Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің
кітапханашысы Ералина Жарқын Мұхитқызы


/Кітап көрмесі/ 9 ақпан 2018 ж.

Уақыты:13 - 40 де 9 ақпан 2018жыл.
Өтетін орны: кітапхана оқу залы
Ұйымдастырушы: колледж кітапханасы

Мақсаты:
а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен білім алушыларды таныстыру.
ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.
б) дамытушылық: білім алушының сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, слайд, бейнебаяндар.

Жоспары:
1. Кіріспе бөлім
2. «Мұқағали мәңгілік ғұмыр»  өлеңдерінен топтастырылған кинобейне ұсынылады.
3.  Кітап көрмесімен таныстыру, өмір тарихынан слайд жүргізу.

1 бөлім:
Дәйектеме сөз: «Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалида жалғыз.. Құдіретті ақынға көзі тірісіндекөрсетілмеген құдіреттің, берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу».

Лашын Әзімжанова

2 бөлім:
Дәйектеме сөз:
Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған   
Ф.Оңғарсынова

3 бөлім:
Дәйектеме сөз:
«Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса М.Мақатаевта көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда. Әне ол мұзбалық қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды бір өзі толтырып, жазық маңдайы жарқырап, жалтырап жыр оқып тұр!...»

Рза Қуандықов

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Білімділік.
Мұқағали Мақатаевтың өмір жолдары,шығармашылығымен оқушыларды таныстырып кітап көрмесін тамашалау.
Тәрбиелік.
Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, эстетикалық тәрбие беру,табиғатқа деген мейірімділікке ,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық.
1. Білім алушының сөйлеу мәдениетін дамыту, еркін көркем сөйлеуге ақын шығармалары арқылы үйрету.

2. Ақынның сөзіне жазылған әндерді көпшіліктің назарына ұсыну. 

3. Отанын,елін, жерін сүюге, өлеңді бағалауға,өз бетімен іздене білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Ақынның портреті.ақын туралы ағалар лебізі(папка) ,нақысөздер,шығармалары,суреттер, газет-журналдардан қиындылар.
Жоспары:
1. Кіріспе бөлім
2. «Мұқағали мәңгілік ғұмыр»  өлеңдерінен топтастырылған кинобейне ұсынылады.
3.  Кітап көрмесімен таныстыру, өмір тарихынан слайд жүргізу

Бүгін 9 ақпан Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған, колледж кітапхана оқу залында кітап  көрмесі ұйымдастырылады  және  «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты әзірленген өлеңдерінен топтастырылған киносы ұсынылды. Туылған күніне арналған слайд көрсетіліп, Дәйектеме сөздер қойылды.

C:\Users\жаркын\Desktop\мұқғали мақатаев\20180209_134438.jpg

C:\Users\жаркын\Desktop\мұқғали мақатаев\20180209_134931.jpg

C:\Users\жаркын\Desktop\мұқғали мақатаев\20180209_134500.jpg

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз