Өлең, жыр, ақындар

Ғаламшар ғажаптары

Пән аты:  «Өзін-өзі тану пәні»

Сабақтың тақырыбы: «Ғаламшар ғажаптары»

Сыныбы:  7 «А»

психолог: Тасболатова Махаббат Амантаевна

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру;

Оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;

Оқытудың мақсаты:

- оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;

- қоршаған жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;

- қоршаған жаратылысқа деген ізгі қарым - қатынасқа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

 Өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі;

 Басқаларды тыңдап кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды.

 Көрнекіліктер: Видеороликтер, үнтаспа, слайд.

Сабақ барысы:

 «Ғаламшар ғажаптары» жайлы видеоролик көрсету. Сол видеоролик бойынша оқушыларға тақырыпты ашып түсіндіру.

Шаттық шеңбері:

Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін оларды шаттық шеңберіне шақырып, Т. Мұхаметжановтың «Құс жолы» әнін қосылып орындайды.

Әңгімелесу:

Оқулықта берілген сұрақтарға сүйене отырып, бұл әдістемелік тәсілде мұғалім адамның қоршаған ортамен байланысы, оның сырларын білуге ұмтылысы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаны қабылдауда адам қандай сезімдерге бөленеді?

Жерден басқа әлемдегі өмір туралы не ойлайсыңдар?

Айналамыздағы әсемдікті сезіну үшін сендерге не көмектеседі?

«Түймедақ» жаттығу.

Мақсаты: жеке тұлғаның өзінің жағымды және жағымсыз жақтарын толық қабылдауын қалыптастыру.

Бір парақ ақ қағаз алы, ортасынан домалақтап суретін салып, сол домалақтың ішіне «Мен» сөзін жазыңыз. Енді домалақтың сыртына түймедақтың жапырақтарын салыңыз, оның ішінде өзіңіздің өмірдегі көмектесіп келе жатқан қасиеттердің жазыңыз. Ол қасиеттер жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.Бұл қасиеттердің барлығы сізге өмірде қандай да бір жағдайда көмегін тигізуі керек.

Мәтінмен жұмыс.

Оқушылардың оқу ақпаратынан алған түсініктерін кеңейте түсу мақсатында Ұ.Доспанбаевтың «Ғарыш әні» атты әңгімесін оқу тапсырылады.

Автор адамның ғарышпен байланысын не арқылы көрсетеді?

Ғарыш әні қандай болу керек деп ойлайсың?

Автор адамның ғарышпен байланысын не арқылы көрсетеді?

Қоршаған ортадан еш сұлулықты көрмейтін адамдар бола ма?

Адам сұлулықты сезінуі үшін не істеуі керек?

«Тыныштық сәті».

Ғажайып көл.

Мақсаты: Мазасызданудың алдын алу, стрестен арылуға көмектесу.

Босаңсып ыңғайланып отырыңыз көзіңді жұмыңыз.Толық босаңсыған соң әдемі безендірілген дәлізді көз алдыңызға елестетіңіз. Дәліздің соңында еменнен жасалған есік көрінеді. Есікке жақындағанда ол жайлап ашылып кетті. Есік толығымен ашылғанда сіз әдемі көлді көресіз. Айнадай көк жасыл суы бар көлді үлкен лала гүлдер безендіріп тұр, көлдің айналасында алуан түрлі сары, жасыл, сия көк, қызыл түсті мыңдаған гүлдер өсіп тұр. Осы таңғажайыптың ортасында аңдар жүр. Арыстан көлден су ішіп жатыр, ол судан басын көтеріп сізге қарады да, асықпай орманға кіріп кетті.

 Жан-жағыңызға мұқият қарап сіз көл ортасынан үлкен раушан гүлді байқайсыз. Оның үлкендігі сондай, сіз оның ортасына жайғасуыңызға болады. Сіз гүлдің тамаша иісін сезесіз. Сіз ақ бұлттар жүзіп бара жатқан таза көгілдір аспанды көрдіңіз.Тыныштық…

Сіз тұрып отырдыңыз, айналадан көргендеріңізге күле қарайсыз. Қоянның ін қазып жатқанын көрдіңіз. Елік үлкен қара көздері мен сізге қарайды.

Жағалауда аю отыр, суда бірнеше піл тұр, олар тұмсықтарымен су шашады.

Сіз жайлап гүлден сырғып, суға түсіп жүзе бастадыңыз. Су жылы, сіз өзіңізді жас әрі жеңіл сезінесіз, су ішесіз, су астына ешқандай тұншықпайсыз. Түрлі әлем балықтар жүзіп жүр. Сіздің қасыңызға делфин келіп, ескі досыңыз сияқты сәлем берді. Су сіздің қан тамырларыңызға құйылып тазалай бастады. Делфиндер мен бірге жағаға шықтыңыз.

Сіз қайтадан раушан гүлдің ортасында дем алыңыз. Алыста төбесінде қары көз қаратпайтын тау көрінеді. Ғажайып көлден жоғары көтеріліп кеттіңіз. Биіктей бересіз, көлді бір айналып өтіп жануарларға қарайсыз. Жоғарыдан қараған мүлде бөлек. Тауға қарай бет алдыңыз. Алдыңызда ұшақтар ұшып барады. Үлкен жайылымның үстінен өтіп бара жатқандайсыз. Сізге қарап жақындап келіп, біраз уақыт бірге ұшты.

Ақ қарлы тауға келіп қондыңызда, таудың салқын ауасымен кеудеңізді кере дем алыңыз. Тауды бір айналып өтіп төмен қарай ұштыңыз. Көлдегі раушан гүлге қонып дем алдыңыз. Енді жеңіл көтеріліп, баспалдақ арқылы емен есікке келдіңіз. Есік арқылы  әдемі дәлізден аы қарай өтіп, өз орнымызға келеміз.

Талдау:

Жаттығу кезінде қандай көңіл-күйде болдыңыз?

Қандай сезім пайда болды?

Нені елестете алдыңыз?

Логикалық тапсырмалар: «Ғажайып алаң»

I айналым.

Қараңғыда жымыңдайды, жанады,

Жарық түссе, бірден сөеніп қалады. (Жұлдыз)

Тең тең, тең киіз,

Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)

Таңмен көзін ашады

Әдемі нұр шашады. (Күн)

II  айналым.

Теңізде қандай тас болмайды (Құрғақ)

Қай айда 28 күн бар (барлық айда)

Қандай бөшкеге су көп кетеді (Тесік бөшкеге)

Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг (3 кг)

Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (егер оны мұз етіп қатырса)

Лимонның жартысы неге ұқсайды  (екінші жартысына)

III айналым

1-қатарға

Ең үлпілдек есім
Ең мықты есім
Ең ыстық есім
Ең нәзік есім
Ең берік есім

2-қатарға

Ең күлімсіреген есім
Ең үлкен есім
Ең жабық есім
Ең жұмсақ есім
Ең салқын есім

3-қатарға

Ең жұмбақ есім
Ең жарқын есім
Ең ашық есім
Ең қаһарлы есім
Ең жұпар иісті есім

Дәйексөз:

«Дәйексөз» айдарымен берілген « Ғаламның ғажайып сыры - адамда» деген Чарльз Дьюктің нақыл сөзін оқып, талдау жасағаннан кейін мұғалім өзі қорытындылайды. Дәйексөзде болмыстың ең керемет туындысы адам екендігін, оның мүмкіншілігінің шексіздігі, өмірдегі жетістіктердің көпшілігі адам еңбегінің түсіндіру мақсат етіледі.

«Жүректен жүрекке»

Сабақтың соңында оқушылар шеңберге тұрып, Ж.Сыздықовтың « Кереметтің кілтін бер» өлеңін бір немесе бірнеше оқушы оқып, бір-біріне ризашылығын білдіреді. Мүмкіндік болса, жақсы әуенмен сүйемелдеуге немесе фонограмма қосуға болады.

Үйге тапсырма эссе жазу: Еліміздің керемет ғажаптары видеоролик түрінде көрсетіледі. Сосын оқушыларға «Өлкеміздің ғажайыбы» туралы тақырыпқа эссе жазу тапсырылады.

Қорытындылау: Оқушылардың осы сабақ барысында ұққандарын жүйелі және толыққанды түрде бір шолып қорытындылау.

Сабақты бағалау:

Бағалау парақшасы таратылады. Оқушыларға сабақты бағалау тапсырылады.

Рефлексия: кері байланыс жүргізу,смайликтер арқылы, т.б.

Сабақ барысы қандай?

Ұнаған  жері ...

Ұнамаған жері ...

Менің пікірім, тілегім ...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз