Өлең, жыр, ақындар

«Бақытты сәт» математикалық сайысы

Қ.Сағырбаев атындағы ЖОББ мектеп-балабақшасының
Математика пәнінің мұғалімі
Неткалиева Назерке Ертайқызы

Сынып: 5 - 6
Сайыстың тақырыбы: «Бақытты сәт»  математикалық сайысы
Сабақтың мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту, оқушылардың математикалық ой-өрісін әрі қарай жетілдіру және де өз еркімен еңбектенуге үйрету. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сайыс тақырыбы жазылған плакат, интерактивті тақта.
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар және ұстаздар.
Бүгін 5 және 6 сынып оқушыларының қатысуымен оздырылғалы отырған «Бақытты сәт» математикалық сайысымызға қош келдіңіздер дейміз.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы оқушылар келіп, менің қолымдағы сандықшада жасырылған реттік нөмерлерін анықтайды. Сол арқылы оқушыларды екі топқа бөліп аламыз және топ басшыларын сол арада сайлап, олар да мұғалімнің қолындағы сандықшадан рет нөмерін анықтайды. Сол арқылы қай топтың 1-ші және болып бастайтынын анықтаймыз. Олар «Оң» сандар және «Теріс» сандар топтары болып сайысқа түседі.

Ендігі кезекте бүгінгі біздің сайысымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болайық. Олар:

1. Математика пәні мұғалімі -

2. Физика пәні мұғалімі -

II. Сайыс жоспары:

Алдымен сергіту жаттығуына кезек берейік. Яғни мен сіздерге бір геометриялық ұғымды айтамыз. Сіздер сол геометриялық фигураның суретін көрсетіп алып, соны орындау керексіздер. Мысалы: түзу десек, Сіздер біріңнен кейін бірің тұра қалып, түзу боласыңдар:  

1. Шаршы болыңыздар
2. Үшбұрыш
3. Шеңбер
4. Параллель түзу
5. Перпендикуляр түзу
6. Бұрыш
7. Ромб

III. Сайыс барысы:

1-тур. «Бәйге»
2-тур. «Математикалық эстафета»
3-тур. «Кім жылдам...»
4-тур.  «Ребус» шешу
5-тур. «Мақал – мәтелдер» сайысы
6-тур. «Математикалық хоккей»

1-тур. «Бәйге»

Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын бөлімін бастаймыз.

Бұл тур жалпы командаға арналған. Мұғалім оқыған сұраққа командадағы кез-келген оқушы қол көтеру арқылы жауап бере алады, ал жауабын таба алмаған жағдайда онда келесі топ оқушылары жауап беруге мүмкіндік алады.

Әр сұрақ - 5 баллмен есептеледі.

1-топқа.

1. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)
2. ІІ ширектің таңбасы?  (-; +)
3. Сызықтық функция графигі  (түзу сызық)
4. Бір жазықтықта жататын, бір-бірімен қиылыспайтын түзулер (параллель)
5. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұлама ғалымы кім? (Әл-Фараби)
6. 6-ға қарама-қарсы сан (-6)
7. Арақашықтықтың өлшем бірліктері (км, м, см, дм)
8. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек  (бұрыс бөлшек)
9. Айырмашылығы тек таңбасында болатын сан (қарама-қарсы сан)
10. Тік бұрыш неше градусқа тең?  (90)
11. Нөлден үлкен сандар  (оң сандар)
12. 6 нөлі бар ондық сан (миллион)
13. Жазықтықта координаттар жүйесін енгізген ғалым? (Р.Декарт)  
14. Төрт қайын қатар өсіп тұр, әрбір қайыңда 4-4-тен кішкене бұтақ бар. Әрбір бұтақта 4-4-тен кішкене алма бар. Барлық алма саны қанша? (0)
15. π-дің мәні неге тең? (3, 14-ке)

2-топқа.

1. ОУ осі қалай аталады? (ордината)
2. 9-ға кері сан (тоғыздан бір)
3. Нөлден кіші сандар (теріс сандар)
4. ІІІ ширектің таңбасы  (-; -)
5. Үштің кубы  (27)
6. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу  (перпендикуляр)
7. Алымы бөлімінен кіші бөлшек  (дұрыс бөлшек)
8. 9 нөлі бар ондық сан  (млрд)
9. Массаның өлшем бірліктері  (кг, г, т, ц)
10. Ең үлкен екі таңбалы сан  (99)
11. Қарама-қарсы сандардың қосындысы (нөл)
12. Кесіндіні өлшейтін құрал  (сызғыш)
13. Нөл қай елдің сөзі?  (араб сөзі, жоқ деген)
14. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (квадрат)
15. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)

2-тур. «Математикалық эстафета»

Бұл тур да жалпы командаға арналған. Менің қолымдағы сандықшадан өздеріңіз қалаған әріпті суырып алу арқылы, сол әріпке қатысты  5 математикалық терминдер айтуымыз қажет. Бұнда, бір сөз – 5 ұпаймен есептеледі.

«А»-алгебра, арифметика, азайту, алты, аудан.
«С»-синус, симметрия, сегіз, сан, сызғыш, сызықтық, сәуле.
«П»-пайыз, процент, периметр, пирамида, параллель, перпендикуляр.
«К»-конус, квадрат, көбейту, көлем, кесінді, координата.
«М»-метр, масса, миллион, математика, минус
«Д»-доға, дөңгелек, диаметр,
«Т»- теріс сан, тоғыз, трапеция, төртбұрыш, теңдеу, түзу, төрт.
«Е»-екі, есеп, елу,
«Б»-бөлу, бес, бұрыш, бөлшек, биіктігі, бос мүше.
«Н»- натурал сан, нөл,
«Ш»-шаршы, шеңбер,
«О»-оң сандар, осьтік симметрия, отыз, ордината.

3-тур. «Кім жылдам..»

Бұл турда қолдарыңызға берілген координаталық жазықтығы сызылған парақшаға нүктелерді бірінен кейін бірін ретімен кесінділер арқылы дұрыс қосса, бір аңның суреті шығады. Бұнда, қай топ бірінші табады соған – 10 ұпай беріледі.

1)          2)           3)        4)          5) 

6)          7)              8)         9)          10)

11)        12)           13)          14)         15)

16)        17)

4-тур.  «Ребус» шешу.

Топтарға сандық  ребустарды шешу жүктеледі.

Әрбір дұрыс шешілген ребус үшін 10 ұпай.

Жауаптары:

1) 324*57=18468
2) 50034-31044=18990                 
3) 50481+79617=130098
4) 74531-59622=14909
5) 245*54=13230
6) 1000-999=1

Сайыскерлеріміз ойланып болғанша, көрермендерге жұмбақтар жасырайық.

1. Сатайын десем, ауыр кілем,
Сатпайын десем, тәуір кілем.  /жер/

2. Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.  /бұлт/

3. Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты.  /алма/

4. Қалтам қанша?
Өзімде бар сан қалта,
Шалбарда екі жан қалта,
Арт жағында қос қалта,
Жейдеде екі төс қалта,
Пиджакта екі іш қалта,
Бір төс қалта және бар,
Сонда есепте, кәне, ал,
Менің қанша қалтам бар?
Тағы айтпақшы, пальтом бар.
Онда да төрт қалтам бар.  (он бес)

5. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы   (дөңгелек)

6. Онымен ертеректе дүкендерде қолданылған. Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар ілінген. Оны қолданғанда өзі сарт-сұрт етеді.          (Есепшот)

7.  Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)

5-тур. «Мақал – мәтелдер» сайысы.

Бұл тур да жалпы командаға арналған. Мұғалім оқыған цифрларға мақал-мәтел құрастыру және сол санның орысша, ағылшынша баламасын айту қажет. Бұған командадағы кез-келген оқушы қол көтеру арқылы жауап бере алады, ал жауабын таба алмаған жағдайда онда келесі топ оқушылары жауап беруге мүмкіндік алады. Бір мақал-мәтел - 15 баллмен есептеледі.

Барлығы қатысады. 1, 2, 3, 4, 5,  7, 9, 30, 40, 100, 1000  т.с.

1)  1 тал кессең, 10 тал ек.
1 түйір дәнде, 1 тамшы тері бар.
1 кісі қазған құдықтан, 1000 кісі су ішеді.
Қырық кісі 1 жақ, қыңыр кісі 1 жақ.

2)  2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас
Бас 2-еу болмай, мал 2-еу болмас.

3)  Досыңды 3 күн сынама, 3 жыл сына
Ат баспаймын деген жерін 3 басады.

4)  4-еу түгел болса, төбедегі келеді, 6-ау ала болса, ауыздағы кетеді

5)  5 бармақ жиналса, жұдырық болады.
Бес саусақ бірдей емес

6)  7 түрлі білім біл, 7 жұрттың тілін біл.

6 аға бірігіп әкең болмас, 7 жеңге бірігіп шеше болмас.
Жігітке 7 өнерде аз.
Жеті атасын білмеген ұл жетесіз

7)  Білгенің 1 тоғыз, білмегенің 99.

8)  30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.

9)  100 сом ақшаң болғанша,
100 досың болсын.

10) 1000 – ның қамын бір ойлар, Біреудің қамын 1000 ойлар
Ер 1 рет өледі, қорқақ 1000  рет өледі

6-тур. «Математикалық хоккей»

Әр топқа бірдей есеп беріледі. Әр топтан бір-бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады. Бұнда, қай топ бірінші табады соған – 5 ұпай беріледі.

Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет
Шын сезінген көрерменге
Мың рахмет, мың рахмет.

Әділ қазылар алқасынан сайыстың қортындысын сұраймыз.

Бүгінгі сайысымыз да соңына таяп қалды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз