Өлең, жыр, ақындар

Үш аю. Тәрелкені әшекейлеу

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
КМҚК «Гүлдәурен» ясли бақшасының
тәрбиешісі: Багитова Акмарал Оржановна

Кіріктірілген білім беру саласы: «Коммуникация» «Шығармашылық»

Кіріктіріп ұйымдастырылған оқу қызметі: көркем әдебиет, cурет салу.

Тақырыбы: «Үш аю»,«Тәрелкені әшекейлеу»

Мақсаты: Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету. Балаларды шеңберге өрнек сала білуге үйрету, және үлгіге қарай отырып оны сақтауға дағдыландыру, жұмыс кезінде сызбаны пайдалану, әсемдікті сезіне білу арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері .
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Шаттық шеңбері:    
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Балалар сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме?                          

Ендеше орнымызға отырып мұқият тыңдайық.

Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай Настя деген қыз болыпты.
Бір күні орманға барып адасып қалыпты. Сонда алдынан бір үй кезігіпті. Бұл үйде үш аю өмір сүреді екен. Яғни анасы, әкесі және баласы. Осы кезде үш аю үйіңде болмаған екен. Кішкентай Настя үйге кірсе үстелдің үстінде тамақтар тұр екен. Настя тамақтардың дәмін көріп кішкентай қонжықтың тамағын жеп қояды. Содан әбден шаршаған Настя жататын бөлмеге барып төсектердің бәріне жатып көреді де, кішкентай аюдың төсегіне жатып ұйықтап қалады. Бір кезде үш аю үйіне келеді.                                               

Үйлеріне біреудің келгенін байқайды.                                                                         
Ал аюдың баласы менің тамағымды кім жеп қойды деп жылайды.                  
Үшеуі ұйықтайтын бөлмеге кірсе Настя ұйықтап жатады.                                    

Үшеуі бірдей бұл кім?                                                                                                      

Ұста деп айқайлаған кезде Настя үш аюды көріп қатты қорқып, қашып кетеді. Үш аю ұстай алмай қала береді. 

Сендерге ертегі ұнады ма, балалар.                                                                                  

– Иә ұнады.

Балалар қарандаршы мына аюлардың тостағамдары қандай әдемі өрнектелген. Бізде алдымыздағы тәрелкелерімізді әдемі өрнектермен өрнектейік. Біз тәрелкелеріміздің шетіне яғни шеңбердің ішіне үшбұрышты өрнекті саламыз.  

Үш бұрышты өрнектің түсі қандай?                                                                                       

– Жасыл.  
Балалар өрнектерді дәстүрден тыс мақта оралған талқымамен саламыз.                   

Ал, мына дөңгелектің ішіне ортасына үлкен дөңгелекті, қызыл түспен содан кейін кіші дөңгелектерді көк түспен саламыз. (Балалар өрнектерді салуға кіріседі). Балалар сендер шаршадыңдар ма?
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Жидектері көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Міне, балалар өрнектерді әдемілеп салдық.
Балалар сендерге бүгінгі айтып берген ертегі?
Қандай ертегі. 

– Үш аю. Орманға жалғыз баруға болама?                                                                          

– Болмайды.                                                                                                                   

Мынау кімнің үйі?                                                                                                 

– Аюдың. Мында кімдер тұрады?                                                                                

Әке аю, ана аю, және баласы қонжық.                                                                               


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз