Өлең, жыр, ақындар

Тағам және сусындар. Біз қалай тамақтанамыз?

Пәні: Дүниетану

Тақырыбы: Тағам және сусындар. Біз қалай тамақтанамыз?

Мектеп: № 14 М-Г

Күні :12.04.17

 

Мұғалімнің есімі: Шуленбаева Гулфайра Сихымбековна

СЫНЫП: 1 «Ә»сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  Барлық оқушылар: ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы білу;

 

  Оқушылардың басым бөлігі: тағам және сусын түрлерін ажыратып үйрену.

  Кейбір оқушылар: бұрынғы мен қазіргі кезеңді елестету тәсілдерімен танысаy.

Тірек сөздер:

Тағам – еда – food; сусын – напиток-drink.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, орыс тілі,ағылшын тілі, көркем еңбек сабағы

Жетістік критерийлері

 Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Ресурстар:

Түрлі тағамдардың атауы жазылған үлестірме парақшалар, «Тағам және сусын» тапсырмасы бойынша А4 көлеміндегі қағаздарға жазылған тағам түрлерінің атаулары

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

     Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1 минут

 

 

 Кіріспе

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

2 минут

 

 

8 минут

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

1 минут

Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Күліп-ойнап шаттану

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты қалыпсыз нысанда бастаймыз. Кенеттен сабаққа аспазшы кіріп келеді.Барлығы аң-таң.

Аспазшы:

- Балалар сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?.......Мен сендерге жұмбақ жасырғалы келдім. Егер жауабтарын тапсаңдар менің сендерге деген тосын сыйым бар.

1 жұмбақ- Құрғақ жерде сақтайсың,

                 Онсыз тамақ татпайсың. ( тұз-соль-salt)

2 жұмбақ- Қардай аппақ,

                 Балдай тәтті-ақ ( қант-сахар-sugar)

3 жұмбақ- Есiгi жоқ,

                 Тесiгi жоқ,

                 Ақ доптың iшiнде,

                 Несiбi көп.    (Жұмыртқа-яицо-egg)

4 жұмбақ- Күрең қызыл түсi бар,

                 Тағамдардың асылы.

                 Қуат берер күшi бар.   ( нан-хлеб-bread)

                 Шиге жайып кептірген,

5 жұмбақ- Тіл үйірген дәмі бар

                  Шөлдесең іш қанып ал Ол не? (Шай-чай-теa)

Жұмбақтың жауабы үш тілде айтылады

Жұмбақтың жауабын тапқан соң аспазшы тез шығып кетеді. Балалар аспазшы не себепті келді,оның бізге қандай тосын сыйы болды екен?.......

Ол бізге бүгінгі сабақтың тамақ жайында болатынын айтқысы келген екен ғой. Бүгінгі біздің сабағымыз тағам туралы «Тамақ және сусын» «Біз қалай тамақтанамыз?»

Ежелгі және қазіргі заман адамдарының тамақтану ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы сурет бойынша салыстыра әңгімеленеді.

Суреттердің көмегімен Тамақ және сусындарды ажыратып көрсетеді.

Сусындар-сары түс

Тағам-қызыл түс ті көтеріп көрсету арқылы ажыратады.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.Тақырыбына қарай суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді.Әр топ жұмыстарын қорғап,жұлдысшалар алады

І топ - Ет тағамдары
ІІ топ - Сүт өнімдері
ІІІ топ - Нан тағамдары
IVтоп - Сусындар

Оқушыларға тамақ түрлерінің суреттері бейнеленген парақшалар таратылады. Суреттердегі өзіне ұнайтын және ұнамайтын тағамдарды төмендегі белгілермен көрсетеді

Ұнайды      Ұнамайды

Сен білесің бе?  Сұраққа жауап алу

Дүниеде не тәтті?.......

Бал тәтті ме, нан тәтті ме?....

Нанды неге ас атасы деп айтамыз?.......

Шөл даланың наны не?......

Дастарханға бірінші не қойылады?....

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер  арқылы бағалау.

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

Таныстырылым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

Суретпен жұмыс

 

 

Топпен жұмыс

 

 

 

Сөйлейтін парақша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бас бармақ әдісі


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз