Өлең, жыр, ақындар

Ұлт болам десең, ұрпақ саулығын ойла

Тәрбиеші: Мустапаева Майра Ерликовна
Тақырыбы: Ұлт болам  десең, ұрпақ саулығын ойла

Мақсаты: Білімділік - әр түрлі аурулардың алдын алу, медициналық сауатын ашу, оқушыларға зиянды заттардан адам өміріне қауіп төндіретініне нақты мысалдар мен деректер келтіре отырып көз жеткізу, денсаулық және оны сақтау туралды білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: Болашақ қоғамның сауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, сондықтан спиртті ішімдіктерден өздерін аулақ ұстауға, шылымқорлыққа әуестенбей аулақ болуға тәрбиелеу.
Барысы:
Жоспар:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Тарихи деректер
4. Сандар сөйлейді
5. Қорытынды

1-жүргізуші: Қонақ келсе ырысқа теңейтұғын,
Ән мен жырға орданы бөлейтұғын,
Құтты болсын меймандар қадамдарың
Өнерін шәкірттердің демейтұғын.

2-жүргізуші: Халықпыз қазыналы қарапайым,
Дархандығы, мәрттігі даладайын
Қам жейтұғын күйініп кезің келді,
Ойланып кеңесетін ұрпақ жайын.

Екеуі: Біз бүгін соларды ойлап толғанамыз
Жат қылық пен әдеттен қорланамыз
Осында кеңес құрған қонақтармен
Жат қылықтар жағдайын қолға аламыз.

1-оқушы: Салауаттылық өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық, темекі мен ішімдікке құмарлық. Елбасымыз Н.Назарбаев өз тұжырымдамасында «Жалпы адамдар өз денсаулықтарын құртып,оны улайтындар төзіммен қарауы тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын» деп есірткі,шылым,ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтты.

2-оқушы: Ұрпағымыздың азып-тозыуының өмірдегі көріністері көп-ақ, солардың бәрінің түп-тамырында экологиялық апаттар ішкілікке, нашақорлыққа салынуын, шылым шегудің зардабы жатыр емес пе пе деген ой келеді көкейге.

3-оқушы: Күрк-күрк көкжөтел
Күркілдеген не жөтел
Жасынан шексең темекі
Түбіңе сенің сол жетер.

4-оқушы: Түтінмен ыстап өкпені
Никотин уын төккені
Жүректің ұстап талмасы
Мишықтың құрғап кеткені
Темекі Америкадан шыққан. Колумб ашқан жаңалыққа дейін адамдар темекіні білмеген.
Тем екі алғашқыда емдік ретінде қолданылған.
Алкогольдің әсерінен орталық жүйке жүйесінде өтетін құбылыстар мен мінез-құлықтың өзгеруіне байланысты мастық жағдай үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең - қозу кезеңі немесе мастықтың жеңіл түрі деп аталады.
Бұл кезеңді адамның көңіл күйінің көтеріңкі болуы мен себепсіз жайбарақаттануы сипаттайды.
Екінші кезеңде - орталық жүйке жүйесінің тежелуі басталады. Бұл кезеңде адамның көңіл-күйі жабырқайды, рухы түседі.
Үшінші кезең - норкоздық кезең деп аталады. Мұнда мас адам ес-түссіз ұйқыда болады, яғни орталық жүйке жүйесінің тежелу үрдісі күшейіп, ми қыртысын ғана жайылып тоқтамай қыртыс асты құрылымдарды қамтиды.
Есірткі бағзы заманнан қоданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі.
6-оқушы: М.Горький: «Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді, епті болмақ, өз ақыл ойынды, өз еркіңді осылай шыңдау қажет».
7-оқушы: А.В. Луначарский: «Спорт - оптимистік мәдениетті, сергектік мәдениетін қалыптастыру».
8-оқушы: Ғ.Мүсірепов: «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес,қ айта бойды сергітіп, ойына жәрдем ететін нәрсе».

Ауырып жазылған жан олжа,
Жоғалып табылған мал олжа.
Сәтін салған ауруға,
Не болса,сол ем болады.
Іздеп алған аурудың
Емі табылмас
Демі бардың емі бар
Жалқаулық-жаман ауру
Спорттық ойын да күш берер бойыңа
Спортта ем  болар,жатықсаң ем қонар
Табиғат егіз адаммен
Ұқсастық табам адаммен,
Мәнгілік болсын егіздер
Жер ана, көл, теңіздер!

1. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7-8 тамшы никотин жеткілікті
2. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне бір литр смола жиналады.
3. Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд адам темекі тартады.
4. Маскүнемдердің балаларының 38 пайызы кемтар
5. Нашақорлардың ең төменгі жасы тоғызда. Бүгінгі таңда Қахақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны 40505, тіркелмегені қаншама?
6. Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады.

Қорытынды

Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әмәнда аулақ болайық!
Өз өмәірің өз қолыңда, ей жастар
Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.   


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз