Өлең, жыр, ақындар

Ел тұғырын ұстайтын болашақ ұрпақ тағдыры. Бағбаншының ізденіс жұмысы

Оңтүстік Қазақстан облысы Білім Басқармасының
«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Педагог психологы Есжанова Арайлым Мұхтарқызы

К. Маркс өзінің бір хатында сенімнің қорғансыздығы туралы жазған екен. Егер бір адам екінші біреуге шексіз сенсе, ол белгілі бір дәрежеде қорғансыз болады. Тәжірибелі педагог тәрбиеші – мұны ешқашан ұмытпайды. Баланың жақсы педагогқа сенімі мүлдем шексіз. Мектеп табалдырығын аттап, сізге шексіз сенеді, сіздің әрбір сөзіңіз, ол үшін қасиетті шындық, сіздің мінез-құлқыңыз ол үшін - жанды кемеңгерлік пен адамгершіліктің үлгісі секілді.

Баланың мұғалімге деген сенімі – раушан гүліндегі мөлдір шық тамшысы, оны сілкіп қалмаңыз. Сенімді қастерлеу, демек баланың қорғансыздығын да қастерлеу – бұл педагогикалық кемеңгерлік біздің бар жұмысымыздың шырқау шыңы.

Педагогикалық мәдениетсіздік пен надандық бұл мұғалім баланың рухани жан дүниесін түсінбей, баланың қорғансыздығын темір торға айналдырып, өзіне пайдалы да, қажет көрінген нәрсені істеп, оған кішкентай құсты қуып тығуға тырысқан жерден басталады.

Бала қорғансыздығын түсінбеу, оны жүрекпен сезіне білмеу – сайып келгенде балаға билігін жоғалтып алатын мұғалімнің аянышты жағдайының себептерінің бірі.

Егер адам өз билігін адамды қорлау үшін пайдаланатын болса, адам дөрекіленіп, толастанып, қатыгезге айналып кетеді.

В.А. Сухомлинский  «Мен барлық ұстаздарға былай ғибадат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтанышы сезімі осы оттың тұтанар бірден–бір көзі»  деп тұжырым жасаған.

Бала алғаш мектепке баратын кезін естеріңізге түсіріп көріңіздерші .. Қалай асығатынын қуаныштан көздері жайнап, мектепке баратынына қуанып керекті қуралдарын дайындап, сөмкесін асынып көріп жүетін кезін барлық ата ана білетін шығар.

Содан бір айдан кейін ол баланың мектепке барғысы келмей қалғанын байқаймыз. «Барғым келмейді», «Апай жаман»  т.с.с сөздерді естейміз себебі неде деп ойлайсыз?

Бұл сөздердің себебі жастарымыздың дұрыс мамандық таңдамауынан; Өз мамандығына салғырт қарауынан; Өз мамандығын түсінбеуінен  ата- аналар, ұстаздары мамандық таңдауға дұрыс көмектесулеріңізді сұранамын.

Сәл бал жинаудан қиналса бастауышқа түсе сал, сол оңай деп бастауыш мамандығын оңай деп көп ата-ана, бастауыш фундамент қалайтын маңызды да өте күрделі мамандыққа салғырт қарауынан болып жатқан жағдай. Бұл мамандықты оқу үшін бұл мамандыққа деген үлкен махаббат керек. Өз мамандығын жаксы көрген де ғана, алғаш мектепке келген баланың білім алуға деген құштарлық отын өшіріп алмауға шын жүрегімен арекет жасары сөзсіз. «Жүректен шыққан сөз, жүрекке жетеді» бұл анық.     

Ал бір балдар олар қайта мектепке асығып көздері жайнап апайын жақсы көретінін көреміз. Ал бұл баланың мұғалімінің өз мамандығын сүйетінін балалары үшін аянбай еңбек ететінін көреміз..

Барлық жерде мұғалімге қойылатын талап: Баланы тәрбиелеу, яғни әр баланың өз табиғатын түсініп, жанын байыту,жақсы жақтарын дамытуға бағыттау.

Ұлыларымыз  «Шәкірттің жақсы болғаны ұстазынан», деп айтқандай егер әр ұстаз өз мамандығын дұрыс таңдаса ғана болашағымыз жарқын болары сөзсіз. 

«Тәрбие – кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.» Мағжан Жұмабаев 

Қорыта келетін болсақ,  еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек екенін сіз болып біз болып ойланайық.  


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз