Өлең, жыр, ақындар

Қобыланды батыр (жырдан үзінді)

Пән: ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ

Жаңаөзен қаласы «Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Қанатбаева Жамила

Сабақтың атауы

Қобыланды батыр (жырдан үзінді)

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды – аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы. 
Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қарақыпшақ Қобыланды» деп атайды. 
Сондай-ақ, Қобыландының ірі қолбасшысы болып, талай шайқастарға қол бастап барғаны жөнінде де баяндалады.

Қобыланды батыр туралы дереккөзі қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі – «Қобыланды батыр».
«Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасының ең көлемдісі – Марабай нұсқасы. Бұл қаһармандық жыр көркем шығарма болғанымен, онда тарихи негіз бар. Ондағы жер-су және кісі аттары осыны айғақтайды. Ерлік жыры, тарихи деректер, шежіре көздері Қобыланды батырдың хас батыр болғанын дәлелдейді. Ол жас кезінде Көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілхайыр ханның жанында жүреді. Ханның арандатуымен Қодан тайшының ұлы Дайырқожаны (Ақжол биді) өлтіреді.

Бұл оқиға Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайырдан бөлініп 200 мың адаммен бірге Шу өзені бойына көшуіне, сөйтіп, жаңа мемлекет – Қазақ Хандығының пайда болуына алып келеді.

Қобыланды батыр Маңғыт (Ноғай) Ордасындағы саяси оқиғаларға да белсене араласқан. Қазан қаласына жасалған жорыққа қатысқан.

Едіге бидің төртінші ұрпағы Әлшағырмен соғысқан. Өзі де Әлшағырдың ұлы Орақ батырдың қолынан қаза табады. Бейті қазіргі Ақтөбе облысы аумағында.
"Қобыланды батыр" жыры - қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма.

Мағынаны тану

Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Ой толғаныс

Шығармашылыққа тапсырма

1-топ Қобыланды батыр топтастыру

2-топ Қобыланды және Қамбар салыстыру

3-топ «Батыр болғым келеді» эссе жазу

 

Жырдан үзінді жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пікірлер (2)

Назым

Өте керемет жыр маған ұнайды.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз