachers, pears and plums.
Tell me when your birthday comes.
Look at me!
Listen and repeat after me!
(Тыңдаймыз және менен кейін қайталаймыз)
Мұғалім түстердің суреттерің көрсетіп , түстерді атап береді. Балаларға 3-4 рет айтқызып қайталаттырады.

Red – қызыл
yellow - сары
green - жасыл
blue – көк

Мұғалім балаларға жемістердің суретін таратады.
-What is it? Мынау не?
-It is apples, peachers, pears and plums.
Мұғалім балалардан жемістердің түстерін сұрайды.
Сергіту сәті:
Hands up! Hands down!
Shake! Shake!
Stand up! On the tiptoes
Turn around. Step aside,
Step left! Step right!
Мұғалім балаларға әр–түлі түсті қағаздан қиылған жапырақтарды көрсетіп, ойынның шарттарын түсіндіреді. Балалардың барлығы кезекепен бір–бірден тақтаға шығады. Мұғалім жапырақты үстелге қояды да, ағылшын тілінде түстердің біреуін атайды. Бала естіген жапырақты тауып алып, тақтаға жабыстырады.
Мақсаты: есту қабілетін дамыту
- Жарайсыңдар, балалар, енді сабағымызды қорытындылаймыз.
Қорытынды бөлімі:
- Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?
- Қандай түстерді үйрендік?
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Сабақ аяқталды, сау болыңдар!
Балалар бүгін барлықтарын сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, жарайсындар!
- Балалар қоянымызды шығарып салайық, оған не дейміз?
- Good bye, good bye!

Балалар сұраққа жауап береді

Goodbye!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз