Өлең, жыр, ақындар

Түлкі мен қоян

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  
«Раушан» балалар бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші: Сулейманова Гульзар Альжановна

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Коммуникатция, шығармашылық.

Бөлімі: Көркем әдебиет, апликация.

Тақырыбы: «Түлкі мен қоян»

Мақсаты: Ертегінің мазмұның айтуға, ертегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін келтіре отырып, қимылдарын көрсете білуге баулу. Сұраққа жауап  беру қабілеттерін дамыту. Балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: айлакер

Қолданатын көрнекіліктер: Демонстрациялық материал, қоян, түлкі, арыстан, қасқырдың суреттері.

Билингвальды компанент: түлкі - лиса, қасқыр - волк, қоян - заяц.

Оқу іс кезендері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың  іс-әрекеті

Мотивациялық  қозғаушылық

 - Сәлеметсіңдер ме балалар!
 - Бүгінгі күнді жақсы көңіл күймен қарсы алайық, бүгінгі күн  барлығымыз үшін сәтті болсын!
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң, қонақтар,
Қайырлы таң, достарым!

- Жарайсындар балалар! Ал енді барлығымыз орнымызға  жайғасайық.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады?
- Балалар, сендерге жұмбақ жасырайын, жауабын табуға  тырысып көріндер

1.Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын,
Құйрығымен бұландап,
Қандай аң ол алдайтын

Көзі тостақ,
Өзі қорқақ.

Дұрыс айтасындар, айлакер Түлкі  мен қорқақ  
Қоян.

 

 

Балалар шаттық шеңберін  жасап, қонақтармен  амандасады

 

 

-  Күз мезгілі
-  Жел тұрады, жаңбыр  жауады, жапырақтар  сарғайып түседі.

 

 

 

- Түлкі

 

- Қоян

 

Ұйымдастырушылық-  ізденістік

 - Балалар Түлкі жыртқыш аң, ал Қоян жыртқыш емес.
 - Қоянөте қорқақ аң, оны үйде асырауға да болады.
Ғажайып сәт:
Есікті қағып Қоян келеді
 - Сәлеметсіңдерме балалар!
Мұнда не болып жатыр мен сендердің дауыстарынды сонау   орманнан естіп келдім.
Мен кіммін?
Жүгіріп түлкі келеді. Қоян сенде осынд екенсің ғой.
 - Балалар маған көмектесіндерші мені қасқыр қуып келеді.
 - Балалар түлкіге көмектескілерін келе ме?
 - Бүгінгі ертегіміз сіздер жайлы.
Төрге шығып балаларымызбен бірге тамашаланыздар.
 - Қуыршақ театр арқылы «Түлкі мен қоян» ертегісімен  танысамыз
Түлкі мен қоян
Әуелде Түлкінің құйрығы жоқ еді. Арыстанмен тату тұрмаған  соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізі  жасыра алмай  қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып    жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып   кетіпті. Шығып кетпесе, қасқыр түлкіні өлтіріп тастареді. Түлкі   орманда келе жатып ағаш түбінде отырған Қоянды көреді. Ол  мезгілде Қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі   келтіреді  екен. Сол жерде қоян өзін ұстап алған Түлкіге: «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», - деп жалыныпты. Міне  содан бері түлкінің құйрығы ұзынболыпты, ал Қоянның   құйрығы қысқа болып қалыпты.

 - Балалар ертегі ұнады ма?
 - Ертегіде нелер туралы айтылған?

 - Ерте заманда түлкінің құйрығы қандай болыпты?
 - Қоянның құйрығы қандай болыпты?

 Сергіту сәті
 Ұзын құлақ, сұр қоян
 Естіп қалып сыбдырды
 Ойлы қырлы жерлермен  
 Ытқып- ытқып жүгірді
 Қарап еді артына
 Қиығын сап көзінің
 Келе жатқан томпандап,
 Көжегі екен өзінің

Сөздік  жұмыс
Айлакер - өте қу дегенді білдіреді

 

 

- Балалар Қоянмен  амандасады

- Қоянсын

 

 

- Иә

 

Балалар ертегіні мұқият  тамашалайды.

- Иә ұнады

-Түлкі, қоян, қасқыр туралы

 

- Жоқ 

 

- Ұзын болыпты

 

Өлең мазмұнына сәйкес  қимыл-қозғалыстар жасайды

 

Балалар қайталап айтады

Рефлексиялық  түзетушілік

 - Балалар бүгін біз қандай ертегімен таңыстық?

 - Ертегіде қандай кейіпкер ұнады?

Ұжымдық жұмыс: «Ормандағы аңдар»

 Түлкі мен қоян ертегісі

Қоян

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Адамгершілік қасиеттерін бағалауды.

Игереді: Ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін келтіруді.

Меңгереді: Ертегінің мазмұнын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер