Өлең, жыр, ақындар

Әдеби тіл туралы түсінік және Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылы
А.Нұрманов атындағы негізгі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шаймағанбетова Салтанат Тұрсынбекқызы

Қазақ тілі пәнінен біріктірілген 5, 6 сыныптарға арналған  бірпәндік сабақ жоспары

 

5 сынып

6 сынып

Сабақтың тақырыбы

Әдеби тіл туралы түсінік.

Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға сөйлеудің өмірдегі мәні мен қажеттілігі туралы түсінік беру. Сөйлеу туралы берілген ұғымдарын кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты:

Тіл мәртебесін жоғары ұстап, өз елінің патриоты ретінде ана тілімізді құрметтеуге баулу. Ұйымщылдыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, баяндау, ойын әдісі, модельдеу

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, тарих.

Көрнекіліктер:

Тақырып бойынша суреттер, тірек сызбалар.

Сабақ барысы:

І. Кіріктірілген бөлім

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Мұғалім сабақты кіріспе әңгіме айтудан бастайды:

- Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айырылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшінол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуға тиіс.

Тілдің ең негізгі, яғни бірінші қызметі –адамдардың бір-бірімен сөйлесуі,бір нәрсе жайында пікір алысуы үшін қызмет етуі. Екінші қызметі-адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізулері. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру, жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар. Сөйлеушілердің саны жағынан алғанда, қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70-орынға ие болып отыр. 

-Балалар, сендер қазақ деген ұлы халықтың ұрпағысыңдар! Бүгінгі жинаған білімдерің – еліміздің өркендеуіне қосар ертеңгі үлесіңнің іргетасы, болашақта бағындыратын биіктеріңнің бастауы. Ендеше тек жеңістер шыңынан таныла беріңдер!

ІІ. Үй тапсыр- масын тексеру:

 

5 сынып            6 сынып

Сұрақ – жауап.

Әдебиет пәнімен байланыс:

Тіл туралы жатқа қандай өлең білесіңдер?

 

4 жаттығу. Өлеңді жатқа айту. Өлеңнің мазмұны бойынша тілдің қызметі туралы өз ойларын айту.

4 бет. Қосымша мәлімет. Тіл туралы заңды жатқа айту. Тіл туралы өлең жолын жаттап келу.

ІІ Сараланған бөлім

1 тапсырма                                                  Оқулықпен жұмыс

5 сынып. Оқушының өздігімен орындайтын жұмысы.

6 бет. Әдеби тіл туралы түсінік.

5 жаттығу. Мәтінді тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіру.

 

 

 

 

 

Тарих пәнімен байланыс:

6 сынып. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

«Тіл туралы» Заң тіліміздің қоғамдық-әлеуметтік қызметін реттеп отырады.

Мемлекеттік тіл

Ел басқару, заң орындары, мем-лекеттік мекеме-лердегі ресми құжаттар мемле-кеттік тілде жүр-ді.

Қоғамдағы ғылым, білім, мәдениет, ден-саулық сақтау, хқк саласында кеңінен қол-ды.

Бұқаралық ақпарат (радио, теледидар, мерзімді баспасөз) құрал-ң  тілі.

 

 

2 тапсырма

5 сынып. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

Бірінші бағандағы сөйлемдердің жалғасын екінші бағаннан тауып, көшіріп жазу.

 

1

2

1.Адамдарға сөйлеу

ана тілін

2.Мемлекеттік тіл -

қарым-қатынас үшін қажет

3.Әрбір азаматтың парызы

ана тілін құрметтеу

4.Сүйемін туған тілім,

қазақ тілі

 

7 жаттығу.  Мәтіндегі ойды түсініп оқу. Адам өміріндегі тілдің орны туралы әңгімелеу. Тіл, сөз туралы 2-3 мақал ойлап жазу.

6 сынып. Оқушының өздігімен орындайтын жұмысы. 1 жаттығу.

«Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру.»

Н.Назарбаев

 

«Тіл елшінің қылышы»

Ж.Баласағұн

«Сөздің ең ұлысы - тарих»

А.Байтұрсынұлы

«Тілсіз өмір жоқ.Тілі жоқ жұрт ел бола алмайды. Тілі, мәдениеті шалқыған халықтың ғана үні естіліп, даусы шығады»

Өзбекәлі Жәнібеков

Тапсырма: Әр кезеңде айтылған ойларды көкейге түйе отырып, тілмен қоғамға байланысты қандай пікір айтар едіңдер?

3 тапсырма

5 сынып. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы

           Сурет бойынша

«Тіл – татулық тірегі » тақырыбына ауызша әңгіме құрастырады. Өз ойларын ортаға салып, ойтұжырым жасайды:

Сөйлеу – адамдарға қарым-қатынас жасауға, түсінуге, пікір алысуға қажетті құрал.

6 сынып. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.

2 жаттығу.  Қөшіріп жазу және қарамен берілген үш сөзге фонетикалық талдау жасау. Мыс:

С – дауыссыз, қатаң

ә – дауысты, жіңішке, ашық, езулік

б – дауыссыз, ұяң

и – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік

 

4 тапсырма

5 сынып. Жеке тапсырмалар.

Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, толықтыру.

Шешен сөз бастар, ....

Өзге тілдің бәрін біл, ....

Сөйлей-сөйлей шешен боласың, .....

Мектеп - ...., білім - .....

Жеті жұрттың тілін біл, ....

6 сынып. Жеке тапсырмалар.

3 жаттығу. Мақалдарды пайдалана отырып, «Мың бір мақал» тақырыбында төмендегідей бағыттарда жұмыс жасау.   Мыс:

Тіл туралы өздері таңдаған мақал не мәтелдің мазмұнына тоқталып, оның қажеттілігі мен маңызын түсіндіру.

 

ІІІ  Кіріктірілген бөлім

Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Бұл кезеңде сабақты бекітуге арналған тест тапсырмалары беріледі. 5 сынып оқушылары алғашқы

4  тапсырманы, ал 6 сынып оқушылары барлық тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийі

Бағалау парағының үлгісі.

Орындалатын жұмыс

түрлері

Мұғалімнің берген ұпайы

Өзіне берген ұпай саны

Баға

1

Суретпен жұмыс

 

 

 

2

Мәтінмен жұмыс

 

 

 

3

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

4

Мақал-мәтел құрастыру

 

 

 

5

Тест

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

Бағалау критерийі: 28-32 ұпай – «5»баға, 17-27 ұпай – «4» баға, 10-16 ұпай – «3» баға.

 

Үйге тапсырма:

5 сынып. 9 жаттығу. «Сөз» қай жерде,қандай мағынада қолданылып тұр?

6 сынып. «Ана тілім - айбарым» тақырыбында мәиін жазып келу.  


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз