Өлең, жыр, ақындар

Нағыз әже қайда?

Сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: №7 арнайы түзету мектеп-интернат

Күні: 12.05.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Раимова Назым

Сынып: 5

Қатысқандар:8

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы:

Отбасы құндылықтары

Нұрдәулет Ақыш “Нағыз әже қайда?” әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары  (оқу бағдарламасына сілтеме)

5 Т/А1  Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау

5 Т/Ж1 Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Сабақтың мақсаты

 

 

Барлық оқушы орындай алады:

Әңгіменің мазмұнын түсініп, оқиды.

Сұрақтарға жауап береді.

Кейіпкерлерін айтады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтін мазмұнын өз сөздерімен баяндап, болжам жасай алады.

Өмірмен байланыстыра біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әңгіменің негізгі идеясын тұжырымдап, түйіндей алады.

Бағалау критерийі

1.Әңгімедегі әже туралы айта алады.

2. Әңгімеде баланың қиялындағы әже мен қонаққа келген әжені салыстыра алады.

3.Әңгіменің тақырыбын түсініп, ойын түйіндейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

1.Ұршық. 2.Мәсі 3. Кимешек 4. Шылауыш 5.Сөзуар  6.Бүйректен сирақ шығару  7. Нанымды.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер :

қиялыңдағы әже,нағыз әже

Талқылауға арналған сұрақтар:

Нағыз әже қандай болу керек?

Құндылықтарға баулу

Туыстық атаулар.Мейірімділікке,адамгершілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Тақырып бойынша

алдыңғы білім

Отбасы ұғымын, туыстық атауларды түсініп, ажырата алады.

Ақын Абайдың әжесі Зере  секілді әжелердің бейнесін  аңыз әңгімелерден, әдеби шығармалардан біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

Басы

2 мин

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

1.    Психологиялық дайындық.
Жарқырап күнде ашылды.
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену.
Еңбек ете жұмылып,5-ке қолды жеткізу

Топтық жұмыс «Аквариум» тәсілі

Суреттер арқылы топқа бөлу

    1-топ Кимешек       2-топ Ұршық       3-топ Мәсі

       

Үй тапсырмасын сұрау:

Тынымбай Нұрмағамбетовтің “Анасын сағынған бала” әңгімесі

  1. Автор туралы сұрақтар қою.
  2. Автор бұл әңгімесі арқылы бізге не айтқысы келді?
  3. Әңгімені оқығаннан кейін қандай сезімде болдыңдар?
  4. Сержан сияқты анасын сағынып жүрген балалар қазір бар ма? Біз оларға қалай көмектесе аламыз?
  5. «Нағашым» атты өлеңін жатқа айту.

«Өрмекші торы» әдісі арқылы сұралады.

Бағалау. Смайлик

Миға шабуыл.

       1. Балалар сендердің ойларыңша, әже деген кім?
       2. Нағыз әже қандай болу керек?
       3. Өздеріміз білетін әжелер туралы айтып берейік?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

5 минут

 

 

 

 

2 минут

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Жаңа сабақтың оқу мақсатымен таныстыру.

 1. Ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

Нұрдаулет Ақыш (1950 жылы туған)

2. “Нағыз әже қайда?”әңгімесін оқыту

«Микрафон сөйлейді»әдісі арқылы сұралады.

Сөздікпен жұмыс:  Дәптермен жұмыс

Топтық жұмыс.

 Әр топқа тапсырма беріледі.

1 – топ.. Кимешек

Әжеге арнап өлең жазу.

2 – топ.Ұршық

Әңгімедегі әже бейнесі туралы қорытынды пікір жазу.

3 – топ.Мәсі

Нағыз қазақ әжесінің бейнесін жазу

Микрафонәдісі  арқылы сұралады.

Бағалау. Смайлик

Сергіту сәті: «Қамажай» биі 

Жеке жұмыс:

Әңгіме үзіндісінде берілген суреттеулерді пайдалана отырып, “Нағыз әженің” портретін жазайық.

“Нағыз әже” қандай болу керек?

Бағалау парақшасы «Дескриптор»

 

1

Әңгіменің мазмұнын түсінеді.

1 ұпай

2

Ойын жай сөйлемдермен жеткізеді

1 ұпай

3

Шығармадағы әже мен нағыз әжені аша біледі

2 ұпай

4

Өз ойын жүйелі, ашық қорытындылай біледі

2 ұпай

«Ортадағы  қаламсап»  әдісі арқылы сұралады.

Үйге тапсырма..

Әңгімедегі әже және Райхан мен Аяның ойындағы әжелердің  бейнесін  салыстыра сипаттау.

 

 

Электронды оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Смайлик

 

бейнеролик

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

+

?

Бұрыннан білемін

Мен үшін жаңа ақпарат

Білгім келеді

 

 

 

 
 

Қосымша ақпарат:

Жазушы Нұрдаулет Ақыш дүниеге келген Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан картасынан тауып көрсетейік. Шығыс Қазақстанда дүнеге келген қазақтың атақты ақын-жазушылары туралы мәлімет жинайық.

 

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлапотырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын

сақтау

Әңгіменің мазмұнын деңгейлік тапсырма арқылы анықтау

Топтық, жеке жұмыс, бағалау.

Сергіту сәтін өткізу, жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырма беру, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма? Егер оқушылар мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Бұл әңгімеде сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ жоспарланған мақсатына жетті. Оқушылар  Қиялындағы әже мен Нағыз әжені аша білді. Сабақ жақсы деңгейде, ұйымшылдықпен өтті. Оқушылар мәтін мазмұнын өз сөздерімен баяндап, болжам жасай алады.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Топтық тапсырмада берілген сұрақтарға оқушылар жүйелі жауап берді.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )

1. Әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуім керек.

2. Өз ойларын толық айтуға еркіндік беруім керек

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтатарда не нәрсеге назар аудару қажет? Оқушылардың кейбірінің сөз байлығының жетіспеуі, баяу қимылдауы байқалды.

Оқушылардың кері байланысын ескере отырып, келесі сабақта басшылыққа алу керек.


Пікірлер (6)

Жансая

Əже портреті керек еді

Тилеубекова Мерей

Мен түсінбедім.
Мен ойладым тапсырма шығад соны осы телофоннан жазамаз деп.
Басқаларында қандай.мен аша алмадымба .Білмейм.

Мадина

Түсінікті әрі нақты

ЖАНАР

Өте керемет. Маған ұнады

Madina

Казак адебиети
Нагыз аже ангымесындегы "современный" аженын кеыпын автор калай сипаттады? Ойынызды 2-4 сойлеммен жеткызыныз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз