Өлең, жыр, ақындар

Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі

Жаңаөзен қаласы №18 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі  Абишбаева Гүлбану 

Пәні: Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тыңдалым және  оқылым

Күні:22.11.17ж

Сынып:1 А

Мектебі:№18

Мұғалім: Абишбаева  Г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Қ дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөзде қай жерлерде кездесетінін анықтау. Жазылу таңбасын үйрету

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Отбасы

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Музыка тіл дамыту

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, ертегі тыңдау

Бастапқы білім

Қ дыбысы мен әрпі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш
Өткен сабақтарға  шолу жасау
I.Ойын:  Шашыраған  пазлдар
/ пазлдардаың артында сұрақтар жасырылған/
 - Буын дегеніміз не?
 - Әріп дегеніміз не?
 - Дыбыс дегеніміз не?
 - Сөз дегеніміз не?
 - Сөйлем дегеніміз не?
 - Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Пазлдарды құрастыру арқылы қасқыр, қоян, қуыршақ суреттері шығады.
- Балалар суреттен не көріп тұрмыз?

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

II. Қоян, қасқыр, қуыршақ. Енді осы сөздерді мен қайталаймын, сендер мұқият тыңдап, қандай дыбыс барлық сөзде кездеседі екен, соған назар аударып бүгінгі кезек қай дыбыстікі екен? Қ дыбысыныкі.

III. Қ дыбысын дыбыстау арқылы қандай дыбыс екенін анықтау. Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдай арасынан атылып шығады. Қ дыбысы тілімізде өте жиі қолданылады.

IV.Көрнекілікпен жұмыс:

- Қ дыбысының баспа жазба түрлерімен таныстыру/

- Жазу үлгісін көрсету

/Тақтаға жазу/

V. Оқулықпен жұмыс:

№1 Тыңдалым

 - Оқулықта берілген сюжетті суреттен әңгіме құрату
 - Суреттен не көріп тұрмыз?
 - Сурет не туралы деп ойлайсыңдар?
 - Отбасы мүшелері қай бөлмеде отыр?
 - Атасы немересіне не туралы айтып жатыр деп ойлайсыңдар?

№2 Әр топ қарақат сөзіне дыбыстық талдау жасау

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

 Ертегі «Тапқыр қоян» тыңдау

Сергіту сәтіне арналған жинақ

 

 

 

 

 

 

 

Қызықты тапсырма

8 минут

 

Аяқталуы

16 минут

 

№3 Оқылым
     Қа ла            қа ра              сыл  дыр  мақ
     Қо ла            қо ра             тал  қан
    А сық           қар  мақ        тыш  қан
    Қа сық          та мақ           а  ла  қан
    Мы сық        ты мақ           қо ша қан
    Та  уық        қа лақ             қал  та
№4 Шынжырлап  оқыту
№5  Дәптермен жұмыс
VI. Сергіту
 №6  Шығармашылық  тапсырма:
Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап.

Жұмыс құралдары:

 

Ыдыстар:

 

Ойыншықтар:

 

№7 Топтық тапсырма  Қ дыбысы бар сөздерді қорша

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл–күйді  бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Бас бармақтар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз