Өлең, жыр, ақындар

Кішкентай және үлкен саңырауқұлақтар

Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның жанынан құрылған
«Күншуақ» шағын орталығының бейнелеу пәнінің мұғалімі
Салыкбаева Балжан Нуржановна

Тобы: «Балапан»

Тақырыбы: «Кішкентай және үлкен саңырауқұлақтар»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім беру бөлімі: Мүсіндеу
Мақсаты:
1) Балаларға саңырауқұлақ туралы түсіндіре отырып, ермексазбен саңырауқұлақты мүсіндеуге үйрету. Түс ерекшеліктерін ажырата отырып бірнеше саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы қажетті мүсіндеуге үйрету; үңгу, жалпақтау әдістерін меңгерту..

2) Саусақ қимылдарын, сөздік қорларын арттыру.

3) Мүсіндеу сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдісі: Түсіндіру. Сұрақ - жауап. Ойын. Мадақтау.
Көрнекілігі: Ермексаздар, тақтайшалар, тақырыптық жылжымалы папка, саңырауқұлақтың макеті.
Сөздік жұмыс:саңырауқұлақтар.

Белингвальді компонент:саңырауқұлақ - гриб, саңырауқұлақтар - грибы.

 Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Таңғы жиын:
- Қайырлы таң балалар, Бүгін күн қандай керемет, Қане барлығымыз бір - бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.
Біз қандаймыз қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Жабырқауды білмейміз.
- Жарайсыңдар балалар. Осындай керемет күні өтетін біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің  тақырыбы: ««Кішкентай және үлкен саңырауқұлақтар»» деп аталады. Яғни бүгін біз саңырауқұлақтар туралы кеңірек мағлұмат аламыз.

 

Сә-ле-мет-сіз-бе!

 

 

Бірге қайтталау

 

Суретпен жұмыс.
- Балалар, мына суретке назар аударайықшы.

Не көріп отырсыңдар?
- Кірпі қайда жүреді?
- Ол не істеп жүр екен?
- Ол нені көрді?
- Балалар, бұл саңырауқұлақ.
Саңырауқұлақ - ылғалды жерде өсетін қалпақ тәрізді қалқаны бар, гүлдемейтін өсімдік.


Жаңа тақырыпты көрнекіліктерді пайдалана отырып, түсіндіремін.
    - Балалар, саңырауқұлақтар туарлы өлең, ертегі білеміз бе? Жақсы келістік.

Онда «Саңырауқұлақ» саусақ ойынын ойнайық.

Шынашағым, орманға бар!

Шылдыр шүмек, саңырауқұлақ тап!

Ортан терек, тазалап ал!

Балаң үйрек, қуыра сал!

Бас бармағым, барлығын жеп,

Өсіп қапсың толып.

- Саңырауқұлақтар үлкен, кіші, сары,ақ, қоңыр болады.

Кейбіреуі улы болады. Өздері білетін саңырауқұлақ атауларын қайталап айтады.

- Енді осы саңырауқұлақтарды ермексазбен мүсіндеп көрейікші. Мұғалім саңырауқұлақты мүсіндеу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.

- Ақ ермексазды алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіреміз.

Өздерін қалаған түсті ермексазды алыңдар. Оны домалақтап, бас бармақпен ортасын үңгиміз, сұқ саусақпен жалпақтап, қалпақтың пішініне келтіреміз.

Сергіту сәті.
Саңырауқұлақ, саңырауқұлақ,
Басында қалпағы бар.
Ормандағы жәндіктерге,
Жауын жауса пана болар.
        Ақ түсті ермексаздан бірнеше ұсақ түйіршіктер жасап, қалпақтың үстіне жапсырамыз. Саңырауқұлақтың қалпағын түбіртегіне орналастырамыз.

Кезекші бала тазалық шараларын айтып өтеді.

Өнер орталығы
Балалардан саңырауқұлақты сипаттап, бөлшектерін атауды сұраймын.
Мүсіндеу әдісін түсіндіремін. Балаларға өздерінің саңырауқұлақ алаңын жасауды ұсынамын.

Дидактикалық ойын :

 «Тез құрастыр»
Балаларға 2 бөлікке бөлінген саңырауқұлақты тез әрі дұрыс құрастыруды ұсынамын
Саңырауқұлақтың қалпағын және сабағын өз орнына қойып, саңырауқұлақты құрастырады.
 

Мұхият қарауы

 

 

Кірпіні

Орманда жүр

Саңырауқұлақты

 

 

 

- «Саңырауқұлақ» саусақ ойынын білеміз.

 

 

Балалар ойын мәтініне сәйкес қимыл- қозғалыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұғалімнің көрстеуімен саңырауқұлақты мүсіндей бастайды.

 

 

Қимылмен қайттлау

 

Балалар жұмыс жасайды.

 

 

Қызығы ойнауы

Рефлексиялық-түзетушілік

 

- Балалар, бәрін де саңырауқұлақты әдемі мүсіндеңдер! (Балалар назарын шөптесін алқапқа аударады.) Осы әдемі саңырауқұлақтарыңды мына алқапқа орналастырыңдар. Бұл «Саңырауқұлақ алқабы» болады.

-  Бүгінгі сабақ ұнады ма?

   Балалар өздері жасаған саңырауқұлақтарын алқапқа, кірпінің үстіне орналастырады.

Мадақтау, тамашалау.

 

Ия

 

 

Ия ұнады

Күтілетін нәтиже:

Біледі: саңырауқұлақ атауларын, түстерін;

Игереді: әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып мүсіндеуді;

Меңгереді: саңырауқұлақ түрлерін, пайдасын.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер