Өлең, жыр, ақындар

Менің Тұнғыш Президентім!

Қарғалы селосы
«Алихан» балабақшасы
Тәрбиеші: Тулегенова Жанагүл Оразбекқызы

Тәрбиеші:

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп
Елбасыны құрметтейік ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік
Елі үшін олжа салып қиырдан
Ықпаған еш ауырпалық қиыннан
Мерекеңіз құтты болсын, көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған

Құрметті бүлдіршіндер, ұжымдастар! Бүгін  біз үшін ерекше күн.
Бүгін бүкіл қазақ елі болып, Қазақстан жері болып Тұңғыш Президент күнін тойлағалы отырмыз. Біз қазақ елі десек әрине, ең алдымен өз Елбасымыздың есімін айтамыз. Қазақ атын бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың салиқалы саясаты екенін мақтанышпен атаймыз!

Ән: ҚР Мемлекеттік Әнұраны

Тәрбиеші: Бүгінгі мерекемізді бастамай тұрып Тұңғыш Президентіміз жайлы дайындалған суреттерді тамашалайық.

Тәрбиеші: Осы мерекеге арнап дайындаған балаларымыздың тілектерін тамашалайық.

Даниял:

Менің тұңғыш Президентім – Әбішұлы Нұрсұлтан
Еңбегімен еліне болған ол мақтан
Бүгінгі күн бүкіл әлем таниды
Қазақ елін, қазақ жерін Қазақстан!

Ерасыл:    

Менің тұңғыш Президентім – Әбішұлы Нұрсұлтан
Нұрлы жүзін танимын мен алыстан.
Елбасының саясаты арқасы,
Өсіп жатса бар балалар  бақшадан

Сезім:

Менің тұңғыш Президентім  – мақтаным
Ес білгеннен есімін оның жаттады
Елбасының саясаты арқасы –
Оңнан туса бүгін менің ақ таңым!

Жангүл:

Елбасым менің Президентім – Назарбаев Нұрсұлтан
Көк байрағын әлемге бүкіл танытқан
Шарықтап күнде әуезді әсем Әнұран
Атағы оның естіледі алыстан

Нұрислам:

Қазақ елі – Қазақстан
Болашаққа үн қосқан.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер